400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Су-тіршілік көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 14.11.2018. Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі


Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным» , «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған

оқу қызметі түрі: «Сөйлеуді дамыту», «Қарапайым матаематикалқ ұғымдарды

қалыптастыру», «Сурет салу», «Музыка».

Өтпелі тақырып : Бізді қоршаған әлем

Тақырып: Су – тіршілік көзі

Мақсаты:

Білімділік: Судың қасиеттері туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру.

Дамытушылық: балалардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылық икемімен бірге практикалық әрекет дағдыларын қолдана білу әрекеттерін қалыптастыру. Зерттеу жұмыстарының қарапайым тәсілдерін үйрету.

Тәрбиелік: судың табиғатта баға жетпес сый екенін айтып, түсініктерін қалыптастыру. Суды үнемдеп пайдалануға үйрету және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттау. Қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғап, аялауға үйрету. Суды ластамауға тәрбиелеу.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары: балалардың суреттері ,қарапайым зерттеу жұмыстар, , әңгімелесу, жұмбақ шешу .

Құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер: тамшы суреті, ішіне су толтырылған су құятын ыдыс, су, қасық, кесе, тұз, қант.

Сөздік жұмыс: су ағады, пішінін өзгертеді, дәмі, иісі.

ҰОҚ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Тәрбиеші:

Қонақтармен амандасу

Тәрбиеші:

Дыбысы – тырс-тырс,

Түсі – түссіз, жылт-жылт. (Тамшы)

Тосын сәт

– Балалар, мен «тамшымын». Сендермен ойнағым келіп тұр. Мені ұстай аласыңдар ма?

Жылдам, көңілді музыка қосылғанда: балалар тез жүгіреді – су қатты құйылады. Баяу музыка қойғанда: балалар ақырын жүгіреді, су тамшылап ағады.

Музыка бітті. Балалар педагогпен бірге орындарына отырады.

Тамшы:- Таңертең балабақшаға келсем, балалар кранды жабуды ұмытып, бүкіл су ағып кетті» деді.

Тәрбиеші: -Біздің топта ондай балалар жоқ, біз суды сақтаймыз, бетімен төкпейміз.

Балаларды аналары берген фотосуреттерді қарап шығуға шақырады. Онда балалар ойнап жүр, суға түсіп жатыр.

судың кімге және не үшін қажеттігін анықтауға шақырады.

Тамшы: Су алу үшін не істеу керек? (Кранды ашу керек).

Кранды ашады, су не істейді? (ағады, құйылады). Су қалай ән салады? (С-с-с, балалар жеке-жеке және хормен қайталайды).

Су қалай тамады? (Тырс-тырс).

Ыдыс жуатын жерде су не үшін қажет? (Ыдыс-аяқтарды жуу үшін).

Суды стақанға құямыз – су тап-таза.

Қандай су ішу керек? (Таза, қайнатылған, мөлдір).

Тамшымен бірге табиғат бұрышына серуендеуге шақырады. «Біздің гүлдеріміздің көңіл күйі нашарлап кетіпті. (оларға су құю керек). Су құятын ыдыста таза су бар. Біз өсімдіктерге таза су құямыз. Әйтпесе, олар өліп қалады».

Балаларды аквариумның қасына шақырады. Аквариумдағы судың таза, мөлдірлігіне назар аудартады. Өйткені балықтар тек қана таза суда тіршілік ете алады. Әйтпесе, олар өліп қалуы мүмкін. Жануарларға да, өсімдіктерге де, адамдарға да тіршілік ету үшін су қажет.

Сергіту сәті

«Кап-кап ,тук-тук»

«Судың қасиеті» зерттеу жұмысы

Барлық балалардың алдыңда стақанда су тұрады. Тәрбиеші сұрақтар қояды:

-Судың түсі қандай?

-судың дәмі бар ма?

-Судың иісі бар ма, суды иіскеп көрейікші?

Балалар: Сұрақтарға жауап береді.

Тәрбиеші: Балаларға суды шыны ыдысқа құйып, ыдыстағы су арқылы бір затты көруді ұсынады. Екі ыдыстағы судың біреуіне қант, екіншісіне тұз салғызып, дәмінің қандай болғанын анықтатады (өзі татып көреді).

Балалар: Тәрбиешінің көмегімен тәжірибе жасайды.

Тәрбиеші : -суға көк бояу қосады.

-Су қандай түске боялды? Енді қасық көріне ме?

Тәрбиеші матаны алып, оған суды құяды.

-Мата қандай болды

Балалар: Қарап, көріп шешімдерін айтады

Тәрбиеші : суды түрлі кесеге, стақанға құйып, бір кеседен екінші кесеге құйып, судың не өзгергенін аңғартады.

-Су құйылады, су қайнайды?

-Су ақанда қандай дыбыс естіледі?

Балалар: Үнтаспадан судың сылдырын естиді, тыңдайды

Жұмбақ шешеміз

Жылт-жылт еткен,

Жылғадан өткен.

Құйсаң шығар гүл өсіп,

Қатады қыста сіресіп.

(Су)

Дәмі жоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ.

(Су)

Балалар: Жұмбақтарды шешеді

Балалардың жауаптарын толықтырады:



-Адамдар, жануарлар, өсімдіктер, жәндіктердің бәрі де сусыз өмір сүре алмайды. Су – түссіз, дәмсіз, мөп-мөлдір болады. Су – сұйық. Суды ластауға, босқа төгіге болмайды. Су – өмірдің нәрі. Сусыз тіршілік болмайды.

Ал біздің Тамшы жаңбырда, суда, мұзда, қарда да өмір сүреді.

Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу қызметін аяқтайды



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
543
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі