400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Су. Судың қасиеті"

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Судың қасиетін білу. Оны көрсету және тізіп айта білуді үйрету. Судың жағдайын мысал келтіру арқылы дәлеледеу. Топқа бөліп, судың қасиеті туралы білімдерін байқау. 2. Судың дұрыс болуы үшін күреске, ысырапшылдыққа жол бермеуге баулу. 3. Байқау, зерттеу, дәлелдеп сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Су.Судың қасиеті

Мақсаты:
1. Судың қасиетін білу. Оны көрсету және тізіп айта білуді үйрету. Судың жағдайын мысал келтіру арқылы дәлеледеу. Топқа бөліп, судың қасиеті туралы білімдерін байқау. 
2. Судың дұрыс болуы үшін күреске, ысырапшылдыққа жол бермеуге баулу.
3. Байқау, зерттеу, дәлелдеп сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Көрнекілік:
Карта, тірек- сызбалар, графопроектор, жұмбақтар, суреттер, муыка әуені, тәжірибелік приборлар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық икем. «Көрінбейтін сиқырлы» әңгімесімен бастаймын.
Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім күнделікті кездесіп отырады. Сен оны сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты,терезені ашты. Көшемен келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалағанын көресің, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Мұндай сиқыршыны көрмесем де күнделікті ісі, мінез-құлқы бізге таныс. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді. Бұл не? - Ауа
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Иә, балалар осы ауа туралы білгенімізді айталық (сұрақтарға жауап беру). Сонымен ауа –тіршілік көзі. 
Суретпен жұмыс ( әр топ суретті ауамен салу керек. Балық, қайық, бұлт)
- Балық қайда тіршілік етеді?
- Қайық қайда жүзеді?
- Бұлт, қара бұлт болғанда не жауады?
- Күн бұлттанғанда ауа райы қандай күйде?
ІІІ. Жаңа сабақ. Ендеше, біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз –Су. Судың қасиеті. 
Су - тіршілік нәрі. Судың адам өміріне пайдасы не? «жуынамыз, тазалыққа, тамаққа, жан-жануарға, өсімдіктерге, т.б.» Ауызша «су» сөзіне мақал-мәтел, ұйқас құрастыру. 
І топ: Сулы жер-нулы жер.
ІІ топ: Су ішкен құдығыңа түкірме. 
ІІІ топ: Бұлақ көрсең, көзін аш.
Ендеше, балалар, бізге Асан қонаққа келді. 
Оқулықпен жұмыс: 
- Мәтінді түсініп оқу
- Сұрақтарға жауап беру
1. Асан судың қандай қасиетін байқады?
2. Судың мөлдірлігін қалай анықтау керек?
3. Бұлақ жағасы неге ерекшк әдемі?
Сергіту сәті:

Бақа,бақа, балпақ,
Басың неге жалпақ?
Темір-телпек көп киіп,
Басым содан жалпақ.
Бақа,бақа, балпақ,
Көзің неге тостақ?


Көрінгенге көп қарап, 
Көзім содан тостақ.
Бақа,бақа, балпақ,
Бұтың неге талтақ?
Су ішінде көп жүзіп, Бұтым содан талтақ.



Картамен жұмыс. Картадан судың түсін, Қазақстан дүниежүзілік өзен-көлдерін, теңіздерін байқау.
ІҮ. Меңгерту 
Үш топқа тәжірибе орындату. І топ: Сүт пен су
ІІ топ: Сүт пен суға қасық салу
ІІІ топ: Кесеге, стақанға су құю.
Мұғаліммен бірге: Банкаға суды сүзу.
жұғады иісі жоқ
сұйық


мөлдір пішіні болмайды
түссіз
Музыка әуенін тыңдау, дыбыстарды ажырату. 
І топ. Теңіз толқыны.
ІІ топ. Сарқырап ағып жатқан су.
ІІІ топ. Бұлақ суы.
Келешекте жоғары сыныпта физика пәнімен танысасыңдар. Осы пәнде судың күйі туралы толық мәлімет аласыңдар. 
Ү. Бекіту.
Жұмбақ шешу: 
1. Жылт –жылт етеді, 
Жылғадан өтеді. (су, сұйық күйі)
2. Өзі судан жаралған, 
Бірақ судан қорқады. ( мұз, қатты күй)
3. Көзге көрінгенімен,
Ұстасаң, қолға ілінбейді ( бу, газ күйі)

Сұйық Мұз
Жаңбыр су Газ қырау, қар, бұршақ
Бу, тұман
Осы жұмбақтарда судың қандай жағдайлары айтылған?
Бір жағдайдан екінші жағдайға көшуге мысал келтіру.
ҮІ. Қорытынды.
1.Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса, тіршілік болмас еді,
Судың біздер біле тұра маңызын, 
Көп болған соң ұмытамыз пайдасын.

Су қандай? Су не істейді? «Су» сөзіне сөйлем құрау

ҮІІ. Үйге тапсырма: 41- 44 беттегі мәтіндерді оқу. 
«Су – тіршілік көзі» тақырыбына сурет салу
ҮІІІ. Бағалау 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
640
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі