жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Шуағын шашқан аялы алақан!
Жамбыл облысы, Тараз қаласы
№23 орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Шуағын шашқан аялы алақан!
Вальс: Көктемгі вальс
Ән: Ана туралы ән!
Жүргізуші:
Ардақты
әжелерім, аяулы аналарым,
Мейірбан
аппақ көңіл даналарым.
Гүл
көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды
сіздерді балаларың,
Асия:
Аналар
– ау менің шалқар көлдерім
Көлдерім
мен асқар - асқар белдерім
Мына
өмірде қуанышты жүргенім
Сенің
арқаң мына өмірге келгенім.
Мәди:
Мерекеңіз
құтты болсын анажаным,
Өзіңменен
атып келеді әрбір таңым.
Өмірде
сенен асқан жан бар ма екен,
Алтын
анам, аяулы менің, ақ мамам.
Айзере:
Шырылдап
дүние есігін мен ашқанда
Қасымда
болдың алғаш сен анашым.
Ақ
сүтіңнен мен алғаш дәм татқанда
Мейіріммен
жақсы көрген баласын.
Жүргізуші:
Мың
бұралып би билеп,
Ән
де салып береміз.
Осылайша
шаттықпен,
Біздер
өсіп келеміз,
Би: Гүлдер !
Жүргізуші:Көктемнің шуақты күндеріндей, сан - алуан гүлдеріндей құлпырып, жайнап жүре беріңіздер! Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын!
Ән: Ақ мамам!
Жүргізуші:
Бұл
күнді тойлап жатыр барша халық.
Әйелдер
күні бүгін халықаралық
Жарыққа
бізді әкелген аналарды.
Бүгінгі
мерекемен құттықтайық.
Абылай:
Сеніміңді
ақтайды,
Еркелеткен
баламын.
Аман
жүріп әрқашан,
Мұңаймашы
анашым.
Нұрдаулет:
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсаң шаттанған.
«Алтыным» деп мақтаған,
Айналайын ақ мамам.
Біз ананың гүліміз,
Ана біздің күніміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүреміз.
Ән: Көктем келді! (Абылай, Айзере, Нұржанат, Айсауле, Асия шығып кетеді)
Жүргізуші: Ана барлық өмірдің бастауы.Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді.Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан,ананың ақ сүтінен дариды.Ана - ұлы адам,ана құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын аяулы АНАЛАР!
Зейнеп:
Ерлік
еткен біз үшін
Еңбек
еткен біз үшін
Еркелеткен
біздерді
Анамызға
мың алғыс.
Шыңғыс:
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың.
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым.
Нурислам:
Аяулы
да алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен
мәңгі бірге боласың.
Сен
– асқарсың, сен - аспансың, биіксің,
Сен
- дарқансың, сен – жомартсың, данасың.
Жүргізуші:
Әрқашан
аналарымыз аман болсын,
Алаңсыз
бақытты өмір біз кешеміз деп «Анама
сыйлық» сахналауын тамашалаңыздар.
Қонжық: Абылай
Түлкі: Айзере
Көжек: Нұржанат
Көктем: Айсауле
Гүлдер: Ұлжан, Бегім, Зейнеп, Ангелина,
Қоян: Асия
Көктем: Ерте, ерте, ертеде орманда көжек анасымен өмір сүріпті. Көжек өз анасын өте жақсы көреді екен. Бір күні көжек серуендейге шығыпты.
Көжек: Сәлеметсізбе Күн! Сәлеметсізбе көктемгі табиғат! Мұнде не мереке болып жатыр? (қонжық келеді)
Қонжық: Салем көжек!
Көжек: Сенің қолыңдағы не?
Қонжық: Менің қолымдағы бал! Балды анама сыйлыққа берем.
Көжек: Бүгін сенің анаңның туылған күні ме?
Қонжық: Сен білмейсің бе? 8-наурыз көктемнің алғашқы мерекесі.
Көжек: Ол қандай мереке?
Қонжық: Халықаралық әйелдер күні! Сол үшін мына балды анамы сыйлаймын.
Көжек: Ой білмеймін. Менің ешқандай сыйлығым жоқ.
Қонжық: Тез ойлан! Бір дыбыс естіп тұрмын. Мен кеттім.
Түлкі: Мұнда қандай аңның иісі шығып тұрған?. Менің қарным ашып тұр.Ах қоян!
Қандай тәп-тәттісін! Қазір мен сені жеймін.
Көжек: Енді мен істеймін? Маған кім көмектеседі?
Көктем: Көжек қатты қорқады. Көжекке кім көмектеседі?
(дауыс естіледі)
Гүлдер: Мұнда кел! Мұнда кел! Мұнда кел! Сені біз құтқарамыз.
Көжек: Сендер кімсіндер?
Гүлдер: Біз гүлдерміз!
Көжек: Мені түлкіден тығып қойындаршы!
Түлкі: Көжек қайда кетті? Мұнда тек гүлдер бар. Мен орманға барып, қоянды тауып, қарнымды тойдырайын. (түлкі кетеді)
Көжек: Гүлдер сендерге көп -көп рахмет! Сендер сондай әдемісіңдер! Менің үйіме жүріңдер. Анамды мерекесімен құттықтайық.
Гүлдер: Жарайды. (Гүлдер мен көжек үйіне келеді)
Көжек: Анашым! Анашым! Анашым! Сыртқа шығыңызшы. (анасы сыртқа шығады) 8-наурыз меркеңіз құтты болсын анашым! (құшақтап бетінен сүйеді)
Қоян: Мына өмірде бақыт жоқ қой мен білсем,
Көжегімнің құттықтаған сөзінен.
Көжегім, күнім деп күліп жүрсем,
Бұдан өзге бақыт жоқ қой мен білсем!
Жүргізуші:
Ана
деген – асыл жандар болаттай
Ана
деген – мөлдір жандар бұлақтай.
О,
адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа
ақыл ойды тоналтпай.
Ән: Құттықтаймын, мама, туған күніңмен! (Ұлдар шығып кетеді)
Ата-анамен ойын: Айтса айта берсін.
Жүргізуші: Ұлдар биі
Жүргізуші:
Аялайық
аналарды әрдайым,
Қуанышқа
бөлейікші өздерін.
Әжелердің,
аналардың, қыздардың
Мұң
шалмасын күлім қаққан көздерің,
Менің әжем, бұл әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем
Әжем менің, ақ әжем
Ақыл беріп үйреткен.
Аппақ әжем, пәк әжем,
Мейіріммен тербеткен.
Әжем менің асыл жан,
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейді,
Әжеме ешкім жетпейді!
Жүргізуші: Аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.
Ән: Әжемнің шәйі!
Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелеген ақ мамамды,
Жүрсем деймін шаттандырып.
Айсауле:
Жан
көрмедім мейірімді сенен асқан,
Күлімдесе
жүзінен арай шашқан.
Баласына
бар қамқорлық жасайды ана,
Мен
ананың сонысына мақтанам.
Ән: Ақ тілек!
Жүргізуші:
Міне, құрметті абзал жанды аналар, әжелер. Сіздерді тағы көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып. Бүлдіршіндердің дайындаған гүл шоғын қабыл алыңыздар. Көңіл қойып тыңдағындарыңызға рахмет! (балалар өз сыйлықтарын тарту етеді)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген