400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"ШУАҚТЫ АЛТЫН КҮЗ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға күзгі табиғаттағы ерекшеліктері туралы түсінік беру.Балалардың күз байлықтары:астық,көкөніс, жеміс-жидектер туралы білімдерін кеңейту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші: Бегелдинова Айгерим Абилхаевна

Тобы: «Қарлығаш» ересек тобы

Тақырыбы: Шуақты Алтын күз!

Мақсаты: Балаларға күзгі табиғаттағы ерекшеліктері туралы түсінік беру.Балалардың күз байлықтары:астық,көкөніс, жеміс-жидектер туралы білімдерін кеңейту

1-жүргізуші.

Уа,халайық,

Мұнда назар салайық.

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған

Кешімізді бастайық!

2-жургізуші:

Армысың сары алтындай Алтын күзім

Күн нұрын төккендей болып жапырағың,

Қарсы алып біз өзіңді тұрмыз міне

Алтын күз деп өзіңе айдар тағып

1-жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар,оқушылар бүгінгі берекелі, мерекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастайық.

2-жүргізуші:

Иә,міне жыл сайын тойлап өтетін үлкен мерекенің бірі «Алтын күз» мерекесі де келіп жетті.

1-жургізуші:

Бұл мереке мектетеп өміріндегі дәстүрлі мерекелердің бірі. Күзде жеміс-жидектер пісіп,алтын астық қамбаға құйылатын,төлдер өсіп санаққа қосылатың кезең.

2-жүргізуші:

Күз-береке,сән-салтанат мереке айы, жиын-терім аяқталған кезде Еңбекшілер Сабан тойын өткізсе біздің бақшамызда Алтын куз мерекесі меркеленіледі.

1-жүргізуші:

Балалар,бүгін барлығымыз куз мерекесіне жиналдық.Қонақтарда келді.Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?

Балалар:Ол күз.

2-жүргізуші:

Ендеше күзді ортаға шақырайық.Шуақты алтын күз,мерекелі алтын күз.

Күз: Салеметсіңдер ме балалар?

Балалар: Салеметсіз бе,Алтын күз!

Күз: Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл жарқын жаз.

Сары алтынга малынған,

Алтын күз деген мен болам.

Армысыздар,құрметті қонақтар,кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп калдым ба?

Балалар: Жоқ

Балалар сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды барі

Шықса жасыл

Түссе-сары.Бұл не?Дұрыс таптындар,жарайсыңдар!

1-жүргізуші:

Алтын күз, біздің балалар күз туралы өлен,тақпақтар біледі.Сіз жайланып отырып,балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ерасыл: Жайдары күз ,жарқын күз,

Аяулы күз,алтын күз.

Дәнге толы кең далам,

Дариядай шалқар күз.


Жайна: Ұшты талдан жапырақ,

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шатырлап

Тамшы жерге секірді.


Әлинұр: Кун шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.


Асылым: Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.


Нұрсаят: Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.

Ардакты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйынды.


1-жүргізуші:

Бүгін сізге жырдан шашу тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де көрмегенде арманда,

Алтын кузім құтты болсын ағайын.

2-жургізуші:

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып,арайың.

Жанға шуақ,бойға қуат әкелген.

Алтын күзің құтты болсын ағайын.


Ән: «Күз жомар»

Орындайтын: Әсел, Айбану, Кәусар


1-жүргізуші:

Құрметті жамағат Жақсы сөз-жарым ырыс!-деп дана қазақ айтқандай,жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Алтын күзге деген құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек,арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан бақшамыздың меңгерушісіне сөз беріледі.

2-жүргізуші:

Шешендік еліміздің данасы,

Ән мен күй қаламыздың ағасы.

Би билеп шырқайтұғын қыз бен жігіт,

Өнерін көрсетпейді деп айта алиайсың-дей келе ортага биші кыздарымызбен ұлдарымызды ортаға шақырайық.

Би: «Қырманға кел, қалқатай!»

2-жүргізуші:

Ән салса әңшілерім таң қаларсың,

Әр сөзін 99 рет қайталарсың

Соңдай ән туғызған қазағымды,

Қалайша тар пейіл деп айта аларсың.

Ән: «Күз тамаша»

Орындайтын: Нұржан мен Наргиза

Ойын: Кәне, ата-аналар осындай молшылық күз айында бір ойын ойнайық.Ойын аты «Кім жылдам?»

1-жүргізуші:

Күзгі дастарханға кезек берейік. Қолдарынан бал тамған тарбиеленушілеріміздің өнерін тамашалап,дәмін татайық.

Күзгі жеміс- жидектен

Жасаған тамақ тұр міне

Мұрныңды жара есіктен

Неткен дәмді тағам ең!Ортада көкөністерден, жеміс-жидектерден жасалган тағамдар акелінсің.

Би: «Диханшылар биі»

Орындайтын: бір топ жігіттер

Хор: «Алтын күз»

1-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар,ата-аналар осымен «Алтын күз»мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі кездескенше аман болыңыздар.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
583
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі