400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Су туралы зерттеу ғылыми жобасы 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Су туралы ғылыми жоба
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зерттеу жұмысының тақырыбы: Судың құпия сырлары

Зерттеудің өзектілігі:  Су - адам тіршілігі үшін маңызды және қажетті зат, оны үнемді қолдана отырып, қамқорлыққа алу әрбір адамның борышы.

Болжамы: Жинақталған материалдармен таныстыру нәтижесінде әр адамды суды үнемдеуге, оны қорғауға өз үлесін қосуға жұмылдыруға болады.

Зерттеу мақсаты: Күнделікті өмірде кездесетін судың біз білмейтін құпия сырларына үңіле отырып, оның өзіндік қасиеттерін танып білу және тәжірибелер арқылы көз жеткізу.

Міндеттері:

  • Судың біз біле бермейтін өзіндік құпия сырларын танып-білу;

  • Су жайында зерттеулер жүргізген әлем ғалымдарының ғылыми зерттеулерімен танысу;

  • Суға жасалынған тәжірибелер нәтижесінде пайда болған өзгерістер сырын ұғыну;

  • Құрандағы су жайында айтылған мәліметтермен танысу;

  • Судың қасиеттерін ұғына түсу үшін тәжірибе жасап көру.

Зерттеудің нысаны:

Судың құрамын, сапасын зерттей отырып, таза суды қолдану арқылы денсаулықты нығайтуға болатынын дәрігерлер- ғылымдардың дәлелденуі.

Зерттеудің әдістері:

Зерттеу жұмысы барысында газет, журнал, кітаптар, интернет арқылы материалдарын қолданылды, зерттеу жүйелеу қорыту әдістері қолданылды.

Аннотация
Бұл ғылыми жобада судың пайдасы мен қасиеті, маңыздылығы туралы ақпараттар беріледі. Әлемдегі судың мөлшері және оның адам қажеттілігіне жарайтын үлесі туралы мәліметтер жинақталып, суды қорғау, күнделікті судың қолданылу мөлшері, оны үнемдеу жолдары ұсынылады. «Судың құпия сырлары» атты бұл зерттеу жұмысын таңдап, зерттей бастағаныма бір жылдан асты. Сынып жетекші және ата - анамның көмектесуінің арқасында көптеген іс шаралар атқарылды. Зерттеу барысында су туралы мәліметтер жинадым, алынған деректерге сүйеніп, зерттеу жұмыстарын бастадым. Қітапханадан, интернет жүйесінен көптеген деректер жинаған соң, жұмыс алға жылжыды. Зерттеу барысында ата-анаммен бірге су ішу арқылы және жинаған мәліметтердің арқасында суды қандай ауруға емге қолдануға болатынын зерттеп білдім.
Зерттеу жұмысы көп оқуды, білуді талап етті. Өзімнің зерттеу барысында таза және минералды судың шипасы бар екеніне көзім жетті.




























































МАЗМҰНЫ



  • Кіріспе.....................................................................................................6

  • 2. Негізгі бөлім.......................................................................................7

  • 2.1 Су – өмір өзегі, тіршілік қайнары.................................................................................................7-8

  • 2.2 Судың құпия сырлары.................................................................8-11

2.3. Тәжірибелік бөлім.........................................................................11

  • 3. Қорытынды.................... ..................................................................12

  • Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................13
































1. Кіріспе

Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса, тіршілік тамам бауырым.

Судың біз біле тұра маңызын,

Көп болған соң ұмытамыз қадірін –деп

Менің бүгінгі сіздерге алып келіп отырған зеттеу жұмысымның тақырыбы «Судың құпия сырлары».

Табиғаттың баға жетпес ең қымбат қазынасының бірі су. Су - тірішілік көзі, жердің нәрі. Жердің климатын жасаған су. Егер су болмаса, біздің планетамыз баяғыда – ақ суынып, жер бетіндегі тіршілік жойылған болар еді. Сусыз ешбір организм өмір деуге болады. Су жердің геологиялық тарихында, ғаламшарда, климаттың қалыптасуында, тіршіліктің пайда болуында аса маңызды рөл атқарады.
Су – қасиетті зат. Судың маңызды рөл атқаратының мына қасиеттерінен көруге болады.
Су - еріткіш. Басқа сұйықтармен салыстырғанда заттар суда жақсы ериді.
Судың жылу өткізгіштік қасиеті жоғары болады. Тірі организмде жүріп жатқан химиялық реакциялардың нәтижесінде бөлінетін жылудың белгілі бір мөлшері денедегі су арқылы біркелкі таралып және сыртқы ортаға шығарылып отырады;
Су қайнау температурасы жоғары болғандықтан, жер бетіндегі судың қайнап кетуі және организмдердің қалыпты тіршілік етуін қамтамасыз етеді. Тірі организмдердің тіршілігінде судың биологиялық маңызы зор.
Судың қасиетін халқымыз ертеде білген, өйткені сумен жуынғанда адам денесіндн мынадай он түрлі қасиет пайда болады деп есептеген: ақыл ойы анықталады; адам бетіне жас өң береді; сергектік; денсаулық; күш; сұлулық; жасару құбылысы; тазалық адам терісі жұмсарып, әрленеді; сұлу әйелдер көңіл аударады. Осыдан барып «Судай сұлуға жолық» деген қанатты алғыс сөз шыққан.










  1. Негізгі бөлім


2.1. Су – өмір өзегі, тіршілік қайнары


«Ол адам баласын бір тамшы (ұрық) судан жаратты…»

(«Нахл» сүресі, 4-аят)


Дәрігер-ғылымдар сумен емделудің дұрыстығын дәлелдеп беріпті.

Мәселен, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде таңертең аш қарынға ішіп отырса, емдік қасиеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі. Ағзаға таза су енеді де, ол біздің сүйықтық қанымызға әсер етеді және тазалық ақпаратын жеткізеді.

Сөйтіп біздің бойымыздағы сұйықтықтардың құрылымдануына ықпал жасайды. Адам денесінің 70 пайызы судан тұрады. Ендеше, ағзадағы судың құрамын өзгертсек, сауығуға әбден болады деп дәрігер-ғылымдар шешімге келді.

Адам денесінің үштен екі бөлігі судан тұрады. Мидың 85 пайызы, қанның 90, бұлшық еттің 75, бүйректің 82, тіпті сүйектердің 22 %-ы судан тұратыны анық. Адам ас ішпей 3-4 апта өмір сүре алады. Ал сусыз 1 апта да өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан су – өмір тынысы.

Біз күнделікті өмірде «су» ішкеннен гөрі шәй немесе кофе, түрлі газдалған сусындарды тұтынғанды жөн көреміз. Таңертеңгі асқа кофе, түскі асқа шәй немесе түрлі-түсті сусындарды ішкіміз келеді. Кешкі ас та солай. Ал мұндай сусындардың пайдасынан гөрі зияны көп. Бұл туралы әлемге танымал дәрігер – доктор Ферейдун Батмангелидж бір кесе судың адам денсаулығына пайдасы жайлы былай дейді:

  • 1.Иммунитет жүйесін құрайтын жілік майының түрлі ауруға қарсылығын күшейтеді. 

  • 2. Су – азық, дәрумен және минералдардың негізгі еріткіші.

  • 3. Су азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады.

  • 4. Эритроциттің жұмыс өнімділігін күшейтеді.

  • 5. Жасушаларды оттегімен қамтамасыз етіп, қалдық газдарды өкпеге тасымалдайды. 

  • 6. Улы қалдықтарды жинап, бауыр мен бүйрекке жеткізеді.

  • 7. Су – буын қуыстарын негізгі майлаушы зат.

  • 8. Омыртқа дискілеріндегі шокты су көпшіктеріне айналдырады.

  • 9. Ішек жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді.

  • 10. Дене температурасын реттейді.

  • 11. Су – мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі. 

  • 12. Жүрек ауруы мен сал (параллич) ауруынан сақтайды. 

  • 13. Мидан гормонар бөлінуі үшін қажет.

  • 14. Су адам зейінін ашады.

  • 15. Жұмыс өнімділігін арттырады.

  • 16. Ешқандай кері әсері жоқ.

  • 17. Стресс пен депрессияны басады.

  • 18. Ұйқыны жөнге келтіреді, шаршағанды басады, теріні жұмсартады.

  • 19. Көзге көру қасиетін береді, ағзада қан жасалуын реттейді.

  • 20. Инфекция мен рак ауруына қарсы иммунитетті күшейтеді.

  • 21. Дене қызуын басады.


2.2. Судың құпия сырлары

Жапон ғалымы Масару Эмото бірнеше жылдар бойы судың қасиетін зерттеген екен. Ол тазартылған суды бір ыдысқа құйып, сол судың жанына адамдар келіп «махаббат», «періште», «рақмет», «бейбітшілік» деген сияқты сөздер айтқан. Ғалым осы суды қатырып, суретке түсірген кезде кристалдары керемет әдемі, үйлесімді болып шыққанын байқаған. Ал дәл осы суға «ыза», «соғыс», «қан», «өлім» сияқы жағымсыз сөздер айтқан кезде кристалдары мүлде басқа,  бей-берекет, көмескі, қара лай болып шыққанын көріпті. Жапон ғалымы су біздің барлық эмоциямызды, сезімімізді, сөзіміз бен дұғамызды, музыканы қабылдайтынын осылай дәлелдеген.

Осы салада ашылған таңғаларлық жаңалықтар жайында Ресей, Қазақстан, Израиль, АҚШ, Англия, Австрия, Жапон, Қытай, Тибет ғалымдары таныстырды. Жапон ғалымы Эмото Масару судың сезгіштік қабілетін суретке түсірді.

Соңғы ашылған жаңалық су жөніндегі бұрынғы ұғымды түбегейлі өзгертті. 2004 жылы жапон ғалымы Массару Эмото судың жаңа түрін тапты. Оның бар екендігінде күмән жоқ. Бұл су жануарлардың жаңа туған төлінде, адамның жаңа туған нәрестелерінің ағзасында кездеседі. Егер адам осындай суды ішетін болса, онда ол адам ағзасының жасаруына, сауығуына күшті әсер етеді. Сонымен қатар жасушаларды улардан тазартады, қартаю процесін тежейді.

Бұл судың ерекше молекулалық құрылымы болады. Жапон ғалымы судың молекуласын микроскоп арқылы 20000 есе үлкейтіп қарағанда, молекулалардың қар түйіршіктеріне ұқсас форма құрап орналасатынын байқайды. Судың мұндай түйіршіктерін кластер деп атайды. Судың мұндай құрылымы химиялық факторлар, электромагниттік толқындар мен механикалық әсерлерден өзгеріп отырады. Осындай құрылысы арқылы сыртқы қоршаған ортадағы мағлұматтарды (жарық, дыбыс, ой, әуен, дұға немесе жай сөз) өзіне сіңіреді, сақтайды және ақпараттармен алмаса алады.

Егер де суға жылы сөйлеп, жақсы лебіздер білдірсе, оның құрылымы керемет шатыршаларға айналған. Ал суға ғайбат сөздер айтып, айқайласаң оның құрылымы бұзылып, түсініксіз пішінге айналған.

Сөздің көмегімен суға ақпарат беру арқылы адам ағзасының жай-күйін басқаруға болады. Шаршау, себепсіз агрессия, көңіл-күйдің бұзылуы, басқа да көптеген аурулар қолайсыз биоақпараттың әсерінің салдары болуы мүмкін.

Су – өмір өзегі, тіршілік қайнары. Бұл талас тудырмайтын шындық. Тіпті, адам баласының бір тамшы судан жарытылуында біз біле бермейтін терең сырлар бар.

Сол бір тамшы судың сырына жетемін деп қаншама ғалымдар бүкіл ғұмырын сарп етті. Ол бізге қайдан келгенін, кім жібергенін, және қалай келгенін айтып беретін уақыт та алыс емес. Рухани әлем мен ғылым бір нүктеде тоғысатын уақыт жақындап келеді. Бірақ біз суды тұрмыста күнделікті қолда-нып, тұтына жүріп оның ерекше қасиеттерін сезіне бермейтініміз өкінішті-ақ.

Бір қызығы, адам бойындағы су да сыртқы ортада болып жатқан жағымсыз ақпараттарды өзіне тартып алады. Содан денсаулық, көңіл-күй, жалпы тірлігінде кері кетушілік пайда болады. Немесе, керісінше, күш алып, қуаттанып, шаттанады.Қазақстанда көптеген минералды сумен емдейтін шипажайлар бар. Сарыағаш қаласындағы Алтын Бұлақ, Оқжетпес, Меркі сиякты шипажайлар өте көп.

Қанның құрамындағы су да толығымен құрылымдалған. Ал қан ақпаратты ағзаның барлық мүшелері мен ұлпаларына таратады. Оймен, сөзбен судан өзіңізді аурудан жазуды, ағзаны зиянды қалдықтардан, тұздардан тазартуды немесе ағзаны қажетті сумен қамтамасыз етуді сұрай аласыз.

Канализациядан ағып тұрған тазартылған судың ішуге жарамдылығы өте аз. Себебі судың ақпараттық-энергетикалық құрылымының ластануы оның молекулалық құрылымын бұзады.

Мысалы үлкен қалаларда көп қабатты үйлерден ағып келетін құбыр суы қаншама үйлердегі айқай-шуды естіп келеді. Сондықтан құбырдан алынған суды пайдаланбас бұрын буландырып, конденсациялап немесе мұздатып қатырып, соңынан ерітіп тұтынған дұрыс. Осындай жағдайда судың зиянды ақпараттары жойылады.

Әлемдегі ең таза су – зәмзәм суы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2004 жылғы мәліметі бойынша, бұл су әлемдегі ішуге пайдалы ең таза су. АҚШ-та жасалған тест нәтижесінде жер бетінде құрамында микроорганизмдер мен бактериялар кездеспейтін бірден-бір таза су – осы зәмзәм екені ғылыми негізде дәлелденді. АҚШ-та әртүрлі сусындар мен жемістерді елге әкелуге тиым салынғанымен, зәмзәм суына тиым салынбайды. Зәмзәм суының басқа суларға қарағанда құрамында күкірті аз, құнарлы, минералы көп. Тойыну үшін ішкен адамның қарны тояды, шөлдеген адам ішсе, шөлі қанады. Қала суынан айырмашылығы – құрамында кальций мен магний тұздары көп. Шаршаған адам зәмзәм суын бетіне жақса, рахаттанады. Тағы бір ерекшелігі, зәмзәм суының құрамында түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұратын фтор бар. Өмірде судың дәмін бұзатын биологиялық құбылыстар зәмзәм суына ешқандай әсер етпейді. Бұл да ғылыми тұрғыда дәлелденген. Еліміздің де әр өңірінде тереңнен атқылап, жер бетіне шығып жатқан емдік қасиеті мол минералды су бұлақтары бар. Олар температурасы және құрамындағы газдар мен тұздарының түрі жағынан (хлор, калий, натрий, темір және т.б.) әртүрлі болып келеді. Адам ағзасына шипалы әсері бар Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасан курорт-санаторийлері, емханалар салынған. Бұрыннан белгілі минералды қайнарлар әсіресе, шөлді аудандарда көп кездеседі. Жергілікті халық оларды ем үшін пайдаланып жүр.
Қазіргі ғылыми жетістіктер тірі организм үшін судың маңызы зор екендігін дәлелдеп отыр. Су бүкіл биологиялық, биохимиялық, химиялық реакциялар үшін қажет.Адамның, жан-жануарлардың ұрықтары сұйық заттардан құралады. Аталық ұрық пен аналық ұрық қосылып эмбрионға айналғаннан кейін, оның өсіп-жетілу процестері жатыр ішіндегі суда өтеді. Бұл жанды мақұлықтардың судан жаратылатындығы ақиқат деген сөз.

Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді. Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3 - ге жетті. Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12 - 18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200 - 400 литрге жетіп отыр. Су ресурстарының “мұхит - атмосфера - жер - мұхит” системасындағы айналым процестерінде тамаша бір қасиеті - өздігінен қайта қалпына келу қабілеті. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі табиғи сулардың осы қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау.
Судың өздігінен тазару процесіне әсер ететін физикалық факторлардың ішінде ластаушы заттардың сұйылуы, еруі және араласуы негізгі рөл атқарады. Қазіргі кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000 км3 шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңде 7000 тонна, мақтаға 10000 тонна су жұмсалады.
Қызықты мәлімет

Қызанақ 90 пайыз судан тұрады. Жылан суда  шаға алмайды. Жер шарының 3 пайызында ғана тұщы су, ал қалған 97 пайызы ащы су.

Газет парақтарын шығару үшін шеберлер 300 литр суды керек етеді. Бір көлік машинасын жасап шығару үшін 177 литр су шығындалады.


2.3. Тәжірибелік бөлім

Судың құпия сырларын тереңірек танып-білу үшін 4 ыдысқа топырақ салдық, 4 ыдысқа су құйдық. Төрт ыдысқа бидайымызды, оларға арналған суымызды дайындадық. Су құятын ыдыстардың алғашқысына бұлақтан әкелінген киелі суды құйдық. Екінші ыдысқа «Сен жақсысың», Мен сені жақсы көрем» деген сияқты жылы-жылы лебіздер айттық, үшінші ыдысқа «Сен жамансың», «Сені жек көрем» деген сияқты ғайбат сөздер айтып қойып қойдық. Төртінші ыдысқа күнделікті өмірде тұтынып жүрген ауыс суды құйдық. Төр ыдысты алдымызға қойып, барлығына бірдей мөлшерде бидай дәнін салдық. Бірнеше күн бойы бірінші ыдысқа бұлақтан әкелінген суды құйып отырдық. Екінші ыдыстағы бидайға жылы-жылы сөздер айтылған суды пайдаландық, үшінші ыдысқа ғайбат сөздер айтылған суды, төртінші ыдысқа күнделікті ауыз суды құйдық.

Тәжірибеміздің нәтижесін екінші күні-ақ байқадық. Алғашқы ыдыстағы бидайымыз бір дегеннен қаптап шыға бастады. Екінші ыдыстағы бидайымыз да оның артын ала көріне бастады. Үшінші ыдыстағы бидайлар оңайлықпен көріне қоймады. Үшінші ыдыстағы бидайлар да біраз баялап барып шыққанын байқадық. Төртінші күні бірінші ыдыстағы бидай өскіндері 3-4 см-ге көтеріліп қалды, басқалары оның артын ала көтеріліп келе жатыр. Мұнд біз үшінші ыдыстағы бидай өскіәндерінің біраз баяулап әрі өте аз мөлшерде шыққанын байқадық. Бір апта өткенде бірінші ыдыстағы өскіндердің бойы 6-7 см-ге жетті. Қалғандары оның артын алып өсіп келеді. Бұл тәжірибеден біз қасиетті орыннан әкелген су құйылған бидай өскіндерінің өте жақсы шығып, екінші ыдыстағы өскіндердің одан біршама аз және төменірек, ал үшінші ыдыстағы өскіндердің тым аз және төмен екендігін, төртінші ыдыстағы бидай өскіндерінің біршама аз және төменірек өскенін көрдік. Нәтижесінде судың құпия сырларын ұғынып, олардың жадының қалай жұмыс жасайтынын танып-білдім.










3. Қорытынды


Қазіргі ғылыми жетістіктер тірі организм үшін судың маңызы зор екендігін дәлелдеп отыр. Су бүкіл биологиялық, биохимиялық, химиялық реакциялар үшін қажет. Өйткені су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат.

Адамның, жан-жануарлардың ұрықтары сұйық заттардан құралады. Аталық ұрық пен аналық ұрық қосылып эмбрионға айналғаннан кейін, оның өсіп-жетілу процестері жатыр ішіндегі суда өтеді. Бұл жанды мақұлықтардың судан жаратылатындығы ақиқат деген сөз.

Жердің үш ширегі, яғни 4/3 бөлігі, яғни 75 пайызы судан, ал адамның тірі жасушаларының одан да көп бөлігі, нақтылай айтсақ 80 пайызы, ¾ судан тұрады. Судың негізгі қасиетінің бірі деп өзендердің, теңіздердің, мұхиттардың температурасын тұрақты ұстап тұруын айтуға болады. Бұның өзі ондағы тіршіліктің, өмірдің негізгі шарты болып табылады.

Жапондық Масару Эмотоның «Өзіңді танудағы және емдеудегі судың энергиясы» атты кітабындағы судың ғажайып қасиеттері, оның есте сақтау қабілеті, айтылған әрбір сөзді қабылдай білу еркешелігі әлемде үлкен жаңалық туғызған болатын. Сонда, сөздің суға әсері де баяндалады. Ал, адам денесінің 80 пайызы судан тұрарын ескерсек, бұл тәжірибе жұмыр басты пендеге де тікелей қатысты болып шықпай ма? Әрбір айтылған теріс информация суды қалай ластайтын болса, оның адам өміріне де сондай ықпал жасай алатынын байқауға болады. Осыдан келіп, әрбір жұмыр басты пенденің алдында айтылған сөзге абайлап қарау, оның құдіретін сезіне білу қасиеті тұра білуге тиіс.

Судың құпия сырын танып-білуде тәжірибе жасап көріп, нәтижесінде оның жадының қалай жұмыс жасайтынын танып-білдім. Нәтижесінде суға жақсы не жаман сөздер айту арқылы қалай әсер етуге болатынын, оның құрылымын қалай өзгертуге болатынын ұғындым. Адам организмінің 80 пайызы судан құралған болса, онда адамның көңіл-күйіне де қалай әсер етуге болатынын білдім.
















Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Бектемір А. Судың белгілі һәм белгісіз сырлары. Ислам және өркениет газеті. 2014 ж. 21-сәуір. 2-б.

  2. Ж.Қайыржанов. Судың сырын білеміз бе? Ана тілі. 22-Қыркүйек, 2011.

  3. Б. Өткелбаев. Жаратылыстың қос құпиясы. "Әзірет Сұлтан" мешітінің наиб имамы. Муслим.кz.25.07.2012 ж.

  4. К.Аймағамбетова, Н.Ким Дүниетану 4-сынып Алматыкітап

  5. ҚР энциклопедиясы 2010жыл

  6. Емші Халықтық және ресми медицина үнқағазы 2017 жыл

  7. Денсаулық журналы 2014 жыл





12


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
1606
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі