400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Су. Табиғаттағы су айналымы" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниетану. Су. Табиғаттағы су айналымы.
Материалдың қысқаша нұсқасы


14.11.2016 жыл

Дүниетану

Сабақ тақырыбы:Су. Табиғаттағы су айналымы.

Сабақ мақсаты:

Білімділік: судың қасиетін еске түсіру; табиғаттағы су айналымы туралы түсінік қалыптастыру,

Дамытушылық: логикалық ойлау, танымдық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімді игерту

Сабақтың әдісі: "АВСD" әдісі, "Түрткі сұрақтар" әдісі, "Түсіндір, көрсет, дәлелде" әдісі, "Алақан" әдісі, тәжірибе жасау.

Сабақ көрнекілігі: бейнежазба, презентация, А4 парағында дайындалған тапсырмалар, суреттер.

Сабақ барысы:

Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру

"Табиғат ғажаптары" /оқушылар шеңберге жиналып айтады /

Табиғат, сен тіршілік, тұнып тұрған,

Сен - Күнсің, көтерілген күліп қырдан.

Сен - Көлсің,

Сен - Ормансың,

Сен - Бұлбұлсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

/оқушылар ортада шеңдер бойында орындайды/

Топқа бөлу "Мозайка құрастыру" /сурет қиындыларының артында аттары жазылған, табиғат құбылыстарын құрастырып шығарады да, топқа бөлінеді/

"АВСD" әдісі

Өткен тақырыптарды тест сұрақтарына жауап беру арқылы пысықтау.

/қолдарында берілген "А", "В", "С", "D" әріптері салынған жетондардың сәйкесін көтереді/

1.Жерден мұнаймен бірге тағы шығады?

А)газ В)су С)бос жыныс D)өзі

2.Темір кені деген не?

А)бос жыныс В)құрамында металл бар тау жынысы С)құнарлы топырақ D)осының бәрі

3.Көкжиектің тұстарын ненің көмегімен анықтайды?

А)сағат В)Оңтүстік С)құбылнама D)Шығыс

4.Әлем бойынша фосфор көп шоғырланған жер?

А)Ақтау В)Маңғыстау С)Қаратау D)Ақтөбе

5.Қазақстан пайдалы қазбаның қай түрі бойынша әлемнің алғашқы он елінің қатарында тұр? А)мұнай В)таскөмір С)алтын D)күміс

6.Қазақстан қай материкте орналасқан?

А)Оңтүстік Америка В)Еуразия С)Австралия DАнтарктида

7.Әлемде Қазақстан аумағы бойынша нешінші орында?

А)1 В)10 С)9 D)3

8.Қандай пайдалы қазбалар кенге жатпайтын пайдалы қазбалар деп аталады?

А)табиғи күйінде пайдаланатын қазбалар В)олардан металл алады С)мұндай пайдалы қазба жоқ D)құрамында металл жоқ

9.Ас тұзын қайдан игереді? А)жер астынан В)тартылған және тартылмаған тұзды көлдерден С)жер бетінен D)мұхиттардан

10.Тау деген не? А)жер бетінің өте биік жерлері В)терең шұңқыр мен жазықтар

С)онша биік емес төбелер D)жазық жерлер

І. Қызығушылықты ояту."Түрткі сұрақтар" әдісі

/слайдта айналып тұрған глобус суреті көрсетіледі, оқушылар глобустың басым бөлігі көк түс екенін аңғарып, сабақтың суға байланысты екенін түрткі сұрақтар арқылы өздері табуы керек/

-Балалар, мына суретке қарайықшы.

-Бұл суретте не көріп тұрмыз?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар, бұл - глобус.

-Глобус дегеніміз не?

-Глобустан не көріп тұрмыз?

-Иә, екі түрлі түсті көріп отырсыңдар. Ол нені білдіреді?

-Қалай ойлайсыңдар, мен неліктен глобусты көрсетіп отырмын?

/балалардың жауаптарын тыңдау/

-Дұрыс айтасыңдар жер шарының көп бөлігін су алып жатыр.

-Балалар, біз бүгінгі сабақта "Су.Табиғаттағы су айналымы" тақырыбын қарастырамыз, оның не екенін оқып, тәжірибе жасап білетін боламыз.

-Дәптерімізді ашып, күн ретін, тақырыпты жазып қояйық.

ІІ. Мағынаны тану.

- Сонымен, балалар, табиғаттағы су айналымын мына бейне жазба арқылы көрейік.

"Су айналымы" /бейнежазбадан көрсету/

Оқулықпен жұмыс

"Түсіндір, көрсет, дәлелде" әдісі

- Осы көргенімізді оқулықтағы мәтінмен салыстырайық.

/А4 парағына алдын - ала теріп дайындаған мәтінді таратып беремін, оқушылар өз бетімен оқып, суреттерді пайдалана отырып түсінгендерін жазып, тақтада көрсетеді./

Мәтінді оқу. Мәтінмен жұмыс жүргізу.

Су - ғажайып зат. Олай деуіміздің бірнеше себебі бар. Табиғаттағы су үш түрлі: қатты, сұйық, газ тәріздес бу күйінде кездеседі.

Су - тіршілік көзі. Сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Сондықтан ағзалар денесі 50 - ден 90 пайызға дейін судан тұрады. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 кг су бар. Оның мөлшері 17 кг - нан кемісе, адам халі нашарлайды. Адам су ішпей бір апта ғана шыдай алады.

Су - табиғатта ең көп таралған зат. Біз ғаламшарымыздан суы жоқ жерді таба алмаймыз.Табиғатта су бірде жылып, бірде суып және буланып тұрады. Су булары жиналып, ауаға көтеріліп, аспанда бұлт түзеді. Бұлттағы су тамшылары бір - бірімен қосылып, ауырланады. Бұлт қоюланып, жауын -шашын болып жерге түседі.

Судың біразы топыраққа сіңеді. Жердің қабаттарынан өтіп, су өткізбейтін қабатта жиналады. Жер астынан су жол тауып, тұма немесе бастау түрінде сыртқа шығады. Бұлақ- басы тұмадан /бастаудан/ басталып, баяу ағатын кішігірім су.

Судың жер бетідегі шалғын, дала және орманға түскен бөлігі жылғалармен ағып, өзендер мен көлдерге қосылады. Күн сәулесінің әсерінен ағаштар мен өсімдік жапырақтарындағы, бұлттар мен шөптесін өсімдіктердегі су буланады.

Жылға, өзен, көл беттерінен де су буланып, аспанға көтеріліп, бұлтқа айналады. Содан соң жауын - шашын түрінде қайтадан жерге түседі. Табиғаттағы су осылайша айналып жүреді. Мұны табиғаттағы су айналымы дейді.

Осылайша су бір күйден екінші күйге айналады. Ол мұхиттар мен теңіздерден құрлыққа, қайтадан құрлықтан суға ауысып, айналым жасайды. Судың мұндай табиғаттағы айналымы үздіксіз жүріп отырады.

/Әр топтан бір бала тақтаға шығып, құрастырған тірек – сызба, суреттер бойынша ойларын қорытындылап, түсіндіреді/

Т әжірибе жасау .

Ы дысқа сү құйып, қайнатамыз. Су қайнағаннан кейін қақпағын жабамыз. Судан бу көтеріледі. Қақапақ біраздан кейін терлей бастағанын байқадық. Пайда болған су тамшылары бір-біріне қосылып ұлғаяды да,көтере алмай, бар салмағымен төменге тамшылай бастайды.

-Бұл нені білдіріп тұр?

Тәжірибе қорытындысы.

Су алдымен бу түрінде жоғары көтеріліп, салқындады. Бу суға айналды, су қайтадан төмен қарай тамшылай бастады. Бұл қозғалыс қайталана береді. Сөйтіп су айналымы жасағандай болды.

Сергіту сәті

"Судың ластану себептері" /бейнежазбадан көрсету/

ІІІ.Ой толғаныс.

Жеке жұмыс. /әр оқушыға тапсырма беремін/


Рефлексия "Алақан" әдісі

-Бүгінгі сабақтан үйренгендеріңді жазып, өздеріңе баға беруді ұсынамын.

• бас бармақ - маған өте қызық ......

• балаң үйрек – мына сұраққа мен толық ақпарат алдым ...

• ортан терек – маңызды болған ...

• шылдыр шүмек – маған қиын болды ...

• кішкен бөбек – маған жеткіліксіз болды...

/жазғандарын оқып, дөңгелектегі суретке жапсыру/

Бағалау.

Үйге тапсырма: Қазақ халқының суға байланысты тыйым сөздерін жазып келу, мәтінді оқу.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1331
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі