15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Су тіршілік көзі. Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі. Орта топ
ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің «№22 орта мектебі» КММ «Еркетай» шағын орталығы «Жұлдыздар» тобының тәрбиешісі
Қапашева Дина Әділбекқызы
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Су – тіршілік көзі.
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. Судың қасиетін тәжірибе арқылы ұғындыру.
Дамытушылық:Тәжірибе жасау барысында бақылағыштық дағдыларын жетілдіру, танымдық мүмкіндігін арттыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға, суды ластамауға, суды үнемдей білуге тәрбиелеу
Көрнекі құралдар: су, қант, тұз, қасық, сүт, гуашь бояулары стақан.
Сөздік жұмыс: судың қасиеті, түссіз, дәмсіз, иіссіз, қатты, сұйық, бу.
Тілдің үштұғұрлығы: су – вода - water
Іс әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс - әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбері: Алақанды ашайық Күннің нұрын шашайық Таза ауадан салайық Жүрек жылуын алайық Жиналған жылы шуақты Қонақтарға сыйлайық - Тамаша!! - Ал, балалар қазір жылдың қай мезгілі? - Қыс мезгілінде неше ай бар? - Қане атап беріңдерші? - Қазір қандай ай? - Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Керемет. Балалар. |
Балалар өлең жолдарын қайталайды.
- Қазір жылдың қыс мезгілі. - Қыс мезгілінде үш ай бар. - Желтоқсан, қаңтар, ақпан - Қазір ақпан айы. - күн суық, аяз, боран соғып, қар жауады. |
Ұйымдастыру Іздестіру
|
Ал енді балалар барлығымыз жайғасып отырайық, арқамызды тік ұстап, әдемі отырамыз. Бүгінгі оқу қызметінің тақырыбын айтпас бұрын, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, ал сендер мұқият тыңдаңдар:
Дәмі де жоқ, түсі жоқ Пайдаланбас кісі жоқ. Ол не?
Дұрыс балалар, әрине су. Ал ендеше бүгін біз сендермен су және оның қасиеттері туралы әңгімелесеміз.
Судың дыбысын тыңдау. - Балалар сендер қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? - Су бізге не үшін қажет?
Осы сумен тәжірибе жасайық. Тілдің үштұғырлығы: су – вода - water
Тәжірбие №1 Ал судың иісі бар ма, иіскеп көріңдерші? Судың иісі бар ма екен? Егер біз осы суға тәтті ванилинді қосайық. Енді искеп көрейікші, енді суда иіс бар ма?
Яғни суда иіс жоқ. Егер біз суға қандайда бір дәммен қоспа қоссақ суда иіс пайда болады.
Тәжірибе №2 «Суда дәм жоқ» Осыны да біз тексерейік, қане мына түтікше арқылы суды ішіп көріңдер Суда дәм барма екен?
Судың дәмін өзгертуге болады екен. Қалай өзгертуге болады деп ойлайсыңдар?
Енді осы суға қант қосып көрейік, жақсылап араластырамыз. Енді ішіп көрейік. Дәмі өзгердіме? Дәмі қандай? Ащы ма әлде тәтті ме?
Енді осы суға тұз қосып көрейік, жақсылап араластырамыз. Енді ішіп көрейік. Дәмі өзгердіме? Дәмі қандай? Ащы ма әлде тәтті ме?
Яғни су дәмсіз, егер суға ащы немесе тәтті қоспаларды қоссақ судың дәмі өзгереді.
Сергіту сәті Сылдыр, сылдыр, сылдыр су, Сылдыр суға қолыңды жу. Жуынсаң сен әрдайым, Таза болар маңдайың. Тазалықтың досы, Су дегенің осы.
Тәжірибе №3 Судың түсі бар ма? «Су — мөлдір» Стакандағы суға тастарды салайық. Тас көріне ме? Ал енді осы тас салынған суға бояу қосайық. Судың түсі өзгерді ме балалар? Енді тас көрінеме ? Неге көріндейді? Демек су мөлдір, түссіз. Егер суға бояуларды қоссақ түсі өзгереді.
Балалар сонымен су – түссіз, дәмсіз, иіссіз, табиғи ресурс. Осыны дәлелдеу үшін біз сумен тәжирибе жасап көрдік.
Білесіңдер ме судың үш қасиеті бар – сұйық, қатты, бу. Стақандағы суды тоңазытқышқа қойсақ, ол мұз болып қатып қалады. Ал мұзды жылы жерге қойсақ, ол еріп суға айналады. Суды шәйнекке құйып қайнатсақ, қақпағынан бу шығады, яғни бу болып ұшады.
Су туралы қандай өлең шумақтарын білесіндер. Су тіршілік негізі Онсыз өмір сүрмейсін, Гигиена егізі, Су деп және білесің.
Су- Табиғат байлығы, Өзен-көлге барасың Кемі екі рет әр күні Суға түсіп тұрасын
Суды күнделікті өмірде қалай пайдаланамыз? Мақал –мәтел: «Судың да сұрауы бар», «Су тіршілік көзі» яғни суды үнемдеу керек. Су болмаса өмірде тіршілікте болмайды. |
Балалар отырады, мұқият тыңдайды.
Ол су.
Судың дыбысын.
Суды ішеміз және жуынамыз. Сумен өсімдіктерді, бау – бақшаны суарамыз. Сумен ас әзірлейміз. Сумен кір жуамыз. Суға адамдар да, жануарлар да шомылады.
Үш тілде қайталайды.
Балалар суды иіскеп көреді суда иіс жоқ. Балалар ванилин қосылған суды искеп көреді. Ия, тәтті иіс шығады.
Балалар кезепен суды ішіп көреді Суда дәм жоқ.
Балалардың өз ойлары.
Балалар ішіп көреді. Судың дәмінің өзгергенін және судың дәмі қандай екенін айтады.
Балалар ішіп көреді. Судың дәмінің өзгергенін және судың дәмі қандай екенін айтады.
Балалар қимылмен жасайды.
Көрінеді.
Ия. Өзгерді. Жоқ. Көрінбейді. Бояу қосқандықтан судың түсі өзгерді.
Балалар тақпақтарын айтады.
Үнемдеп пайдалану қажет. |
Рефлексиялық түзетушілік |
Балалар біз бүгін не жайында әңгімелестік? Су кімдерге керек?
Сумен не істедік балалар? Өте жақсы балалар, міне бүгін біз сендермен су туралы көп мәлімет алдық.
Бүгінгі оқу қызметін бағалайық? Бағалау «Басбармақ» әдісі Мақтау – мадақтау. Қоштасу |
- су туралы. Адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге т.б Тәжірибе жасадық.
Балалар ҰОҚ бағалайды. |
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: судың түссіз, дәмсіз, иссіз екенін.
Түсінеді: су адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге тіршілік ету үшін қажеттілігін.
Істей алады: тәжірибе жасауды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген