Су туралы не білеміз?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Су туралы не білеміз?

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларды судың қасиетімен, таныстыру (дәмі, түсі, иісі); судың тірщілік иесі үшін мәні, қажеттілігі туралы түсінігін кеңейту; суды үнемдей білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы, Талдықорған қаласы, № 12 «Байтерек» бөбекжайының тәрбиешісі Садыкова Корлан Турганбаевна.


Тақырыбы: Су туралы не білеміз?

Мақсаты: балаларды судың қасиетімен, таныстыру (дәмі, түсі, иісі); судың тірщілік иесі үшін мәні, қажеттілігі туралы түсінігін кеңейту; суды үнемдей білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал- жабдықтар: әр балаға үш стакан су, езілген бояу түрлері, қант немесе тосап.

Әдіс- тәсілдері: сөздік, көрнекілік, тәжірибе.


Мотивациялық қозғаушы кезең:

Шаттық шеңбері:

Арайлап күн атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарылқасын күніміз,

Жарылқасын даламыз.


«Суды үнемдеңіз» - сурет арқылы таныстыру.


-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілі.

-Қазір күздің қай айы? -Қараша.

Сендер табиғаттан қандай өзгерістерді байқадыңдар? Ауа райы суытады, жаңбыр жауады. (Балалардың жауабы).


Ұйымдастырушылық -ізденістік кезең:

Тосын сәт:

Жаңбырдың дыбысы шығады. Тамшы кіреді.

-Сәлеметсіздер ме, балалар, мені білесіңдер ме? (Білеміз, Тамшы).

Қазір балалар, мен сендерге ертегі айтып беремін.

Ерте- ерте, ертеде Тамшы болыпты, ол жалғыз емес, көп болыпты. Олар өте жақсы көңіл көтереді екен, үлкен- үлкен бұлттарға жиналып, ойнап, жерге құлайды екен. Жерде өсіп түрған гүлдерді, ағаштарды суарады , үлкен өзен болады екен.

Үлкендерге жауын ұнамайды екен, олар жылы киінып, үйден шықпайды екен, ал балалар болса, жауынды, өте жақсы көреді екен, шалшықта секіріп ойнайды сол себептен балалармен, су туралы әңгімелесуғе, Тамшы келіпті.


-Балалар, Тамшы қай жерде өмір сүреді? (Балалардың жауабы).

-Тамшы өзімен жұмбақ әкеліпті. (Судың дыбысы).

-Балалар мынау не шу? -Су.

-Қай жерден шу шығады? -Краннан, жауын жауып тұр.

-Рахмет, Тамшы тосын сәт өте жақсы, бізге ұнады.

-Балалар өзімізге шапалақ ұрайық, өте жақсы, сұраққа жауап бердік.


-Сендер су туралы біраз біледі екенсіңдер. Ал судың түсі, дәмі туралы не айтасыңдар? (Балалардың жауабы).

-Балалар, судың түсі, дәмі туралы біз бүгін тәжірибе жасаймыз.

Сендер алдыларыңда тұрған кіші стақандағы суды тәрелкеге құйыңдар енді губканы батырып, бір қолмен ақырын ғана сығыңдар, не байқадыңдар?

1. тәжірибе: Балалар кіші стакандағы суды тәрелкеге құяды. Судың көлемінің өзгергендігін байқайды. Губканы сығып, тамщылардың пайда болғанын айтады.


-Балалар, суды төгуге де болады. Ол ағады, тамшылайды, суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құюға болады. Яғни, су сұйық екен. Су қандай екен? Сұйық.

-Сендер тағы қандай суйық заттарды білесіңдер? Сүт, компот, шырын.

-Судың түсі қандай екен,ыдыстағы суға қараңдаршы?

-Дұрыс айтасыңдар,су түссіз. Ал сендер судың түсін өзгерткілерің келе ме? Олай болса алдыларыңдағы бір ыдыстағы суға өздеріңе ұнаған бояуды қосыңдар.

2.тәжірибе: Балалар өздеріне ұнаған бояу тамшыларын суға қосып, араластырады да судың түсінің қандай түске өзгергендігін айтады.

Демек, балалар, судың түсі, оған қоспа қосқанда ғана өзгереді екен. Енді үшінші стақандағы таза суды ішіп көріңдерші, дәмі қандай екен?

Балалар суды ішіп көріп, дәмінің жоқтығын айтады

-Судың дәмін қалай өзгертуге болады?

Дұрыс айтасыңдар, олай болса алдарыңда тұрған қантты суға салып араластырыңдар.

3. тәжірибе: Балалар суға қант салып араластырады да ішіп көреді. Судың дәмінің тәтті болғандығын айтады.


-Балалар, судың дәмі қалайша тәтті болып кетті. Өйткені біз суға қант қостық.

Ал суға тұз қосса, дәмі қандай болар еді?

Яғни, балалар, суға белгілі бір дәм бар затты қосқанда ғана оның дәмі болады екен.


Біз бүгін балалар, су туралы біраз әңгімелестік, тәжірибе жасадық. Енді айта қойыңдаршы, су не үшін керек, су болмаса не болар еді?


«Cудың қасиеттері» - суретпен жұмыс.

Су адамдарға тамақ пісіру үщін, кір жуу үшін, шомылу үшін, шай қайнату үшін керек. (Балалардың жауабы).

-Жарайсыңдар,балалар, енді жаңа өздерің жасаған тәжірибелеріңді естеріңе түсіріп, су туралы айтып беріңдерші.



Балалар судың қасиеттерін айтады.


-Ал сендер суды үнемдеу керектілігін білесіңдер ме?

-Суды үнемдеу дегенді қалай түсінесіңдер?

-Дұрыс айтасыңдар, суды бостан босқа төгіп, қалай болса солай пайдалана беруге болмайды екен.


Ойын: «Сабын көбіктері».

Ойынның шарты: балалар секіріп, сабын көбіктеріне үрлейді, аулайды.

Рефлексиялық -түзетушілік кезең:

Сұрақ- жауап арқылы тақырыптық оқу қызметі аяқталады.


Балалар күлекештермен көңіл- күйлерін көрсетеді.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.12.2020
514
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі