400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Су тіршілік көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың табиғат, тіршілік, қоршаған орта арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру. Балаларға судың денсаулыққа пайдасы туралы түсінік беру.Суды үнемдеп пайдаланудын ережелерін түсіндіру. Ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін және зерделеуін дамыту. Табиғатты қорғауға, ластамауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші Каким БибіФатима

https://www.instagram.com/reel/DC1OpTBM2a3/?igsh=MTRvNzY1czg5b3RvcA==



Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты: Балалардың табиғат, тіршілік, қоршаған орта арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру. Балаларға судың денсаулыққа пайдасы туралы түсінік беру.Суды үнемдеп пайдаланудын ережелерін түсіндіру. Ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін және зерделеуін дамыту. Табиғатты қорғауға, ластамауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұхбат, ойын, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сергіту жаттығу, ойын ойнату, мадақтау, қорытындылау.

Құрал-жабдықтар: Тақырып бойынша слайд, суреттер, су, бояу, қант, тұз.

Сабақ барысы:

Шаттық шеңбер

Арайлап таң атты

Алтын шуақ таратты

Қайырлы таң, қайырлы күн

Күліп шықты күн бүгін

Сәлематсызба қонақтар.

Іздену-ұйымдастырушы

Қойны толы жеміске,

Көк майсалы еңіске.

Көбелек қуып ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

- Бұл жылдың қай мезгілі?

Балалар, суретте не бейнеленген?

Жазда қандай өзгерістер болады?

Бұл жыл мезгілі сендерге несімен ұнайды?

Жазда ауа-райында қандай өзгерістер болады?

Жаз айлары жайлы біз не білеміз?.

Балалар бәріміз өткен сабақты есімізге түсірейікші, өткен сабақта біз күн, ауа туралы көп сөйлестік.

Күн туралы біз не білеміз? Кім айтып береді?

Дұрыс айтасың өсімдіктер өсіп, дәрумендерге толы жеміс беріп тұрғаны күннің жылуы мен қуаттын арқасы.Күн- өте үлкен жарық көзі.

Қалай ойлайсындар күн үлкен бе?жер үлкен бе?

Дұрыс өте тамаша.

Ал ауа туралы біз не білеміз?

Өте тамаша, ауа – ең алдымен адамдарға тыныс алу үшін қажет.Ауа өсімдіктермен жа-нуарларға да қажет.Суда балық қалай жүзсе, құстар ауада солай қалықтайды.

Балалар, бүгінгі сабақта біз тағы да бір табиғат сыйымызбен таңысып көрейік.



Музыка: Судың сылдыры естіледі.

Балаларға глобусты көрсету.



- Салыстырып көрейік глобуста жер көппе, су көппе?

- Дұрыс су көп екен.

- Су өмір бойы айналамызда болады.Ол жаңбыр немесе қар болып жерге түседі, бұлақ болып өзенді құрайды, ол судан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып, аспанға көтеріледі де, жер бетіне жаңбыр болып қайта оралады екен.



Үстел үстіне стакандарды қойып, балалардың назарын аудару. Су түссіз, дәмсіз, иіссіз, осындай қасиеттері бар.

1. Суға тұз салып көрсету

2. Суға секер салып тәтті екенің көрсету

3. Судың температурасын өзгерту (жылы су, қайнаған су мұз су)

Судың түсін өзгерту.



Cергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымен жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар,

Үп-үлкен боп өседі



Балалардың жауаптары.



Балалар қызыға қарады.



Рефлексті – коррекциялаушы. Қорытындылау

- Сусыз өмір сүре аламызба?

- Суды тәтті қылу үшін не салдық?

- Ал ащщы қылу үшін ше?

Табиғат үшін бәріміз күресейік,

Текке отырмай жасымызбен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік

- Балалар біз су туралы айттық сендерге ұнадыма?



Мадақтау



- Жарайсындар менің балаларым, өте жақсы тілалғыш бала болып өсіп келе жатсындар.



Барлығыңызда жақсы жұмыс жасадыңдар.

Иә.Балалар келген қонақтармен қоштасады.



Күтілетін нәтеже:

Болу керек: Жаңбырдың, қардың, будың, судың суреттері

Білу керек: Су тіршілік көзі туралы түсініктің болуы.

Баланыңың қолынан келуі: Судың ерекшелігіктерін. Су белгілерін ажырата білуі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 наурыз
94
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі