400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Шуағын шашқан - "Аялы алақан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шуағын шашқан - "Аялы алақан"

Мақсаты: жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, үйрету.
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Аналардың мерекесін бастайық.

Көздеріңнен көрем шаттық арайын,

Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.

Қадірлі аналар көңілі ,

Көктемдей жайнап гүл ашсын.

Бақытқа толы өмірі-

Шаттыққа шаттық ұлассын.

«Шуағын шашқан - «Аялы алақан» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.


1 бала: Жігіттер мында не болып жатыр? (Айбар)

2 бала: Неге ата-аналар жиналды екен? (Мансур М)
3 бала: Бүгін не мереке ме?
(Дарын)
4 бала: Әрине, Аналар мерекесі ғой, бірақ қыздар қайда? (Алихан)
5 бала: Ой, қыздарды қайтесіндер, Олардың бәрі бұзық қой. (Нұрислам)
6 бала: Жоқ, жоқ Қыздар бұзық емес, олар ерке. (Нұрбек)
7 бала: Біздің қыздар әдемі ғой.  (Алинур)
8 бала: Онда біздің қыздарымыз қайда екен? (Санжар)
9 бала: Қыздарымыз сәнденіп жатқан шығар. (Акежан)

10бала: Ия бүгін сұлулуқ салондарда кезек көп қой. ( Арман)

11бала: Қазір келіп қалар ( Мансур О)
12 бала: Онда қыздарымыз келгенше би билеп берейік ата-аналарға. (Ерасыл)

Жүргізуші: 

Мерекеге арналады бүгін кеш,

Көтерілсін қанекей,көңіл күйлер.

Алдарыңызда «Сері жігіттер»

Таң қалдырып қанекей би билесін.

Би: Сері жігіттер


Қыздар кіреді. Әуен Менің анам алтын

Музыка әуенімен қыздар келеді. Ұлдардың қастарына келіп тұрады


Жүргізуші: Қайырлы күн! Қымбатты аналар, ақ жаулықты әжелер, қонақтар!
 Айбар      Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз Аналар 
                    мерекесімен құттықтаймыз!Әрқашан дендеріңіз сау,көңілдеріңіз 
                    жайдарлы
 жүздеріңіз жарқын болсын деп тілейміз


Мөлдір: 
Қандай бала болмайық, 
Анамызға балдаймыз, 
Көтерейікші көңілін 
Ән салайық бәріміз.

Ән: «Ақ мамам»

Балалардың аналарына арналған тақпақтарына кезек берейік.
Тақпақтар:

Ерасыл: Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.


Алихан : Анамыздың мейірлі 
Жүзіне біз қараймыз. 
Анамызды пейілді 
Жомарт жанға балаймыз. 


Айбар : Анамды мен жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем.
Қасымда анам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем.


Нұрай: Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір - бірден
Аналарға сыйлаймыз.



Дарын :
Теңдесі жоқ данасың, 
Арқа сүйер панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы анашым.



Арман: Аппақ мамам, ақ мамам «Ақ  мамам!» - деп, шаттана Түн ұйқысын төрт бөліп,

«Бөпешім!»- деп жатпаған.

Аружан : Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамын мен құттықтаймын

Жүргізуші:

Мың бұралып билеген қыздарды кім сүймеген днген дей биші қыздарымызды ортаға шақырамыз.

Би : «Қуыршақтар» Мөлдір, Інжу, Балнұр,Айша, Еңілік

Ән: «Анажаным»

Бізге қонаққа келген әжелерді қарсы алайық.

Әзіл: «Әжелер»

1 әже:(Чип –чип әні) Айбар

Немерем менің блатной

Күндіз тыным таппайды

«Видик көру керек » деп

Кешкі ұйқыға жатпайды


2 әже:(Қызыл өрік әні) Мансур

Немерем менің кір-кір боп

Үйдің бетін көрмейді

«Киндр» сатып әпер деп

Еш тыныштық бермейді


3 әже: (Т.Төреалі «Бол жанымда») Ерасыл

Немерем менің ән салса

Махаббат деп айтады

Қызың бар ма деп едім

«Жоқ» деп басын шайқады.


4 әже: (Ойпырым-ай)  Арман

Келіндер келіп қапты ғой

Біз де үйге кетейік

Немере шіркін тәтті ғой

Барына шүкір етейік

Жүргізуші:

Немере деген балдай ғой

Тәттілігі шайдай ғой Әжелердің құрметіне бір ән


Ән: Менің әжем» орындайтындар Айша мен Інжу

Біз тағы бір өнерлі қызмызды ортаға шақырайық


Би Мөлдір Хорошее настроение



Тәрбиеші: Қымбатты біздің аналарға

Әжелер мен даналарға

Тңғажайып күнінде тақпақ айтсын балалар Біздің ақжаулықты әжелеріміз аман болып,немерелеріңіздің қызықтарына тоймай жүре беріңіздер. Ендігі кезекте Әжелерімізге арналған балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар



Нұрбек: Анашым анам 

Ризамын саған

Тіліңді алам

Ақылды болам


Інжу : Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.


Балнұр : Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.


Мансур М: Жақсы көрем күлкінді 

Айналайын ақ мамам

Менің мамам сүйкімді

Бәрінен де жақсы адам.


Еңілік: Әже деген көп шығар,
Әжемдей жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.


Санжар: Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.

Альмара : Аналарды сүйеміз, 
                 Сөзін ойға түйеміз.
                 Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

               

Мансур О : Үлкен, кіші әркімде

Әже де бар, ана бар

Аналарды әр күнде

Қуантса екен балалар!




Сезім:

О,Алақай балалар
Шақырады далалар
Көктем келді гүл алып
Құстар келді жыр алып

Саңырауқұлақ аясында атты көріністі тамашалаңыздар.

Көрініс: Саңырауқұлақ аясында

Жүргізуші –Айша

Құмырсқа –Акежан

Көбелек-Інжу

Торғай –Нурислам

Қоян- Алинур

Түлкі –Еңілік

Бақа –мансур.

Ән : Мен қазақтың қызымын. Мөлдір

Жүргізуші:

 Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналарды құттықтап,
Би билейміз бәріміз.
Сүйікті аналар сіздерге арнаған балалардың «Көктем» биін қабыл алыңыздар.

Би: « Көктем»

Ән: Көктем келді

Мектеп әкімшілігі сөз кезегін беру
Ата - аналарға құттықтау сөз кезегін беру
Жүргізуші: Сүйкімді ғой балалар
Өнерлі ғой баршасы
Міне, осындай қойылым көрсеткен «Мектеп алды даярлық топ балалары» енді өздерінің шғын сыйықтарын тапсыруға рұқсат етейік

Құтты болсын осы шаттық күніңіз

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым

Бұл өмірде ұзақ өмір сүріңіз.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 мамыр
557
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі