
Ұйымдастырылған іс - əрекетінің технологиялық картасыКүні:1.01.2021: Тəрбиеші:Исмайлова.ГБілім беру саласы: ТанымОқу қызметі: ЖаратылыстануМақсаты: Судың мөлдір екенін, бірақ оның кез-келген түске бояуға немесе ластауға болатынын көрсету. Міндеттері: Балаларды судың қасиетімен, құрамымен таныстыру (дəмі, түсі, иісі); судың тіршілік иесі үшін мəні, қажеттілігі туралы түсінігін кеңейту;Күтілетін нəтижелер:Қайталай алады: судың тіршілік үшін қажет екендігін ұғынып, оның маңызы туралы түсінікті;Түсінеді: судың мөлдір болатынын жəне тіршілік үшін ( адам, жануарлар, өсімдіктер) қажет екендігін түсінеді;Қолданылатын көрнекі құралдар: жобалау-зерттеу технологиясыСөздік жұмыс: сұйықБилингвалды компонент: су-водаКөрнекі құралдары: Үлестірмелі материалдарƏдіс тəсілдер: Түсіндіру, көрсету,үйрету.Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:1 Кіріспе: Сəлемдесу. Шатық-шеңбері.Самал жел бізді желдетші,Күн нұры бізді жарқырат.Таза ауа дем берші,Мөлдір су бізді салқындат.Бүгін мен зерттеуші ғалым болам, сендер менің көмекшім боласыңдар. Зертханада біз қандай ережелерді сақтаймыз. Айқайламаймыз, менің бұйрығымсыз еш нəрсеге тиіспейміз.-Су адамға не үшін қажет екен?-Суды ішеміз, тамақ əзірлеу үшін пайдаланамыз, шомыламыз, киімді жуамыз, үйді тазалаймыз.–Ал енді су кімге жəне не үшін қажет екенін білесіңдер ме?-Иə, сусыз адам да, жануар да, өсімдік те тіршілік ете алмайды. Көрдіңдер ме, балалар судың қажет емес жері жоқ, сондықтан да суды үнемдеп пайдалану керек, суға қоқыстар тастауға болмайды. «Су-тіршілік көзі» деп бекерге айтпаған. Тəжірибе жасап көрсету.Мына ыдыстағы мөлдір суды татып көрейік , дəмі бар ма екен? Енді суға тұз салып көрейік, жəне оның дəмін көрейікші ащы екен.Менде екі түрлі ыдыс бар, пішіндері əр түрлі. Бұлардың ішінде су бар. Судың пішіні қандай? Балалар: Əр түрлі.Тəрбиеші: Су қандай ыдысқа құйылса, сол ыдыстың пішініндей пішінге айналады.– Су қандай зат екен?Сұйық екенБалалар алдымен суды иіскейді, содан кейін апельсин қабығын иіскейді. Осыдан судың иісі жоғын анықтайды.

Сергіту сəті“Жау-жау жаңбыр ” өлеңі-Тамаша, балалар, ендеше мен сендерге бір тəжірибе көрсетейін.Мына үш ыдыста мөлдір таза су құйылып тұр. Кəне енді бəріміз бұл ыдыстағы суға бояулар салып көрейік. Балалар, қараңдаршы, ыдыстағы суымыз өзгеріп бара жатқан сияқты. Енді қараңдаршы мөлдір суымыз қандай су болып кетті .Дұрыс айтасыңдар сары түске айналды.-Келесі ыдыста көк түске айналды.-Соңғы ыдысымыздағы бұл мөлдір суымыз қызыл түске боялды.Сонымен, балалар, суға қаңдайда бір бояу қоссақ не қоссақта мөлдір суымыз түсін өзгерете алады екен.Жарайсыңдар балалар -Сусыз тіршілік жоқ. Су адамдарға, жануарларға, құстарға, өсімдіктерге де керек. Балалар қайталап айтады . Тексерген:Абиева.А