жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Су тіршілік көзі сабақ жоспары Экология
«Шынқожа батыр атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ
Экология
Тақырыбы: «Су-тіршілік көзі»
Мектепалды даярлық тобы.
Тәрбиеші:Қ.Т.Абдрахманова.
2017-2018 оқу жылы.
Білім беру саласы: "Әлеумет"
Бөлімі: «Экология»
Такырыбы: «Су - тіршілік көзі»
Мақсаты :
Білімділік: Балалардың экологиялық сана сезімін қалыптастыру. Тәжірибе жасау арқылы су туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Судың қасиеттерімен таныстыру. Тәжірибеде М.Монтессори әдісін қолдану. Саусақ ұсақ моторика дербестікті дамыту.
Тәрбиелік: Суды
үнемдеп қолдануға, ластамауға, табиғатты қорғауға
тәрбиелеу.есте
сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Суды үнемдеу, судың қадірін түсінуге тазалық пен ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: бояулар, тұз, қант, түтікше, стакан
Сөздік жұмыс : су, сұйық, тұщы
Билингвальдік компонент:Су- вода- water,сұйық –жидкий- liguid
|
Қызметтің кезендері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбері; Самал жел бізді желдетші, Күн нұры бізді жарқырат. Таза ауа дем берші, Мөлдір су бізді салқындат. -Тамаша! Сабақ бастамас бұрын түстер тандау арқылы топқа бөлініп аламыз. -Ал енді балалар барлығымыз жайғасып отырайық, арқамызды тік ұстап, әдемі отырамыз. -Бүгінгі тақырыбымызды айтпас бұрын, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, ал сендер мұқият тыңдаңдар: |
Балалар шаттық шеңберге тұрып, қимылмен орындайды Балалар түстерді тандайды, топтарға орналады Жұмбақтың жауабын айтады Балалар тыңдайды |
|
Ұйымдастыу іздестіру |
- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер маған шешуін айтасыңдар, келістік пе? Аспан түстес
сұйық,
Жер бетінде ең көп таралған зат – су. Глобусқа қарасаң,Жер шарының 4/1 бөлігі көгілдір түске боялған. Ол-су яғни мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер. «Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі-су» Халқымыз ежелден-ақ суды қастерлеген. «Судың да сұрауы бар» деп бағалай білген. Жер астында да су бар. Біздің денемізде де су бар. Қанның құрамындағы су бүкіл денеге қоректік заттарды жеткізіп тұрады. Сусыз жануарлар да, өсімдіктер де өмір сүре алмайды.Су жоқ болса бөлмедегі гүлдер де өсуін тоқтатады.Тамақ та сусыз піспейді, тазалық та болмайды. Судың адам өміріндегі маңызына баға жетпейді. Менің де сендерге тапсырмам бар. Тәжірибе жасау.
Топпен жұмыс - Балалар, біздер судың әртүрлі қасиеттері бар екендігіне көз жеткіздік. Сонымен қайталап айтайық, судың қандай қасиеттері бар? \Балалардың жауаптары тыңдалады\ Сергіту сәті Дидактикалық
ойын:"Су кімдерге немесе нелерге
қажет?" - Ал балалар, су туралы
кім қандай тыйым сөздер біледі? Қане кім
айтады? |
(су) (Балалар таңырқай қарап, тыңдайды.) Балалар сәлемдеседі. \слайдты көреді\ Қоржыннан тапсырма алады Балалар тәжірибені орындайды «Бағдаршам сигналдары» әдісімен ІІ топ бағалайды Балалар тәжірибені орындайды «Бас бармақ» әдісімен І топ бағалайды Балалар тәжірибені орындайды «қол шапалақтау» әдісімен ІV топ бағалайды Балалар тәжірибені орындайды «Смайликтер» арқылы ІІІ топ бағалайды Судың қасиеті Бейнетаспаға қарап орындайды Суды қажет ететін заттарды табады тыйым сөздерді айтады |
|
Қорытындылау: |
- Бізге қонаққа кім
келді? Шығармашылық жұмыс Енді столда тұрған стаканға назар аударайық. Түтікшемен бояуды алып қағазға көңілді тамшыларды саламыз
|
- Тамшы келді. - ішеміз, жуынамыз, ас әзірлейміз, кір жуамыз. - жоқ - жоқ - тұщы су - ия Тамшыларды түтікшеден қағазға үрлеу арқылы салады Балалар қонақтармен қоштасады. Өздерінің атын атап, мадақтағаны үшін қуанады. |
|
Рефлексия |
Ал балалар, алдарында тамшы смайликтері жатыр. Бүгінгі сабақттан қандай әсер мен жаңа білім алдындар сонымен бөлісе отырып смайликтеріңізді суретке ілініздер |
смайликтерді суретке іледі |
Нені білу керек :Суды
үнемдеуді, суды ластамауды. Нені игереді:Судың ащы және тұщы болатынын, тұщы суды
қайда пайдаланатынын, судың қасиеттерін тәжірибе жасау арқылы
біледі;
Нені
біледі:Сусыз тіршілік
болмайтынын түсінеді

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген