400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Шуақты күн"

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға септігі болса,қуаныштымын
Материалдың қысқаша нұсқасы


Оқу-тәрбие іс-әрекетінің картасы

Күні: 13.12.2018ж

Білім беру саласы:Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу

Тақырыбы : «Шуақты күн» (дөңгелек үлгісі).

Мақсаты: ерте. Түзу сызықтар арқылы күн сәулесін салуды үйрету

Міндеттері:

Білімділік: Күн сәулесінің жылуының пайдасы туралы түсінік беру

Дамытушылық: Сурет салуда қол бұлшықеттерін дамыту

Тәрбиелі Тәрбиелік: Табиғатты қадірлеуге баулу.

Көрнекіліктер: Күн пішіні, күннің дайын суреті, бояу,сүлгі,

Сөздік жұмыс: ашық түс, шуақты

Мақсаты:1кіші. Жұқа шанышқы көмегімен күн шуағын безендіруге үйрету, түстер туралы білімдерін дағдыландыру

Міндеттері:

Білімділік: Балаларды жылы түстер реңктерімен таныстыру.Әрбір түстің қандай мінез құлықты, түсті бейнелейтін заттың сипатына қарай қолдану керек екенін түсіндіру.

Дамытушылық: Бояу түстерін ажырата білуді үйрету

Тәрбиелік: ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу

Көрнекіліктер: күннің дайын суреті , сүлгі, гуашь, жұқа шанышқы

Билингвальды компонент: күн-солнце, ашық-яркое, шуақты-солнечный, сары-желтый

Іс-әрекет кезеңдері

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

Кіріспе бөлімі

Шаттық шеңберге шығайық балалар.

Армысың, Алтын Күн!

Армысың, Жер-Ана

Сәлеметсізбе, балалар

Сәлеметсізбе, апай

Педагог көмегімен қимыл-қозғалыс арқылы көрсету

Қане,баріміз әдемі күлкімізді көрсетейікші,қонақтарымызға

Ендеше, мен бір жұмбақ жасырайын:

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (Күн)

Негізгі бөлім

Таңғажайып сәт

Топқа қонаққа бір сәулесін жоғалтып алған көңілі түскен Күн келеді.

Күн: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен Күнмін. Мен сендерге барлық шуағымды шашып тұрамын. Мен бір сәулемді жоғалтып алдым.

Маған көмектесіңдерші?

Тәрбиеші: Балалар,қарайықшы:

Күн бүкіл жер шарына , әлемге жарық, жылу беретін табиғат сыйы. Күнсіз адам тіршілік етуі мүмкін емес. Күннің жарығы көрінетін және көрінбейтін сәулелерден тұрады. Міне, солардың әсерінен біздің терімізде адам ағзасы үшін маңызды. «Д» дәрумені болады.

-Балалар, ол не екен?

-Дұрыс айтасындар, балалар.

-Балалар күн неге ұқсайды?

-Түсі қандай?

Билингвизм:

Күн-солнце, сары-желтый; дөңгелек-круг

Сурет салмай тұрып саусақ жаттығуларын орындайық

Далада жел (у-у-у-у)

Далада жанбыр (тырс-тырс)

Ал,енді күн шықты (қуанады,күлімсірейміз)

Ал, енді күнге көмек көрсету үшін сурет салуымызды бастайық. Тәрбиеші күн және оның сәулелерін салу жолдарын түсіндіреді.

Күннің суретін салу технологиясы:

Ерте.Педагог көмегімен үзік нүктелі дайын суретке, бояуға саусағымызды малып күннің сәулелерін саламыз. Бірі ұзын бірі қысқа етіп саламыз.

1кіші.Гуашқа шанышқы батыру арқылы, дайын қағаз бетіне күн шуағын бастырту.

Тәрбиеші: Ой, балалар, қараңдаршы бірақ біздің күніміз көңілді сияқты. Олай болса кел, Күн балалармен ойын ойнайық

« Күн мен жаңбыр»ойыны.(Әуенмен)

Шарты: Балалар күн дегенде барлығы қыдыруға шығады. Ал «жаңбыр» дегенде үйге тығылады.

Қорытынды бөлім

Сабақты қортындылау. Суреттерін қарап, мадақтау

-Бүгін бізге кім келді?

-Күніміздің пішіні қандай ,түсі ше?

Өте жақсы, балалар! Бүгінгі оқу іс әрекетіне барлықтарын өте жақсы қатыстындар.



Есеп _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
3437
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі