400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Су тақырыбына байланысты іс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Су тақырыбына байланысты іс шара сценариі
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Қармақшы аудандық білім бөлімі №273 орта мектебі»







ҚОРЫТЫНДЫ КЕШ

Тақырыбы:«Табиғат аманаты-су»

(жас мамандар апталығы 20.02.2026 ж)


Shape1




Жауапты –Ұлықова Зарина,Акжигитова Гулдана

5-9 сыныптар






Байқоңыр қаласы,2026 жыл



Тақырыбы: «Табиғат аманаты-су»

Мақсаты: Оқушыларға судың адам өмірі мен табиғаттағы маңызын түсіндіру, су ресурстарын қорғау мен үнемдеудің қажеттілігін ұғындыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;

Су тапшылығы мәселесіне назар аударту (мысалы, Арал теңізі жағдайы арқылы);

Көрнекілігі: презентация,тақырыптық суреттер.

Жауапты: Ұлықова Зарина,Акжигитова Гулдана

Қатысушылар: 5-9- сыныптар

Өткізу формасы: қорытынды кеш

Сабақ барысы:

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі.

2. «Арал тағдыры» көрініс.

3. Аралдан ұшқан аққулар әні

4. Сырдария монологы

5. Қорытынды

Жүргізуші 1: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Бүгінгі «Су және Білім жобасы» аясында өткізілген «1 апта 1 ой:Суды қалай қорғаймыз?» жас мамандар апталығының қорытынды кешіне қош келдіңіздер!

Су – тіршілік нәрі, өмір бастауы. Табиғатты қорғау — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.


Жүргізуші 2:

Иә, адамзаттың өмірі судан басталады. Су – жердің жүрегі, табиғаттың әуені, тіршіліктің тынысы.

Бүгін біз су туралы білімімізбен бөлісіп, табиғатты қорғаудың маңызын көрсетеміз.


Жүргізуші 1: Бүгін біз тағдыры талайға сабақ болған, жүрекке мұң ұялатқан қасиетті мекен – Арал теңізі туралы ой қозғаймыз. Бір кездері айдын шалқар болып, талай жанға ырыс-несібе сыйлаған теңіз бүгінде адам қолымен жасалған экологиялық қасіреттің символына айналды.

Арал – бұл тек географиялық нысан емес. Ол – тарих. Ол – тағдыр. Ол – табиғат пен адам арасындағы байланыстың айнасы.

Жүргізуші 2:

Бүгінгі шарамызда біз Аралдың өткеніне көз жүгіртіп, бүгінгі жағдайына тоқталып, болашағына үмітпен қарамақпыз. Табиғатты аялау – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз екенін естен шығармайық.

Ендеше, «Табиғат аманаты-су» атты шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер!


Көрініс: Арал тағдыры

Ән: Аралдан ұшқан аққулар

Жүргізуші 1: Арал теңізі – бұл тек бір айдынның емес, бүтін бір ұрпақтың тағдыры. Оның тартылуы – табиғатқа жасалған қиянаттың айқын дәлелі, ал қайта жандана бастауы – үміттің өшпегенінің белгісі.

Арал бізге бір ақиқатты үйретті: табиғат – адамзаттың аманаты. Егер біз оны қорғасақ, ол да бізге өмір сыйлайды. Сондықтан Аралдың тағдыры әрқайсымызға ой салып, болашақта табиғатқа жанашыр болуға шақырады.

Аралдың толқыны қайта шалқысын десек, жүрегіміз де табиғатпен бірге соғуы керек.





Жүргізуші 2: Көп ғасыр бойы ұлы теңізді өмірмен сусындатқан екі өзен бар.

Олар — Сырдария және Әмудария.Сыр бойы – еңбеккер халықтың мекені.

Қарапайым шаруа, тер төккен диқан – осы дарияның арқасында әлеуетін арттырды.

Сырдария – тек өзен ғана емес. Ол – миллиондардың несібесі.

Күріш алқаптарын суарып, дархан даланың ырысын еселеп тұр.

Монолог: Шылмырзаев Диар

Ән: Бахытова Нұрай «Сырдария»


Жүргізуші 1: Тянь-Шаньнан бастау алған Сырдария даланы жарып өтіп, мыңдаған шақырымды артқа тастап,Аралға сол жақтан келіп жан беретін. Ал Памирден күш алған Әмудария шөл мен жазықты кесіп өтіп, теңізді оңтүстіктен толтырып тұратын.


Жүргізуші 2: Бұл екі өзен — Аралдың жүрегіне от берген қос тамыр еді.

Олардың ағысы тоқтаса, теңіз де тоқырайды.

Ағыны мол болса, айдын да жайнап тұрады.


Бүгінде Арал тағдыры — бәрімізге ортақ міндет.

Су — табиғаттың емес, адамзаттың өмірі.

Су бар жерде — тіршілік бар.


Құрметті қауым,

өзеннің де, теңіздің де болашағы біздің қолымызда екенін ұмытпайық!

Жүргізуші 1: «Су және Білім жобасы» аясында өткізілген «1 апта 1 ой:Суды қалай қорғаймыз?» жас мамандар апталығында өткізілген іс-шараларымызға назар аударыңыздар.

Видео.

Қорытынды ән: Аралым

Жүргізуші 2: Ендігі сөз- бүгінгі шарамызды қорытындылау үшін сөзді мектеп директоры Ш.М.Шингисоваға беріледі.

Қадірменді қауым!Су — табиғаттың бізге берген ең қымбат аманаты. Оны сақтау — келешекке деген жауапкершілігіміз. Бүгінгі шара осы ойды тағы бір мәрте терең сезінуге мүмкіндік берді. Қатысып, өз үлестеріңізді қосқандарыңызға рақмет!

















Анықтама

Ақпан айының 09 күні Хантәңірінің мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай өткізілген «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» тақырыбындағы Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің мектепішілік семинар аясында өткізілген «Әр өлеңі- бір әлем» тақырыбында 9-11 сыныптар арасында әдеби сазды кеш өтті.

Мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали ақынның шығармаларын насихаттау,оқушыларымыздың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең арқылы халқына, тіліне, Отанға деген сүйіспеншілігін ояту.Кеш барысында оқушылар Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерімен сөздеріне жазылған әндерін орындады.Әндерінің шығу тарихына тоқталып,Мұқағали ақынның шығармашылығына терең бойлады.Абаймен үндестігін саралап , екі ғасырдың Гомерлерінің шығармашылығын байланыстырды.

Осы мен өлмейтін шығармын,

Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын,-деп ұрпағына сөзімен ешқашан ұмтылмайтын өлеңдерін аманат еткен жыр семсері Мұқағалидың туған күніне арналған әдеби -сазды кешті көрермен көңілінен шыққан әдемі сөздермен өрнектеді.


Жауапты -Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Раманкулова Г.А.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 сәуір
16
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі