400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Су табиғаттың баға жетпеc байлығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Су табиғаттың баға жетпеc байлығы мақаласы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Су табиғаттың баға жетпеc байлығы



Су біздің өміріміздің бір бөлшегі және адам өмірінің баға жетпес байлығы. Ғаламшардың көп бөлігін қоршап тұрған су, көптеген тірі ағзалардың да мекені болып табылады. Тіршіліктің негізі және тірі ағзалардың өсуі мен дамуы үшін су қажет. Су арқылы адамзат тамақ дайындайды, түрлі сусындар дайындайды, киім жуады, өсімдіктерді өсіреді. Егін алқаптарынан да мол өнімді алудың бірден бір көзі, ол жақсы суару. Міне, судың рөлі маңызды екені де, осыдан білуге болады.

Су өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада да қолданылады. Біз пайдаланып отырған энергия көзі - су электр станцияларында өндіріледі. Сол себепті су электр энергиясын өндіру үшін қолданылады.
Су маңызды климаттық фактор болып табылады. Ол қоршаған ортаның температурасын реттейді және ауа райы жағдайына әсер етеді. Су ландшафттың маңызды элементі болып табылады. Ол планетаның сыртқы келбетін қалыптастыратын өзендер, көлдер, теңіздер мен мұхиттарды құрайды. Ол – табиғаттағы ерекше және маңызды құбылыс. Алайда қазіргі уақытта су тапшылығы барлық планетада тұр. Көп елдерде су жетпейді, сол себепті алқаптар өспейді. Адам баласы қазіргі уақыттан бастап суды үнемдеуі керек. Ол суды ұтымды пайдаланып, оның ластануына жол бермеуі керек. Су – құнды ресурс, оны келешек ұрпаққа сақтап қалуымыз керек. Барлық табиғатқа, жан-жануарға қамқорлық жасауымыз керек.Мен отбасыммен бірге экологияны жақсы көреміз, сол себепті суды, электр жарығын үнемді пайдалануға тырысамыз. Сондай-ақ суды ағыздырып қоймаймыз. Себебі болашақ бізден, біздің әр қадамымыздан басталады.

Бірде, анам екеуміз көп қабатты үйде тұратын әпкемнің үйіне бардық. Сол үйде бауырым суды ағызып, қолын сабындады да ұзақ қолын жуып тұрды. Сол кезде менің ойыма осы көпқабатты үйде 87 пәтер бар, және әр пәтерде 4-5 адамнан тұрса, олар да осылай суды ағызып тұрса күніне мыңнан аса литр су босқа ағып кететінін түсіндім. Ал қалада осындай көпқабатты үй 100-ден асады. Әрбір тұрғын осыны түсініп, суды үнемдесе екен деп ойлаймын.

Сондай -ақ елімізде бөгеттерді, су қоймаларды, су ағынын дұрыстап тұру керек, себебі келешекте су тапшылығы болмайды.

Сондай -ақ мектеп түлектеріне «Эколог» мамандығын таңдауды сұраймын. Себебі, біріншіден ол қызық мамандық, ол мамандықты көп адам таңдай бермейді, және адамзатқа мол үлесіңді тигізесін, жобалар жасайсын. Қорытындылай келе мен әрбір адамазатты табиғатты қастерлеп, құрметтеуге, суды үнемдеуге шақырамын. Себебі ол адам өмірінде және жер бетіндегі барлық тіршіліктің иесі.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11.10.2024
283
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі