15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шуағын шашқан Наурыз!
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қамбарова Гүлжан Мұхаметалиқызы
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Шуақ шашқан Наурызым!»
Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы туралы мәлімет бере отырып, еліміздің салт-дәстүрлерімен таныстыру.
Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер мен ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, ою-өрнектер, слайдтар, ұлттық аспаптар мен киімдер үлгісі.
Қатысушылар: 7-8-9 сынып оқушылары.
Мереке барысы: экраннан слайдтар көрсетіліп, төл мерекеміз Наурыз мейрамы туралы мәлімет беріледі.
Сахнаға жүргізушілер шығады.
I жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!
II жүргізуші: Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, шуағын шашқан Наурыз келді.
I жүргізуші: Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек қуаныш әкелсін!
II жүргізуші: Айналаға төсеп алып көк кілем,
Кіріп келді міне бүгін бұл көктем.
Құтты болсын жарқыраған мерекең,
Аса берсін беделің мен берекең.
(Шымылдық ашылады)
Балдәурендік оқушылардан құралған оркестрдің орындауында Құрманғазының күйі «Балбырауын».
(Сахнаға жүргізушілер шығып Наурыз туралы мәлімет береді.)
I жүргізуші: Наурыз – қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Наурыздың 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады. Бұл түні даланы Қызыр аралайды. Тіршілік басталады. Малдың қыстан аман шығуы, оның өсіп-өніп төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам, жаңа жыл болып саналған.
II жүргізуші: «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» деп, нақыл айтып, ауыл арасын ауыз бірлікке, татулыққа, ынтымыққа шақыратын. Жыл басы Наурыз күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым ететін.
I жүргізуші: Ендігі кезекті әсем әнге берейік.
(Сахналық қойылым.)
Ақ кимешекті аппақ әжеміз өзінің немерелерімен келеді.
«Қош келіпсіз, әже!»
Қасына 7 немересін ерткен әже кіреді. Табақшаларында наурыз-көже, шашу, дән, су, ақ (сүт тағамдары), көк ырыстан (дән және жеміс-жидек) және қызылдан (ет тағамы) 7 түрлі тағамы бар. Қыздар иіліп, ұлдар қолдарын кеуделеріне қойып тәжім етеді. Әже: «Уа халайық, бүгінгі мейрамға жиналып қалыпсыздар ғой. Ал, мерекелерің құтты болсын. Наурыз мейрамы әр шаңыраққа бақыт, табыс, құт-береке, жақсылық әкелсін. Мен 7 күлше әкелдім. Алыңдар, ауыз тиіңдер!»
«Айтпақшы, біздің ауылдың биші қыздардың өнерін тамашалайық».
II жүргізуші: Ұйымдастырушы ұстаздардың орындауында «Нұр шашу» биін тамашалаңыздар.
I жүргізуші: Ай, бәрекелді, керемет биді тамашаладық. Енді тұсаукесер салтына да кезек берелік.
II жүргізуші: Иә, қазақ халқының өмір салтына көрік беретін дәстүр тұсау кесу емес пе?! Бала жүре бастаған кезде кішігірім той жасап, тұсау кеседі.
Әже: Наурызжанымыз өсті, олай болса тұсауын кессек.
1-жеңге:
Салт-дәстүрмен жараса, қайта құрып жаңаша,
Жарыса өнер көрсетіп, той тойлайық тамаша.
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, тұсаукесер басталды,
Наурыз айы тойында жар салайық әлемге.
Ал ағайын, көріңдер, естімеген естіңдер.
Ала жіпті алайық, тұсауын кесіп жарайық.
Тұсау кесуші:
Ала жіпті байлағаным – адамның ала жібін аттама дегенім.
Көк шөппен кескенім – басқаның жайлы болсын дегенім, өмірің ұзақ болсын дегенім.
Тұсаукесер рәсімі орындалады.
Тұсау кесуші:
Қаз-қаз балам, қаз балам,
Тақымыңды жаз, балам.
Қадамыңды қарайық,
Басқаныңды санайық.
Қаз-қаз балам, жүре ғой,
Тай-құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың.
Келген Наурыз айында
Асулардан аса ғой.
1-қонақ: Бәрекелді, мың жаса! Ал, ауыл ақсақалдарынан бата алайық.
Қария:
Жас ұрпақ өмірлі болсын,
Тұрмысы көңілді болсын.
Ата-анаға мейірлі болсын,
Ағайын-туысқа пейілді болсын.
Өнеге-білімге зейінді болсын,
Он саусағы майысқан шебер болсын.
Ел қорғайтын батыр болсын,
Шындықты айтар ақын болсын.
Халқым деген жүрегі болсын,
Жұртының қамқор тірегі болсын.
Абыройы өрлесін, жаманшылық көрмесін.
Әумин...
II жүргізуші: Ал қане, жастар арасында мақал-мәтел жарысын ұйымдастырып көрейік. Олай болса мақал-мәтелдің басы айтылады, сіздер аяқтайсыздар.
1) «Әй» дер әже жоқ, «қой» дер ........ (қожа жоқ).
2) Оқысаң озарсың, оқымасаң ....... (тозарсың).
3) Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті ....... (дау алмайды).
4) Ақымақ ішкен-жегенін айтады,
Ақылды ...................... айтады. (көрген-білгенін)
5) Жан қиналмай жұмыс бітпес.
Талап қылмай ............. жетпес. (мұратқа)
Жарайсыңдар, енді бәріміз арқан тартысып, күш сынасайық. ( «Арқан тартыс» ойыны )
2-қонақ: Осынау үлкен тойда «Қара жорға» қалайша биленбейді, «Қаражорға» биін билейік.
I жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен думанымыз аяқталды.
II жүргізуші: Келер жылға дейін сау болыңыздар, Наурыз құтты болсын!
2018-2019
Мазмұны
1.Кіріспе. Түсінік хат. Introduction. Letter of understanding.
Мамандықтар жайлы не білеміз?
What do we know about professions?
а) Оқытудың негізгі мақсаты:
The main aims of teaching
б) Оқытудың негізгі міндеттері:
The main objectives of the training
в) Күтілетін нәтиже
Expected results
2.Тақырыптың өзектілігі
Relevance of the topic
3. Бағдарламаны іске асырудың шарттары
Terms of program implementation
4. Негізгі қағидалар
Basic principles
5. Қорытынды
Conclusion
6. Пайдаланылған әдебиеттер
Used literature
Introduction
Centuries ago there were only a few jobs: people were farmers, bakers, butchers, or salesmen. Today there are thousands of different kinds of jobs, and new ones are constantly appearing. And the problem of choosing the future profession has always been very important and difficult matter because it determines our future life in many ways. It is one of the most important decisions for every person.
As for me, i had decided to be a teacher, so last year i entered Irkutsk State Teacher Training University. Our University is situated in Shymkent; it is rather large and comfortable building.
Students say that our building is the best and it is quite easy to find different classes.
As i have told before - i choose to be a teacher of English as a second language because it will be a chance to fulfill my dream of helping people to learn the foreign language. I think i possess the qualities necessary for being a good teacher. I am hard-working, kind-hearted, and broadminded. I want to devote myself to teaching different people, especially children. It will be a very challenging work for me - i will need to use all my knowledge, skills and imagination to find the right approach for every single student and make the process of studying as creative and interesting, as possible. So, i think that i have made the right choice.
Below we have a list of different Professions and an explanation of what each person does in that profession.
Accountant - a person that works with the money and accounts of a company.
Actor/Actress - a person that acts in a play or a movie.
Architect - a person that designs building and houses.
Astronomer - a person who studies the stars and the universe.
Author - They write books and novels.
Baker - They make bread and cakes and normally work in a bakery.
Bricklayer - a person that helps to build houses using bricks.
Bus driver - a person that drives buses.
Butcher - a person that works with meat. They cut the meat and sell it in their shop.
Carpenter - a person that makes things from wood including houses and furniture.
Cook / Chef - a person that prepared food for others, often in a restaurant or cafe.
Cleaner - a person that cleans/tidies an area or place (such as in an office)
Dentist - a person that can fix problems you have with your teeth.
Designer - a person who has the job of designing things.
Doctor - a person you go to see when you are ill or have some type of health problem.
Dustman/Refuse collector - a person that collects trash/rubbish from bins in the street.
Electrician - a person that works with electric circuits.
Engineer - a person who develops solutions to technical problems. They sometimes design, build, or maintain engines, machines, structures or public works.
Factory worker - a person that works in a factory.
Farmer - a person that works on a farm, usually with animals.
Fireman/Fire fighter - a person that puts out fires.
Fisherman - a person that catches fish.
Florist - a person that works with flowers.
Gardener - a person that keeps gardens clean and tidy. They take care of the plants in the garden.
Hairdresser - they cut your hair or give it a new style.
Journalist - a person that makes new reports in writing or through television.
Judge - a qualified person that decides cases in a law court.
Lawyer - a person that defends people in court and gives legal advice.
Librarian - a person that works in a library.
Lifeguard - a person that saves lives where people swim (at a beach or swimming pool).
Mechanic - a person that repairs machines, especially car motors.
Newsreader - a person that reads the news, normally on television.
Nurse - a person trained to help a doctor look after the sick or injured.
Optician - a person that checks your eyes and try and correct any problems with your sight.
Pharmacist - a
Оқытудың негізгі мақсаты:
* To consolidate lexical stock, to teach to express own opinions, to enrich pupils' vocabulary on professions;
*To bring them up to respect the opinions of their classmates about the professions
.
Оқытудың негізгі міндеттері:
*"Мамандық
әлемі" кәсіби бағдар беру авторлық
бағдарламасының міндеті:
*Мамандықтар
туралы сауаттылықтарын арттыру
;
*Оқушыны
өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын
мамандыққа сай тани білуге үйрету ;
*Мамандықтардың
болашақ кәсіби айқындалуларында
тигізетін әсерін көрсету;
*Әлеуметтік
құндылықтарымен бірге қоғамдық,
экономикалық қажетті мамандықтар туралы
білімдерін кеңейту.
Сабақ
барысында мынадай әдіс-тәсілдер
қолданылады:
During the lesson the following methods are used:
-Баяндау - to inform
-Талқылау - to discuss
-Сұрақ- жауап - answer-question
-Сұхбаттасу - to interview
-Рөлдік ойындар - role play
-Миға шабуыл әдісі - brainstorming methods
-Дискуссия әдісі - discussion methods
Сабақты ұйымдастыру түрлері
Types of organization of lesson
Әр сабақ мазмұны жағынан тиянақты, жүйелі түрде, бір-бірімен байланысады.
Сабақ әр балаға түсінікті, жүйелі болу үшін:
This kind of work is done in order to be clear for every child.
-жұппен жұмыс - pair work
-топпен жұмыс - group work
-жалпымен жұмыс - work with class
-практикалық жұмыс - practical work
-жеке жұмыс түрлері жүргізіледі. - individual work
Күтілетін
нәтиже:
Expected result
- Бағдарлама жүзеге асқан жағдайда ағылшын тілін жақсы деңгейде меңгере отырып, оқуда алған білімдерін қоршаған мәдени ортада қолдана алатын, әлеуметтік - мәдени біліктіліктері дамыған жан - жақты, бәсекеге қабілетті жас ұрпақтың тигізер үлесі мол.
Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарында шет тілін кәсіби деңгейде оқыту басты орында тұр. Яғни әрбір студент өз мамандығына байланысты шет тілін жетік меңгеріп, одан әрі қарай дамыта алады. Сонымен қатар шет мемлекеттерге шығып, мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндігі зор.
Тақырыптың өзектілігі:
Еліміздің тарихында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, білім беру саласындағы жаңа бағыттар ағылшын тілін оқытуды үнемі жетілдіруді, оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеру міндеттерін жүзеге асыруды талап етуде. Осыған орай, ағылшын тілін - тілдің үш тұғырының бірі ретінде қызмет етуінің алғы шарты-оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қолданылуы болып табылады.
Ағылшын тілін үйрену арқылы оқушылар білім деңгейін көтеріп, болашақ мамандықтарын дұрыс таңдай білуге дағдыландырады, мамандықтар туралы өз пікірлері қалыптасады.
Бағдарлама «БАЛДАУРЕН» оқу-сауықтыру орталығына уақытша келген оқушыларға жоспарланған. Орталыққа келген әр бала мемлекеттік стандартқа сай білім алумен қатар, әр пән арқылы ұлттық құндылытарды сіңіре алады және оны ағылшын тілінде айтуға үйренеді.
Бағдарламаның жалпы сағат саны 11сағат. Әр сабақ 40 минуттан тұрады.
№ |
Сабақтың тақырыбы Themes of the lessons |
|
|
1 |
Introduction. Кіріспе. |
|
|
2 - 4 |
Multiple specialities in Kazakhstan
1. To give informations about professions 2. Rare Specialties 3. Professions in foreign countries
|
|
|
5 - 7 |
Required professions of the world
Doctor
Teacher
Lawyer |
|
|
8 - 10
|
A cook
An actor
A builder |
|
|
11
|
A police
|
|
|
Бағдарламаны іске асырудың шарттары
Техника құралдары:
Equipment
interactive board,
computer;
TV-set,
video footage.
Мұғалімге көмек:
slides;
видеофильмдер - video films
кітапшалар - brochures
буклеттер - booklets
мазмұнды; - content pictures
таратылатын дидактикалық материалдар - distributed didactic materials
Негізгі қағидалар - Basic principles
-Бағдарламаның жүйелігі бірізді ережеге сай жасалды.
-Тиімділігі тақырыптар оқушылардың білім деңгейлеріне ықшамдалып алынғаннан кейін, оқушыларға тақырыпты меңгеруге оңай.
-Иілгіштігі бұл бағдарламаны қандай ортада болмасын қолдануға болады. «Балдәурен-Шымкент» РОСО-на келген оқушылар аз уақытта барлық тақырыпты толықтай қамтып, қорытуға болады.
-Маңыздылығы мол, тәрбиелік, танымдық, жан-жақтылық, отан сүйгіштік, қоршаған ортаны құрғау, т.б.
Оқушылар білуге тиіс:
*Дәрілік өсімдіктердің түрлерін білу
*Дәрілік өсімдіктердің шипасын білу
*Дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін білу
*Дәрілік өсімдіктерді жинау әдістерін білу.
*Гербарий жасау әдістерін білу
*«Балдәурен-Шымкент» РОСО аумағындағы дәрілік шөптермен танысу және білу
Тақырыптық жоспар (аптасына 1 сағ, жылына 34 сағат)
1 |
To give informations about professions |
1 сағ |
2 |
Multiple specialities in Kazakhstan |
1 сағ |
3 |
Rare Specialties |
1 сағ |
4 |
Professions in foreign countries
|
1 сағ |
5 |
Doctor |
1 сағ |
6 |
Teacher |
1 сағ |
7 |
Lawyer |
1 сағ |
8 |
Geologist |
1 сағ |
9 |
An ambassador |
1 сағ |
10 |
Police |
1 сағ |
11 |
A cook |
1 сағ |
12 |
A designer |
1 сағ |
13 |
A painter |
1 сағ |
14 |
A miner |
1 сағ |
15 |
An engineer |
1 сағ |
16 |
An architect |
1 сағ |
17 |
An actor |
1 сағ |
18 |
A builder |
1 сағ |
19 |
A journalist |
1 сағ |
20 |
An accountant |
1 сағ |
21 |
Musician |
1 сағ |
22 |
A zootechnician |
1 сағ |
23 |
An oil worker |
1 сағ |
24 |
A management |
1 сағ |
25 |
A librarian |
1 сағ |
26 |
A singer |
1 сағ |
27 |
A dancer |
1 сағ |
28 |
A composer |
1 сағ |
29 |
A film director |
1 сағ |
30 |
An agronomist |
1 сағ |
31 |
A mechanic |
1 сағ |
32 |
An electrician |
1 сағ |
33 |
A welder |
1 сағ |
34 |
A florist
|
1 сағ |
Қорытынды.
Ж. Аймауытов айтқандай "Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе" десек, Абай атамыз айтқандай "Болмасаңда ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғалым сүйсеңіз" дегендей алға ұмтылып, арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық. Егеменді еліміздің ертеңі - маман иелері болуларыңызға жол ашып беруге тырысамыз.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. С. Мейрамова, К. Ибрагимов. Английский язык - Астана - Фолиант - 2010ж.
2. Республиканский научно - методический журнал "Английский язык в школе, колледже и вузе" 2013ж.
3. Республикалық ғылыми - әдістемелік журнал "Ағылшын тілі мектепте" № 4. 2010ж.
4. Республикалық әдістемелік педагогикалық журнал "Мектептегі шет тілі" № 2. 2010ж.
5. Еркаева Н. Ф. секрет удачного выбора. Караганда, 1993г.
6. Рогов Е. И. Настольная книга практического психолога. М. Владос - пресс, 2003г.
7. Ортаев Б. Батырова А. Кәсіпке бағдарлаудың теориясы мен әдістемесі. "Нұрлы бейне", 2010ж.
8. "Қазақстан": Ұлттық энциклопедия. Бас редактор Ә. Нысанбаев - Алматы
" Қазақ энциклопедиясы" Бас редакциясы, 1998ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген