Бекітемін: __________________
Класы: 2
«А» Уақыты: 22. 11. 2016 Пәні:
дүниетану
Мұғалім:Коныршиева К.Х.
Сабақтың
тақырыбы: Су. Судың
қасиеттері.
Сабақтың
мақсаты: Судың қасиеттерін
меңгерту. Суды тиімді пайдалану
үнемдеу.
Міндеттері:
білімділік: Оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру.
Практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және
қорытынды шығара білуге үйрету.
дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын жуйелі түрде баяндауын, түсініп
оқуын, ойлауын, есте сақтау қабілеттерін
дамыту.
тәрбиелік: Туған жердің экологиясын
қорғауға үлес қосу , табиғатты сүюге, оны
қорғауға, ұқыптылыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, глобус, үнтаспа,
тәжірибеге қажетті заттар.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақтың
әдісі: Сұрақ - жауап,
түсіндіру, әңгімелеу, топтастыру, сызба, топпен жұмыс, семантикалық
картамен жұмыс практикалық жұмыс.
Пәнаралық
байланыс: Әдебиеттік оқу, математика, еңбекке
баулу
Сабақтың
барысы:
І Ұйымдастыру
бөлімі
ІІ Оқушыларды психологиялық
дайындау
Мынау менің жүрегім, Бәрі осыдан
басталған
Мынау басм ақылды. Бәрін осы
басқарған.
Мынау менің оң
қолым,
Мынау менің сол
қолым,
Барлық істі
атқарған
Топқа бөліп
отырғызу
Үй
тапсырмасын тексеру. Топпен жұмыс.
Ауа. Ауаның маңызы
І топ. 1. Ауа туралы не білеміз?
ІІ топ. 2. Ауаның қандай қасиеттері бар?
ІІІ топ. 3. Ауаның табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
қандай?
ІҮ топ. 4. Ауа неден
ластанады?
Ү топ. 5.Ауаны қалай қорғауға болады?
ІІ Үй
тапсырмасын бекіту.
Ойын
1.Жердің
айналасын ауа
қабаты қоршап тұр.
2. Адам ауасыз бірнеше
минут қана өмір сүреді.
3. Ауаның қасиеттері: түссіз, мөлдір,
иіссіз.
4. Өсімдік ауадан көмірқышқыл газын сіңіре
отырып, оттегін шығарады.
5. Зауыттар, фабрикалар,
көліктер ауаны ластайды.
Оқушылар айтыңдаршы
тіршілік үшін ауадан басқа бізге не қажет
(су)
Ауа, тамақ, жарық,
жылу, СУ
Ендеше бүгінгі сабақта су
туралы білімімізді толықтырамыз.
Т кестесі білемін, білгім
келеді, білдім, үйрендім
|
білемін
|
Білгім
келеді
|
Білдім,
үйрендім
|
|
|
|
|
Су туралы не білеміз? Білемін
деген бөлімге толтырып отырамыз
ІІІ Жаңа сабақ: Су туралы түсіндіру, әңгімелеу
«Су өмір нәрі» деп халық бекер
айтпаған болар. Сусыз тіршілік жоқ. Адам, өсімдік, жануардың
барлығы сусыз тіршілік ете алмайды. Слайд
- Асан судың қандай қасиетін
анықтады?
- Судың мөлдірлігін қалай анықтауға
болады?
- Бұлақ жағасы неге ерекше
әдемі?
- Адаммен судың байланысы туралы әңгімелеп
беріңдерші?
Оқулықпен
жұмыс:Тәжірибелер жасау
арқылы судың қасиеттерін анықтайды,
зерттейді.
І топ тәжірибені оқып,
жасайды.
Картада су көк түспен белгіленген. Су
жердің төрттен үш бөлігін алып жатыр. Сусыз өмір жоқ. Су – тіршілік
көзі. Ол – сұйық зат. Өзен, көл, теңіз, мұхиттарды
құрайды.
Сарамандық жұмыс
Судың қандай қасиеттері бар? Оны тәжірибе
жасау арқылы анықтауға болады.
І топ.
1-тәжірибе: Су –
түссіз.
Стаканға сүт, ал екіншісіне су құйып,
екеуін салыстыру. Сүт – ақ, ал су – түссіз. Суды аз мөлшерде алсақ,
ол түссіз. Ал өзен, көл суларының сулары әр түрлі болады. Оның
себебі судың тереңдігіне байланысты, терең жердің суы көгілдір
болады.
ІІ топ:
2-тәжірибе: Су –
мөлдір.
Екі стаканның біреуіне сүт, біреуіне су
құю. Олардың ішіне қасық салу. Қайсысы анық көрінеді. Неге ?
Судың түсі
жоқ, ол мөлдір
ІІІ топ.
3-тәжірибе: Су – дәмсіз, таза
судың дәмі болмайды.
ІҮ топ.
4-тәжірибе: Су – иіссіз, таза
судың иісі болмайды Судың тұрақты пішіні
болмайды.
Стакандағы суды кесеге, тәрелкеге құю. Ол
қандай ыдысқа құйылса, сондай пішінге ие
болады.
Ү топ.
5-тәжірибе: Керек заттар:шикі жұмыртқа, стақан, бірнеше шай
қасық тұз.\
1.Стақанға таза су құйып, суға шикі
2.Жұмыртқаны стаканнан
шығарып
жұмыртқаны саламын.Жұмыртқа
қоя
тұрып, стақандағы суға тұзды
су
түбіне батып кетеді .
Жақсылап
ерітемін.

3.Енді жұмыртқаны
қайтадан ♦Тұз судың тұздылығын
арттырады. судағы
осы суға саламын.
Жұмыртқа тұздың мөлшері
көбейген сайын оның
суға батқан жоқ!
тығыздылығы күшейіп, ол суға түскен кез келген зат батып кетпей су
бетінде қалқып жүреді.
Судың тұздылығы артқан
сайын, оның тығыздылығы кез келген зат батып кетпей қалқып
жүреді.
Барлығы: 6-тәжірибе: Су
– сұйық, ол ағады. Суды кез-келген беті тегіс нәрсеге құйып көру.
Ол жан-жағына аға бастайды. Себебі, ол –
сұйық.
7-тәжірибе: Су –
жабысқақ. Тасты суға малып алсаң, ол су-су болып шыға келеді. Яғни,
су – жабысқақ.
Тәжірибені
қорытындылау.
1. Судың нақты пішіні
болмайды.
2. Судың түсі жоқ. Ол
түссіз.
3. Су –
мөлдір.
4. Судың дәмі
жоқ.
5. Судың иісі
жоқ.
6. Су
сұйық. Ол
ағады.
Сурет бойынша
жұмыс:
Судың күйлерімен
таныстыру
Сарамандық
жұмыс
.● Біреуіне су құйылған екіншісі бос екі
стакан ал. Бос стақанға бірінші стақандағы суды құямыз. Бірінші
стақаннан екіншісіне су құйылады. Яғни, су
ағады.
● Суды кез келген тегіс нәрсеге құйып
көрейікші.Ол жан-жағына аға бастайды, себебі ол
қандай? (сұйық)
Аққан су түгел жоқ болып кетті ме? Оның
орнында дымқыл, сулы із қалды.Су жұғады екен.Бірақ артынша ол да
жоқ болады. Кеуіп кетеді.Кез келген затты суға малып алсаң ол да
су-су болып шығады.Су
жабысқақ
Ү. Ой толғаныс (Логикалық
тапсырма)
♦ Аналарың кір киімді жуады. Жуылған киімді
далаға жаяды. Ол біраздан кейін кебеді.Ойланыңдаршы!Оның бойындағы
су қайда кетті?
/Күн көзі жылуынан су буға айналды. Бу ауаға
араласты.
♦Жазда шомылып рахаттанған өзеннің қыста
қандай пайдасын көресіңдер? Қыста оаның үстінде конькимен
сырғанайсыңдар. Енді, бұл мұз қайдан
келді?
/Қысқы суық, аязда су қатып,мұзға
айналады./
Судың үш күйі
бар.
Сұйық су,
тамшы, газ
бу,
қатты қар,
мұз
Судың үш
күйі
Сұйық газ
қатты
Су, тамшы, жаңбыр,
өзен, бу қар, мұз
көл, теңіз, мұхит,
бұлақ
Бақылау күнделігімен жұмыс
1, 2, 3, 4, ғ - тапсырмаларды орындайды, жұптық
жұмыс.
Судың қасиетінің астын
сызады;
дұрыс пікірді бағыттауыш
сызықпен қосады;
Ерігенде судың мұзға
айналуы
Қатқанда судың буға
айналуы
буланғанда мұздың суға
айналуы
моторлы қайықтың
.....
шулы музыканың әсерін
анықтайды
Сергіту
сәті:
Артық болмас
білгенің.....
Әр топқа парақша арқылы
қосымша мәліметтер таратылады.
Шығармашылық тапсырма; топтық
жұмыстар:
І топ: Жұмбақ шешеді, шешуі
бойынша топтастырады.
ІІ топ: Т кестесін толтырады,
не білдім?
ІІІ топ: Жер бетіндегі судың
таза болуы онда тіршілік ететін адамдарға байланысты. Сондықтан
суды қорғау үшін .....
ІҮ топ. Семантикалық карта
толтыру
Ү топ: Бес жолды
өлең.
Топтар постерлерін
қорғайды.
Сабақты
бекіту Ыстық
орындық
Әр топтан бір оқушыдан
сұрақтарға тез тез жауап беруі тиіс.
1.Судың қасиеттерін
ата?
2.Судың маңызын
ата.
3.Судың пішіні, түсі, дәмі
бола ма?
4.Адам сусыз неше күн өмір
сүре алады?
5. Осы өз облысымыздағы су
көздері өзен, көлдері туралы не білесің?
6.Судың денсаулыққа пайдасы
бар ма?
7.Судың қатты күйін ата. Су бу
мұз осы үшеуін пайдалана отырып, қысқаша
әңгімеле
8.Судың сұйық күйлерін
ата?
9.Судың газ күйі қалай
аталады? Самаурындағы су қайнағанда азаяды?
Неліктен?
10.Су көліктерін
ата?
11.Судың қандай зияны
бар?
12. Жер бетіндегі судың неше
пайызы ғана тұщы?
13. Су табиғат байлығы дегенге
келісесің бе?
14. Ең таза су қайдан
алынады?
15. Суды қорғау үшін қандай
жұмыстар жүргізу керек?
Кері
байланыс:
Маған сабақ қатты ұнады,
тамаша, өте жақсы мәліметтер ала алдым десеңіз, ең қымбат кеме
қолыңыздағы су тамшысын кеменің суретіне
жапсырасыз
Ал маған сабақ жақсы өтті, аз
ғана мәлімет алдым, әлі де айталмай қалған мәлімет көп десеңіз
бағасы арзандау қайықтың суретіне,
Мен бұның барлығын бұрыннан
білемін , сабақ млдем ұнаған жоқ десеңіз өте қолжетімді үрілген
шардың үстіне жапсырасыз.
Бағалау. Сабаққа қатысқан
оқушыларды белсенділігіне қарай бағалау.
Үйге тапсырма: 41-43 беттер,
түсініп оқу, мазмұндау. Суды қорғаңдар эссе
жазу.
Сабақ аяқталды ! Сау
болыңыздар!