«Шуақты күн. Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Шуақты күн. Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Ұстаздардың жеке тұлға ретінде өзіндік «Менін» тереңірек таныту, қызығушылығын ояту, өзінің адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімдік қабілетін дамыту, ұжымдағы қарым-қатынасты нығайту. Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын Көрнекілігі: Ойшылдардың сөздері жазылған плакаттар, сөздер жазылған карточкалар, музыка, слайд.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренинг сабақтың тақырыбы:

«Шуақты күн. Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады

Дайындаған: Джумагазиева К.

БҚО.Зеленов ауданы.Щапов ЖОББМ

Мақсаты: Ұстаздардың жеке тұлға ретінде өзіндік «Менін» тереңірек таныту, қызығушылығын ояту, өзінің адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімдік қабілетін дамыту, ұжымдағы қарым-қатынасты нығайту.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын
Көрнекілігі: Ойшылдардың сөздері жазылған плакаттар, сөздер жазылған карточкалар, музыка, слайд.
І.Сәлемдесу «Жүректен -жүрекке» парақтарға тілек жазып, шеңберге құрып, бір-біріне жазған тілектерді береді.

II. Топқа бөлу «Жорық» әдісі арқылы
ІIІ.Психологиялық ахуал жасауӘуенді терапия. «бейнеролик тамашалау» 
IV.Өзіңді қалыпқа келтіру әдісі

Кешқұрым шаршаған уақытта ең дұрысы – өзіңізге өзіңіз массаж жасауды үйреніңіз. Бұл әсіресе «бір минут та демалуға мұршасы жоқ» адамдарға арналған. Себебі қазіргі кезде көпшілігіміз уақыттың тапшылығынан зардап шегудеміз.

Адам қалай өзіне өзі массаж жасайды деп таңғалмасаңыз да болады. Мойынның, белдің, аяқтың талғаны, көздің қызарғаны, қарынның ашқаны, бастың ауырғаны – жұмыс кезінде болатын кез келген жайттардың алдын алуға әбден болады.

  1. Саусақтарыңызбен екі алақаныңызды кезек-кезек ысқылаңыз – 5 секунд

  2. Енді сол қызып тұрған алақаныңызды бетіңізге апарыңыз – 5 секунд

  3. Қолдарыңызды басыңызға апарып, барабанды ұрғандай жиілікпен ұрғылаңыз – 5 секунд

  4. Жұдырығыңызды бос түйіңіз де білегіңіздің екі жағын жеделдетіп ысқылаңыз – 3 реттен

  5. Қалқанша безіңізді (жұтқыншақтан төмен орналасқан) бір қолыңыздың бас бармағымен және сұқ саусағымен жәйлап басыңыз – 3 рет

  6. Мойныңыздағы ұйқы күре тамырын тауып алыңыз да, басып тұрып 5-ке дейін санаңыз. Босатыңыз. Терең демалыңыз да қайта басыңыз. Енді келесі жағыңызға да дәл осылай істеп көріңіз.

  7. Бас бармағыңызбен Бас сүйегіңіздегі ойықты басыңыз. Үшке дейін санап, қайта жіберіңіз де, осы әдісті үш рет қайталаңыз.

V.Сіз қандай жұмыскерсіз?

Олай болса келесі жаттығуымыз «Сіз қандай жұмыскерсіз» деп аталады.

Мына суретте аттың сұлбасы салынған. Сіздің міндетіңіз – суретті аяқтау, жануарлардың барлық сыртқы мүшелерінің суретін толықтырып салу және айналасын әсемдеу. Атқа керекті жағдайды жасаңыз.

  1. Егер сіз аттың сыртқы негізгі бөліктеріне көңіл аударсаңыз (жалына, тұяғы мен құйрығына) онда сіз еңбек ете білесіз. Бірақ іскер емессіз.

  2. Егер сіз аттың бет-әлпетіне көп назар аударсаңыз (көзіне, аузына, мұрнына, кекіліне және т.б. суретін салсаңыз), онда сіз жұмысқа қияли қатынастасыз, сізде толықтай елесті үмітіңіз енді құралған және құбылмалы үміт. Мүмкін сіз жас шығарсыз, әлі тәжірибе жинай қоймаған боларсыз, онда уақыт келе сіздің қалыптасуыңыз қалпына келеді. Егер сіз ержеткен адам болсаңыз, онда ынтыққындығыңыз бұл мінездеріңіздің бір қасиеті.

  3. Егер әрбір түгін салуға тырыссаңыз, болар-болмасқа көп көңіл аударсаңыз, онда аңғарпаздығыңызды көрсетеді, қарқынды жұмыс істегенді ұнатасыз , өзгеге де өзіңізге де ұқыпты және ұстамдысыз. Сізге сенім артуға болады, бастаған істі ешқашан аяқтамай қоймайсыз. Сізбен бірге жұмыс істеген өте қиын, барлығын өзіңіздің білгіштігіңізбен және ұсақ түйектеріңізбен шеттетесіз.

  4. Егер сіз атқа өзіңіздің атыңызды, көгалда немесе егістікте орналастырсаңыз, онда сіз ыңғайлы жерде жұмыс істеуге ұмтыласыз, тәуелді болғанды ұнатпайсыз және бағынышты болғанды бағалайсыз.

  5. Егер сіз атқа ауыздық немесе ертоқым салсаңыз, онда сізге қысыммен жұмыс ісеуден арылу керек, сіз кез-келген басшыға солай болуы тиіс деп бағынуға дайынсыз. Сіздің атыңыздың жібі қаншалықты ұзын болса, онда ауыр және ыңғайсыз жағдайда жұмыс істеуге үйренгенсіз. Мүмкін сіз, басқаша болатынын өзіңізге елестете алмайтын да шығарсыз.

  6. Егер сіз аттың үстіне адамды салып қойсаңыз, онда берілген бұйрықты орындауға үйренгенсіз, өз бетіңізбен жұмыс істеуге әдеттенбегенсіз. Сізге біреудің басшылық жасағаны, жай тапсырма беріп қоймай белгілі бір жұмыс түрін тапсырғаны ұнайды.



    1. Лабиринт немесе жіптік курс.

"Лабиринт" ойын жаттығуын ұсынамын. Жаттығудың мақсаты: сенімділкті арттыру, бір-біріне қолдау көрсетуге баулу, ұжым арасындағы көшбасшыны анықтау. Матаға маркермен бұрылыстары көп жолдар салынған, яғни лабиринт және көрсетілген жолмен жүретін кез келген шағын дөңгелекше жатыр. Топ матаны керіп қолдарымен ұстап тұрады. Нұсқаушы белгі бергеннен  кейін мата үстіндегі шағын дөңгелекшені керілген матаның көмегімен жылжытып барлық жолдардан өтіп шығасыздар. Ойын кезінде сөйлеуге болмайды. Сөйлеген жағдайда немесе дөңгелекше жолдардан шығып кеткен жағдайда жаттығуды қайта бастайды. Қашан толық өтіп шыққанша жалғаса береді. Жаттығудың да мақсаты осы. Топпен бірлесе жұмыс істегенде ғана тиімді нәтижеге жетеміз.

ҮI. «Өзіңді тереңірек тани біл»
Нұсқау. Қазір сіздерге слайд арқылы бірнеше жеміс-жидектер көрсетіледі. Сол жеміс-жидектердің ішінен өзіңізге көбірек ұнайтынын таңдаңыз. Сол таңдау арқылы сіздің мінез-құлқыңыз қандай, соған тоқталайық.
Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар шиеленіске, жанжал, дау-дамайға бара бермейді. Еш уақытта еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.
Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып кетеді де, ел ондай адамдарға сенімсіздікпен қарауы мүмкін.
Құлпынай ұнатсаңыз, сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Елмен тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен қызғаншақтығыңыз жоқ емес.
Шабдаланы ұнататын адамдар көпшіл, кез-келген адаммен тіл табыса алатын ашық жарқын болып келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз-қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.
Егер сізге 
алма өте ұнайтын болса, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақын жанды, өз-өзіңізге риза адамсыз.
Егер сіз
 шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуанышпен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Өтірік-өсек сөзге жоқсыз, есесіне анекдоттарды ұнатасыз. Ал махаббат жөнінде сәби тәріздессіз, сізді оп-оңай өкпелете салуға болады.
Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық қарым-қатынас орнату да қиын болады.

ҮІI. «Бағалау ағашы» Кері байланыс. Тренингке қатысқан ұстаздар өздерінің алған әсерлерімен бөліседі.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.12.2018
374
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі