Су тіршілік көзі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Су тіршілік көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың су туралы түсініктерін молайту. Судың қасиеттерімен таныстыру. Ойын,тілін,байқағыштығын,білімқұмарлығын дамыту.Судыоластамауға,қорғауға,таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы сурет салуомүмкіндіктерін,шығармашылықоқабілеттерін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ересектер тобында ашық оқу қызметі.

Тақырыбы: Су тіршілік көзі

Мақсаты: Балалардың су туралы түсініктерін молайту. Судың қасиеттерімен таныстыру. Ойын,тілін,байқағыштығын,білімқұмарлығын дамыту.Судыоластамауға,қорғауға,таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы сурет салуомүмкіндіктерін,шығармашылықоқабілеттерін арттыру.

Керекті көрнекіліктер: Слайд,бұлақ,су,тіс пастасы, қылқалам, мақта, желім, ақ қағаз, түрлі түсті бояу.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші:Балалар бүгін бізде ерекше күн. Бүгін біздің оқу қызметімізге көптеген қонақтар келіп отыр.Ендеше қонақтармен амандасайық.

Балалар қонақтармен амандасады.

Шаттық шеңбері :

Күн саулесін шашып жарқырағаның үшін рахмет!

Жер, дем беріп күш қосқаның үшін рахмет!

Аспан , таза ауа бергенің үшін рахмет!

Ағаш, көлеңкең үшін рахмет!

Табиғат, сұлулығың үшін рахмет!

Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рахмет!

Су, өмірдің нәрі болғаның үшін рахмет!

Ауамыз таза болсын!

Суымыз мөлдір болсын!

Picture 6

Балалар отырады.

Тәрбиеші:

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын Сендер жауабын тауып көріңдер:

Жұмбақ:

Дәмі де жоқ,түсіде жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ. Бұл не? ( Cу )

Балалар отырады.

Тәрбиеші: Су не үшін қажет?

Балалардың жауабы: Шомылу үшін, ішу үшін, тамақ пісіру үшін,гүлдерді өсіру үшін.және т.б

Тәрбиеші: Жер бетіндегі судың бәрін іше беруге болама?

Балалар: Жоқ болмайды.

Тәрбиеші: Су тұщы, ащы болады.Адамдар құбырдан аққан тұщы суды ішеді. Ал өзен, көлдердің,теңіздің сулары ащы болады.Оны егіншілікке, шаруашылықтарға пайдаланады Суда балықтар тіршілік етеді.

Судың қандай түрлері бар?

Балалар: Сұйық,газ тәріздес

Тәрбиеші: Су қай кезде қатты күйге айналады?

Балалар: Егер суды салқын жерге қойсақ ол сұйық күйден қатты күйге айналады.Мұз болады.Ал салқын жерден жылы жерге қойсақ ол қатты күйден сұйық күйге айналады.Су болады.

Picture 7














Тәрбиеші: Балалар біз бүгін су туралы көбірек білу үшін табиғатқа саяхатқа шығамыз.

Бұлаққа барамыз.

Балалар тәрбиешінің артынан еріп жүреді.Алдарынан Қария шығады.




Picture 40









Балалар қариямен амандасады.

Балалар:Сәләматсызба ата?

Ата: Амансыңдарма балаларым.Жол болсын!Қайда бара жатырсыңдар?

Тәрбиеші: Ата біздің балалар су туралы көбірек білгісі келеді.Бұлақтың басына барып судың дәмін татып судың қасиеттерімен танысқысы келеді.

Ата:Балаларым талаптарың жақсы екен.Көп оқып,көп білген жақсы.Сусыз тіршілік жоқ.Сусыз адамда,жануарда,өсімдікте өмір сүре алмайды.Суды босқа төгіп шашып ысырап қылмау керек.Мен осы жердің қараулышысымын.Осы жерде күні түні сылдырлап ағып жатқан бұлақ бар.Адамдар шаршап келіп осы бұлақтан су ішіп шөлін қандырады. Мен осы бұлақтың көзі бітеліп қалмау үшін қоқыстардан тазалап,таудан домалап түскен тастардан аршып тұрамын.Бұл бұлаққа бару үшін сендер менің тапсырмаларымды орындауларың керек.Тек сонда ғана мен сендерді бұлаққа жібере аламын.

Жүргізуші:Ата айтыңыз тапсырмаларыңызды.Біздің балалар алғыр,білгір.

Ата: Су туралы мақал мәтел ,тыйым сөздер айтыңдаршы?

  1. СPicture 2 улы жер,нулы жер

  2. Су бар жерде, ырыс бар

  3. Судың да сұрауы бар

  4. Су ішкен құдығыңа түкірме

  5. Суды төкпе

  6. Судың бетін ашық қалдырма

  7. Түнде суға барма

  8. Таулы жер бұлақсыз болмас

  9. Сулы жер құрақсыз болмас

10.Су анасы-бұлақ

Сөз анасы-құлақ

Су туралы тақпақ білесіңдерме?

Сылдырлайды мөлдір су

Мөлдір суға қолыңды жу

Жуынсаң сен әрдайым

Аппақ сенің маңдайың

Табиғаттың досы

Су дегенің осы

Су туралы өлең білесіңдерма?

Ән «Жаңбыр»

Ата: Жарайсыңдар балаларым!Сендер білімді екенсіңдер.Енді менің соңғы тапсырмамды орындасаңдар мен сендерді бұлаққа жіберемін.

Тапсырмалар:

1.Қағаз бетіне бұлттың,жаңбырдың суретін салу

2.Мақтаны жұлып жапсыру арқылы бұлт жасау.

3.Тіс пастасын қолдану арқылы «ақша бұлттар» жасау.

Балалар тапсырмаларды орындайды.

Ата: Жарайсыңдар балаларым! Сендер білімді балалар екенсіңдер.Енді сендер бұлақтың басына барып,суын ішіп , шөлдеріңді қандырыңдар.Сәт сапар балалар!Жолдарың болсын! –деп ата шығып кетеді.

Балалар бұлақтың басына келеді.

Бұлақ: Саламатсыздарма балалар.Қош келдіңдер! Менің бұлағымның суы сарқылмай ағып, әрлі-берлі жүрген жолаушылар суымды ішіп шөлін қандырады.Сендерде суымды ішіп,шөлдеріңді қандырыңдар.

Балалар бұлақтың суын ішеді.

Тәрбиеші:

Балалар судың дәмі қандай?

Судың түсі қандай?

Пішіні барма?

Суды ластауға болама?

Тәрбиеші:: Балалар бұлақтың суы қандай мөлдір,мұздай. Адамдар осы бұлақтың басына келіп ,демалып, шөлін қандырады.Сондықтанда балалар әрқашан суды босқа төгіп шашпай,ластамай,айналасындағы қоқыстарды жинап таза ұстау керек..Қазақта «Су ішкен құдығыңа түкірме» деп айтады ғой.Сусыз тіршілік ету мүмкін емес.Судың түсін де, дәмінде әр түрлі қоспалар қосу арқылы өзгертуге болады,Балалар біз келесі оқу қызметімізде тәжірбие жасау арқылы судың түсін,дәмінің өзгергенін байқайтын боламыз.Енді тобымызға қайтайық.Балалар кері қайтады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.01.2019
422
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі