15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шуақты көктем
Тәрбиеші: Диманова С.М
Тақырыбы: Шуақты көктем
Білім беру саласы: Коммуникация, таным, шығармашылық, әлеумет
Бөлімі: сөйлеуді дамыту,қоршаған ортамен таныстыру, құрастыру, сурет салу
Мақсаты: Мақта қыз бен мысық ертегі желісі арқылы көктем мезгілі туралы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Балаларды білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: «Көктем», «Мақта қыз бен мысық» туралы слайд, қыстырғыш, сандар, гүлдердің, көбелектің суреті, желім, түрлі-түсті ұнтақ боткасы
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Тақпақтар жаттау, ойын ойнату, қыстырғышпен жұмыс жасау.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, тыныс алу жаттығуы, «жақсы, жаман» ойын, себу әдісі, «Hello» ағылшын тілінде сергіту сәті.
Полилингвальдв ы компонент: Көктем-весна-spring, Март-апрель-май,
мarch –april- may, жасыл-зеленый-green
Тәрбиеші:
Балалар, қонақтармен үш тілде амандасайық?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Кәзір жылдың көктем мезгілі. Ендеше, мына тақтадағы слайдқа
назар аударайық.
Тәрбиеші: Көктем сөзін үш тілде айтайық.
Балалар: Көктем-весна-spring
Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Балалар: Көктем мезгілінде күн жылынады, құстар жылы жақтан ұшып келеді, адамдар жұқа киімдерін кие бастайды, жәндіктер тіріледі, алғашқы көктем гүлдері пайда болады, жаңбыр жауады.
Тәрбиеші: Көктем мезгілінде не ай бар?
Балалар: Көктем мезгілінде үш ай бар.
Тәрбиеші: Оларды атап беріңдер?
Балалар: Наурыз, сәуір, мамыр
Март-апрель-май, мarch –april- may
Тәрбиеші: Менің электронды почтама хабарлама келіпті. Хабарлама Мақта қыз деген қыздан екен. Мақта қыз қай ертегіде кездеседі?
Балалар: Мақта қыз бен мысық ертегісінде.
Тәрбиеші: Хабарламаны оқиын. Балалар, мысық менің қатығымды төгіп кетті, ал мен мысықтың құйрығын кесіп алдым. Мысық менің тапсырмаларымды орындау керек, әйтпесе мен оның құйрығын бермеймін. Мысықа көмектесесіңдерме?
Балалар: Ия, көмектесеміз.
Тәрбиеші: Мақта қыздың тапсырмаларын орындау үшін ертегіні
есімізге түсірейік.
Ең алдымен мысық неге барады? (Бірінші сиырға барады)
I-тапсырма:
Көктем туралы, көктемгі гүлдер туралы тақпақтар айтып беріңіздер?
1.Айым: Көктем, көктем көктемде,
Күн шуағын төккенде.
Күлім, күлімқағамыз,
Ойнап асыр саламыз.
2. Айя: К нам весна шагает
Быстрыми шагами
И сугробы тают
Под ее ногами
3. Інжу: Spring is green
Summer is bight
Outtom is yellow
Winter is white
4.Тамерлан: Гүлім, гүлім өсе бер,
Әдемі боп, асыл боп.
Күндей жайнап өсе бер,
Қызыл, сары жасыл боп.
5. Г. Эмир: Май тепло и скоро лето
В зелень все одето
Словно огненный фантан
Раскрывается тульпан
6.Қыдыр: Roses are red
Violets are blue
Suqar is sweet
And so are you
Сиырдан кейін мысық қайда барады? (ағашқа барады)
II-тапсырма:
Ағаштың жапырақтарын көбейтуге көмектесіңдер?
Қыстырғышты ағашқа жапырақ ретінде жапсыру.
Тәрбиеші: Жапырақтың түсі қандай болады ?
Балалар: Жапырақтың түсі жасыл болады. Жасыл-зеленый-green.
Алдымен тыныс алу жаттығуын қайталап алайық.
Вот покрыло солнышко
На деревьях почки
Из них появится
Первые листочки
Ветерок покалышет
Ветерку поможем
И на них подуем
Ағаштан кейін мысық кімге барды? ( Мысық қыздарға барады.)
III-тапсырма:
Мынау гүлдердің қалай аталады? Бұл қызғалдақ гүлдері. Қызғалдақ гүлінің түстеін атайық? (қызыл, ақ, сары, кызғылт сары, күлгін ) Гүлдердің тура және кері санау
Қыздардан кейін кімге барады? (Қыздардан кейін дүкеншіге барады )
IV-тапсырма:
Дүкенші шаршаған екен, бірге сергіп алайық .
Ағылшын тілінде «Hello» сергіту сәтін орындау
Дүкеншіден кейін мысық қайда барады?
(Дүкеншіден кейін мысық тауыққа барады. )
V-тапсырма:
Ойын: «Жақсы, жаман». Жақсы қасиет болса колдарын шапалақтайды,
жаман қасиет болса шапалақтамайды.
1.Көжет отырғызу 5.Ағаштарды сындыру
2.Құстарға жем шашу 6.Құстың ұясын бұзу
3.Ағашқа су құю 7.Гүлдерді жұлу
4.Жәндіктерді өлтіру 8.Құстарға ұя жасау
9. Гүл егу 10.Жаңбырдың суымен ойнау
Тауықтан кейін мысық қайда барады? (тауықтан кейін мысық тышқанға барады)
VI-тапсырма:
Балалар, мына көбелектер көңілсіз . Көбелектердің түсі қандай?
Көбелектердің түсі ақ. Көбелектерді көңіл күйлерін көтеру үшін оларды
түрлі түстерге бояйқ.
Ендеше, дәстүрден тыс әдісті қолданып, түрлі-түсті ұнтақ жармасынан көбелектерімізді әдемілейік. Алдымен желімді жағамыз,сосын түрлі- түсті ұнтақпен себеміз. Жарайсыңдар!
Балалалар, біз Мақта қыздың барлық тапсырмаларын орындадық. Мысық сіздерге рахмет айтып сыйлығын беріп жіберді.
Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі ұнадыма?
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі ұнады.
Біздер кімге көмектестік ? Біздер мысыққа көмектестік.
Қандай тапсырмаларды орындадық?
Көктем туралы тақпақтар айттқық, ойын ойнадық, ағашқа жапырақтар жасадық,
гүлдерді санадық, көбелекті безендірдік.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген