400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Су-тіршілік көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: «Каменка орта мектеб3» КММ


Күні: ж.

Мұғалімнің аты -жөні:


Сынып: 5 «Б»

Сабақ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар: 0

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5

Су- тіршілік көзі


Сабақтың тақырыбы

Қазақстан көлдері


Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

5.Т5. Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтау.

5. А6. Тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттау.

5.О6. Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып , мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру.

5.Ж4. Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау.

Сабақ мақсат-

тары

Барлық оқушылар:

Қазақ тіліндегі нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы Қазақстан көлдері жайлы ақпарат алады

Оқушылардың басым бөлігі:

 Танымдық, дамытушылық, қызығушылық қабілеттері артады;-Мәртебесі төмен, жоғары сұрақтарды қойып үйренеді;-Ойын нақты жеткізе алады;-Өзін-өзі реттейді;


Кейбір оқушылар:

Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде Қазақстан көлдерін атайды, мәлімет береді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тіліндегі қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы Қазақстан көлдері жайлы айтады, сипаттайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): сыныптастарымен қазақша тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады.

Тілдік мақсат:

Оқушылар ойларын жеткізе алады, салыстырады, пікірін айта алады, дәлелдейді.

Ресурстар:

Оқулық, интербелсенді тақта, слайдтар, бейнефильмдер, топқа бөлуге арналған тәтті кәмпиттер және А4 парағы, маркерлер, түрлі –түсті қарындаштар, карточкалар, кері байланыс, стикер, бағалау парағы.

Құндылық-тарға баулу:

Адагершілікке, табиғатты қорғауға, үнемділікке.

Пәнара

лық байланыс:

қазақ тілі , география

Оқыту әдістері

«Жүректен- жүрекке» әдісі ,әңгімелеу, «Серпілген сауал» стратегиясы, «Интервью» әдісі, сергіту сәті

Алдыңғы оқу:

Судың пайдасы туралы мәлімет, суреттер.


Жоспар-

ланған

уақыт: 40 минут

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

8 минут



























Психологиялық жаттығу:

Оқушылар жүрекшені бір-біріне бере отырып тілек айтады,

шаттық шеңберін құрады

бөлу:

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын. Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

Үй тапсырмасына байланысты 3- топқа таратылған карточка бойынша оқушылар сұраққа жауап береді;

«Серпілген сауал» стратегиясы

І:
1. Адам ағзасына судың қандай пайдасы бар?
2.Адам күнде таңертең не ішу керек?
ІІ:
1.Су нені жақсы қорытуға көмектеседі?
2.Ересек адамның денесінде неше литр су болады?
ІІІ:
1.Денеге су жетіспесе адам өміріне не төнеді?
2.Адам қажет мөлшерде су ішпесе ненің жұмысы баяулайды?

  • Оқушылардың берген жауаптарымен «Есте сақта » айдары арқылы дәлелдетемін.

Есте сақта! айдары
Судың пайдасы көп. Ол ас қорытуға көмектеседі.Оттегі тасымалдайды,жарақаттанудан қорғайды,тері жасушаларын сауықтырады. Бүйрек пен бауырдағы қалдықтарды тазалайды.Ағзаға қуат береді.


1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Жасыл кәмпиттер»

3-топ «Қызыл кәмпиттер»


Слайд №4


Түрлі- түсті карточкалар











Слайд №

Ортасы

24 минут




















































































































  • Оқушылар сөзжұмбақты шешіп, жаңа тақырыпты ашады

Ой шақыру . Сөзжұмбақты шешу

1.Физикалық картада су қандай түспен боялған?

2.Сызылған қарындашты немен кетіреміз?

3.Дәптерге немен жазамыз?


Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Қазақстан көлдері»

Жаңа сөздермен таныстырамын


алғашқы дәуір первая эпоха

көне древни

бұғаз залив

балшық глина

айқын ясно


Мәтіналды жұмыс Айтылым


1-тапсырма. Суретке қара. Сурет бойынша мына сұрақтарға жауап бер.
- Мына суреттерде не бейнеленген?
- Бұл сулардың қайсысы ішуге жарамды?
- Сенсуреттегі сулардың қайсысын тұтынасың?


Дескриптор Білім алушы
-сурет бойынша сөз тіркестерін құрайды;
-сұрақтарға жауап береді;


Кері байланыс. «Бас бармақ»


«Еліміздегі көлдер» бейнеролик;

-Оқушыларға Қазақстан көлдері тақырыбында ( 2 минут 28 секунд) бейнеролик көрсетемін



Жазылым Дәптермен жұмыс


Дескриптор Білім алушы

-Қазақстан көлдерін дәптерге сауатты жазады;

-сөз әдебі мен сауатты жазу этикеті формаларын дұрыс қолданады;


Сергіту сәті Жұмбақты шешу


Топпен жұмыс

Шығармашылық жұмыс. 2-тапсырма.
Өзің білетін Қазақстандағы көлдерді кластерге орналастыр.

ДShape1 ескриптер Білім алушы
-бейнероликті топта талқылайды;
-сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын дұрыс қолданады;

Shape3 Shape2


Shape4

Қазақстан көлдері



Shape5 Shape6

Shape9 Shape7 Shape8



Кері байланыс «Бес саусақ»


Мәтінмен жұмыс.Тыңдалым Оқылым


3-тапсырма.Мәтінді тыңда.Түсініп оқы.Мәтінге тақырып қойып, жоспар құр.
Балқаш-Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі.Ол алғашқы дәуірдегі Пятис деген теңіздің қалдығы болып есептеледі. Көл Сарыарқа мен Сарыесік құмдарының аралығында орналасқан. Соңғы кезде Балқаш көлінің деңгейі 2 м-ге төмендеген.Қазіргі балқаштың ұзындығы-614 км,ең терең жері-26,5м. Балқаш көне түркі тілінде «балшық», «балық» деген мағынаны білдірген. Суының деңгейі бірде көбейіп, бірде азайып отырады.Ұзынарал бұғазы Сарыесік пен Балқашты байланыстырады. Соның нәтижесінде көлдің батысында су-тұщы,ал шығысында-ащы.Көлге негізгі суды Іле өзені құяды. Іле өзенінің ұзындығы-2385км.
Іле өзенінің басы Қытайдың Текес және күнгес өзендерінің қосылатын жерінен басталады. Іле өзенінің Қазақстандағы ұзындығы-740 км. Іле-Жетісу аймағындағы ең ірі өзендердің бірі. «Іле» сөзі моңғол тіліндегі «ил, илэ» деген сөзге жақын, яғни «ашық, айқын» дегенді білдіреді.
Іле өзенінің Балқашқа құяр жеріндегі тоғайлы-батпақты жерлер мемлекеттің қорғауына алынды. Мұнда балықтың сазан, көксерке, ақбалық,ақмарқа т.б. 12 түрі кездеседі.


Жұптық жұмыс. « Интервью» әдісі


4-тапсырма. Сұрақтарға сан есімдерді қолданып, жауап бер.

1.Сен Қазақстандағы қандай көл/өзендерді білесің?

2.Олар Қазақстанның қай жерлерінде орналасқан?

3.Ол көл/өзендердің ұзындығы қандай?

4.Сенің облысыңда қандай көл/өзен бар?

5. Ол көл/өзендерге барып көрдің бе?

6. Олардың атының шығу тарихын білесің бе?

7.Олардың ұзындығы мен тереңдігі қандай?

8.Көл мен өзеннің қандай айырмашылығы бар?


Дескриптор Білім алушы


сұрақтарды мұқият оқып, топта талқылайды;

мәтінде берілген сөйлемдерді пайдаланады;


Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек»



Слайд №7







Слайд №10







Слайд № 11













Слайд № 12

Бейнеролик







Слайд № 13 көлдер картасы

















Слайд № 14











Слайд № 15 кластер















Слайд № 16 оқулық

























Слайд № 16 оқулық




Соңы 6минут

Жаңа білімді бекіту, қорытындылау.

«Егер, онда........» ойыны.

1- топ. «Егер мен табиғат қорғау министрі болсам , онда .....»

2- топ. «Егер мен ақын болсам, онда.......»

3- топ. «Егер мен суретші болсам, онда.......»

Слайд № 19 Ойын

Үйге тапсырма

1 минут

104 – бет Жазылым. 5- тапсырма дәптерге орындау.

Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жазу.

104- бет Оқылым.3- тапсырма мәтінді мазмұндау.


Слайд № 20

Рефлексия

1 минут

Қазақстан көлдері туралы өз ойларын стикерге жазып, бүгінгі сабақтан алған білімдері мен түсініктерін білдіреді.

Балалар бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар,

не ұнады, не ұнамады сабақтан алған әсерлеріңді стикерге жазып, смайликтерге жабыстырыңдар.

Стикер . Смайликтер







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
588
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі