400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыбайлас және вертикаль бұрыштар және олардың қасиеттері №3

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: Сыбайлас және вертикаль бұрыштар және олардың қасиеттері. Геометрия 7 сынып Жаңа үлгідегі ҚМЖ өз сабағыңызға түрлендіріп қолдануыңызға болады. Керек жерін өзіңіз өзгертіп алсаңыз да болады. «Дирижер» әдісі Жүргізуші бір қимыл көрсетіп, сұқ саусағымен кімді көрсетсе, сол адам сол қимылды қайталауы керек. Кім тез қайталай алмаса, сол ойыннан шығады. Жүргізуші бір қимылды бірнеше адамға жасата отырып, белгілі бір дыбыстар шығаруы керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ №12

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны:

Сабақтың тақырыбы

Сыбайлас және вертикаль бұрыштар және олардың қасиеттері.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.1.9 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын білу;

7.1.1.10 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін дәлелдеу және қолдану;

7.1.1.32 перпендикуляр ұғымын біледі

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

сыбайлас және вертикаль бұрыштар ұғымы туралы оқушылардың түсініктерін кеңейтеді, олардың қасиеттерін түсіндіру және оларды есептер шығаруда қолдануды үйренеді

Оқушылардың басым бөлігі:

сыбайлас және вертикаль бұрыштар анықтамасын, қасиеттерін білу және олардың градустық өлшемдерін табу білімдерін, сызбаларын салу және ажырату бейімділіктерін қалыптастырады

Кейбір оқушылар:

Тақырыптың мағанасын түсінеді,есептер мен тапсырамалар арқылы өз бетімен жұмыс істеп үйренеді

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

5 минут

Ұйымдастыру сәті

Оқушылармен амандасу, түгендеу.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Белгісіз басшы» әдісі
Бір қатысушы сыртқа шығарылып, сол кезде басқалары іштерінен біреуін басшы етіп сайлайды. Басшының міндеті сырттан келген адамға білдірмей, бір қимыл көрсетуі керек, қалғандары сол қимылды бірдей қайталауы керек. Сырттан келген адам кімнің басқарып тұрғанын табу керек. Егер тапса немесе бірнеше қимыл ауысқанға дейін таба алмаса, басқа адаммен ауысады.

Үйге тапсырмасын тексеру:


Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды.



Негізгі бөлім

10 минут

Оқушылармен сәлемдесу, ынтымақтастық атмосферасын орнату.

тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары

Бұрыш ұғымына байланысты сұрақтар (білімді жандандыру):

  1. Геометриялық фигура – бұрыштың анықтамасы.

  2. Бұрыштың қандай түрлері бар?

  3. Сүйір бұрыш деп қандай бұрышты айтады?

  4. Қандай бұрышты доғал бұрыш деп айтады?

  5. Қандай бұрышты тік бұрыш деп айтады?

  6. Тік бұрыш деп қандай бұрышты айтады?

  7. Толық бұрыш дегеніміз қандай бұрыш?

  8. Бұрышты өлшем бірлігі.

  9. Бұрышты қандай құралмен өлшейді?

  10. Бұрышты өлшеу қасиеттері (аксиомалар).

  11. Қандай бұрыштарды тең бұрыштар деп айтамыз?


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.




.


Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау

Оқулық, жұмыс дәптері

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы

ДК экраны

Оқулықпен жұмыс

25 минут

Осы сүйір бұрыштың бір қабырғасын

жазыңқы бұрышқа дейін толықтырайық.

Сонда неше бұрыш пайда болды?

Осы пайда болған бұрыштарды сыбайлас

бұрыштар деп атайды.

Қане, балалар салған сызбаға қарап

отырып осы бұрыштардың анықтамасын тұжырымдайық.

Егер екі бұрыштың бір қабырғасы ортақ, ал қалған екі қабырғалары толықтауыш сәулелер болып келетін екі бұрыш сыбайлас бұрыштар деп аталады.

О – бас нүкте, ОА – ортақ қабырға.

ОВ, ОD қабырғалары – бір –біріне толықтауыш сәулелер.

Теорема: Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 180º- қа тең.

Дәлелдеуі: ІІІ4 аксиомасы негізінде: АОD +DОВ = АОВ.

АОВ – жазыңқы бұрыш, АОВ = 180º.

Ендеше, АОD +DОВ = 180º. Д.к.о.

О нүктесінде қиылысқан а және b түзулері

берілсін.

a∩b =О.

1, 3 және 2, 4 – вертикаль бұрыштар.

Бір бұрыштың қабырғалары екінші бұрыш-

тың қабырғаларының созындысы болып

келетін екі бұрышты – вертикаль бұрыштар

деп атайды.

ОС, ОВ және ОА, ОD сәулелері бір –бірінің созындысы.

Теорема: Вертикаль бұрыштар тең болады.

Дәлелдеуі: a∩b =О. 1, 3 вертикаль бұрыштар.

1 + 2 = АОD;

3 + 2 = ВОС.

АОD = 180º 1 +2 =180º , 1 = 180º - 2 (1)

ВОС = 180º 3 +2 =180º; 3 = 180º - 2 (2)

(1), (2) 1=3. Д.к.о.



Жұлдызша арқылы бір-бірін бағалау.






Үлестірмелі қағаздар

Соңы

5 минут

Сабақты бекіту Рефлексия

Үйге тапсырма: №

Сабақты пысықтау тапсырмаларын орындау.



Кері байланыс

Р ефлексия












Оқушыларға

«Тазалық» кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді.


«Тазалық» әдісі

Кері байланыс парағы.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10.11.2022
419
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі