400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Шуағын төккен төрт көктем" бастауышпен қоштасу ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар бастауыш сыныппен қоштасып,ұстаздарына алғыс айтады,музыкалық сәлем арнайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қараөзек» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі



«Бекітемін»

Мектеп директоры: Қ.Абдуллаев







Ертеңгілік

Тақырыбы:

«Шуағын төккен төрт көктем!»







Сыныбы: 4 «А»

Мерзімі: 24.05.2017ж

Уақыты: 1130

Сынып жетекшісі: А.Султанова









Тақырыбы: « Шуағын төккен 4 көктем»

Мақсаты: 4-жыл бойы білім алған білім, біліктерін, ой-өрістерінің жемістерін,өнерлерін ортаға сала бастауыш сыныппен, алғашқы ұстаздарымен қоштаса отырып ,жоғарғы сынып мұғалімдеріне , ата-анасына әр оқушының өзіндік ерекшелігін таныту, сәт-сапар тілеп табыстау. Мектепті, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Оқушылар өмірінен түсірілген фото-суреттер,шарлар, гүлдер, нақыл сөздер,күнбағыстар.

МҰҒАЛІМ: Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар!

Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол осыдан 4-жыл бұрын мектеп табалдырығын қымсына, жүрексіне аттаған балаларыңыз оқып-білім алып, ақыл-ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра біліп, қанаттары қатайып, бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Мен бүгін осы кешті жүргізуді сыныбымыздың озат оқушылары Шүкірбай Кемал мен Әдехан Арайлымға тапсырамын.

Екеуі бірге: «Сәлеметсіздер ме?»

Арайлым: Қайырлы күн,қымбатты ұстаздар,оқушылар,ата-аналар! Сіздерді бүгінгі «Бастауышпен қоштасу» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

2-жүргізуш.: Кемал. Армысыздар,аяулы да асыл жанды ата-аналарым! 1-жүргізуші: Арайлым. Армысыздар, аяулы да ,қымбатты ұстаздарым! 2-жүргізуші:Кемал. Шуағын шашқан, 1-жүргізуші: Арайлым. Нұрын төккен, 2-жүргізуші.Кемал. Дәнін еккен, 1-жүргізуші.Арайлым. 4-көктем!-атты бастауышпен қоштасу мерекесіне қош келіпсіздер!

«Қараөзек» жалпы орта мектебінің 4 -ші «А» сынып оқушыларын қошеметпен сахна төріне шақырамыз! (музыка әуенімен 2-2-ден қол ұстасып оқушылар шығады.)

Кемал: Ендеше, мерекелік кешімізді ашып беру үшін мектеп директоры

Абдуллаев Қалмуханмет ағайды,Жаңабаева Ықпал апайды,Идрисова Жазық апайды сахна төріне шақырамыз.

Кемал: Білім десе бойымызда тұрар күш Шәкірттері шеттерінен тіл алғыш Білімменен сусындатқан біздерді Ұстаздарым өзіңізге мың алғыс!

1-жүргізуші: Арайлым:

Білім деген қауыздан гүл ашылған, Оған керек таусылмайтын көп шыдам. Бар білімнің, бар ілімнің атасы, Бастау алар бастауыш сатысынан.

2-жүргізуші: Кемал: Бесіктегі баланың , Күлгенін көрген бір мұрат, Алдына түсіп ананың , Жүргенін көрген бір мұрат- дегендей бұндай күнді көру бақыт деп ойлаймын. Сіздердің алдарыңызда тұрған мына біздер 4-ші сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болсақ бүгін міне, ес біліп етек жиған шәкіртпіз.

1-жүргізуші.Арайлым

Бұл күнге жайдан-жай келе салғанымыз жоқ, бүгінгі күні сіздердің алдарыңызда рахаттана еске алатын сәттеріміз де аз емес.

1-ұл. Жабай.

Ассалаумағалейкум ағайындар! Армысыздар, аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!

7 ұл - Ерзат

Бәрі: Сондықтан да сіздерге,

Бас иеміз құрметпен!

2-жүргізуші. Кемал. -Арайлым , дүниедегі адамға ең жақын ,ыстық жанның бірі кім деп ойлайсың?

1-жүргізуші.Арайлым. - Әрине ұстаз.Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі-ұстаз. Өйткені ол шәкірттің көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.

2-жүргізуші.Кемал. -Дұрыс айтасың. Ұстаз еңбегі ұлы еңбек.

Бізбен бірге 4 жыл бойы ыстыққа күйіп, суыққа тоңып, әрдайым қасымыздан табылған ұстазымызға және мектептегі барлық ұстаздарға шәкірттік ризашылығымызды сөзбен айтып жеткізу қиын екен.Ыстық лебізімізді өлең жолдарымен жеткізейік!

Қаншайым:

Мектебімізге бас болған, Ұжымды ол басқарған, Жаңалықтың жан ашыры жақсы адам, Қалмұқан ағай үміт күтеді жастардан.

Ерболат Анамдай мейірімді құшақ ашып, Тұрамыз Сәуле апайға амандасып, Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп, Барамыз болашаққа қадам басып.

Кемал:

Тәрбиенің тал бесіктің бұлағы Біздің мектеп-мейірімнің тұрағы Ықпал апай ана тілім- қазақ тілдің маманы Ұлтымыздың жанып тұрған шырағы.

Жабай

Рыскүл апай! Сүріңіз өмір жасыңыз жүзге келгенше, Ана, батыр,ұстазсыз сіз бәрімізге Жақсылардан үлгі алған біздей жанға Өзіңізден білім алу зор мәртебе

Тұмар

Білімнің байыбына барып терең Ұлтай апай үйретті орыс тілін Жаны асыл ұстазыма мың бір алғыс, Бастаған тәрбиесін алып келем.

Зағмия

Байсалды мінезімен бір қалыпты, Біздің де көкірегімізде із қалыпты. Жазық апай неткен мықты төзімдісіз, Әр сыныптың білім пайызын екшелейсіз.

Ақниет

Шекер апай ізгі жан кішілікті, Көріп жүрміз өзіңізден кісілікті, Бойлаттыңыз тереңіне білімнің, Алғысымыз сізге айтар шексіз мың.

Диана.

Білімді шәкірттерін аялаған, Бар білгенін ешкімнен аямаған, Дариға апай жанашыры жас ұрпақтың Ұстаз деген ардақты аяулы адам.

Әр баланың мінезі де көп делік «Өзін-өзі тану» жүрер тер төгіп Психолог Дариға апаймен сөйлессең Қала алмайсың ішіңде бір сыр бүгіп.

Ербұлан. Өз ісінің шебері Әрдайым көңілді жүреді Әзілдесіп бәрімен Күлдіріп әркез жүреді Ол қайсы апай,кім біледі?

Гүлсезім

Үйренеміз жалықпай,

Ағылшын тілін шарықтай.

Тіл сындырып,ән айтып,

Шаттанамыз қалықтай,

Клара апай тәлімі

Сәулесін шашқан жарықтай.

Шет тілден сабақ береді Біздермен ойнап-күледі Қызық өтіп сабағы, Өсіреді ой-сананы, Мың алғыс Клара апайға

Айбын. Кейде жайлы мінезіне қызығасың, Кейде ашусыз мінезіне табынасың, Күліп жүрер әрқашан Айгүл апай, Жан-жүрегін қашанда ұғынасың.

Әдемі

Байсалды мінезіңнен бір қалыпты, Менің де көкейімде із қалыпты. Гүлжан апай ұстатып қағаз, қалам Ерінбей үйреттіңіз әр әріпті, Қоссаңдар 1-ді 2-ге 3 болады, Деуші едіңіз білімменнен күш толады. Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол, Ақылмен іс істесең іс болады. Беруші ең бізге айтып өлең тақпақ, Таласып алушы едік біздер жаттап, Өзіңіз баға қойған күнделікті , Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

Ерзат

Ұстазым аспаныңыз ашық болсын Мерейіңіз үстем болып асып-толсын! Саулығыңыз сыр бермей 100 жас жасап, Жамандық 6 қырдан қашық болсын.

2-жүргізуші. Кемал -Арайлым адамдарда қандай аналар бар? Айтып атап бере аласың ба?

1-жүргізуші.Арайлым. Отан-ана, жер-ана, өз анаң,мектеп-ана, ұстаз-ана! Соны да білмей тұрсың ба?

2-жүргізуші.Кемал. -Жоқ, Арайлым білмей тұрғаным жоқ. Бүгінгі кештің назарын мектеп-анаға, ұстаз-анаға шексіз ыстық, қуанышты,қайталанбас шын жүректен шыққан тілектер айтайын дегенім ғой!

1-жүргізуші. Арайлым. Бүгін біздер осы аналарға деген ыстық лебімізді білдіреміз!

2-жүргізуші.Кемал. Алтын ұя мектептен атамыз да, әжемізде,әкеміз де анамыз да тәлім алған.Келесі шырқалар тамаша әнімізді

Әдехан Арайлымның орындауында «Аққу арман» әнін қабыл алыңыздар

Арайлым: Пародия: «Қара жорға» Орындайтын оқушылар

Кемал: Монолог Тұрғанбай Әдемі және Махмуд Ақниет

Арайлым: Ән: «Қазақпыз бәріміз» орындайтын Хасан Айбын

Кемал: Өзбек биі «Нозли гулим» «Еркеназ» би тобы

Арайлым: Ән «Миллион раушан гүл» орындайтын Тұрғанбай Әдемі

Кемал:сахнада «флэшмоб» биімен «4-тің серілері»

Арайлым: қазақ биі «Еркеназ» би тобы

Кемал: үнді биіне пародия Ербұлан мен Айбын

Арайлым:Өзбек биі «Назартым» «Еркеназ» би тобы

Кемал: Махмуд Ақниеттің орындауында «Ардақты ұстазым» әні.

Арайлым: флэшмоб «Еркеназ» би тобы

Кемал: Өсербай Ұлдаштың орындауында «Ұстазым қош бол» әнін қабыл алыңыздар.

Арайлым: ән. «Мектебім» Қуандық Зағмия

Кемал: Силағанұлы Ерболат «Тәтті үнің» әнімен. Вальс

Арайлым: Кемал мен Әдемі «Ұстазым» әнін өздеріңізге арнайды құрметті ұстаздар!

Құттықтау сөз ата-аналарға беріледі.

Кемал:

Осымен «Шуағын төккен төрт көктем» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігіміз аяқталды. Көңілқойып тыңдағандарыңыз үшін 4-ші «А» сыныбы атынан алғысымызды білдіреміз.



















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
519
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі