400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыбайлас және вертикаль бұрыштар, олардың қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2.Геометрияның алғашғы мәліметтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сыбайлас және вертикаль бұрыштар, олардың қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.9

сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын білу;

7.3.1.10

сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін дәлелдеу және қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын біледі, оларды сызбадан көрсете алады, сала алады;

Басым бөлігі: қасиеттерін біледі, түсінеді, есептерді жазып, шығара алады;

Кейбір оқушылар: теореманы дәлелдей алады, қорытынды жасайды

Жетістік критерийлері

Оқушы:

  • сыбайлас және вертикаль бұрыштар ұғымдарының анықтамаларын біледі;

  • сыбайлас және вертикаль бұрыштарды сызбада көрсете біледі, сызбасын сыза алады;

  • сыбайлас және вертикаль бұрыштар қасиеттерін біледі;

  • есептерде, сыбайлас және вертикаль бұрыштар қасиеттерін қолдана алады.

  • қасиеттерінің дәлелдемесін жүргізе алды, қорытынды жасайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Анықтамаларды, теоремаларды тұжырымдай алады;

  • ұғымдар мен терминдерді қолданады;

  • есептердің шығару жолын түсіндіреді, талқылайды, өз ойын басқаларға жеткізе алады;

  • дәлелдейді, қорытынды жасайды;

  • сызбаны салу үрдісін түсіндіреді

Пәнге тән лексика мен терминология: сыбайлас және вертикаль бұрыштар терминдерін қолданады

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: теорема дәлелденді(дәлелдеу керегі де осы), бұрыш қабырғалар арасынан өтеді

Құндылықтарды дарыту

Сабақта жауапкершілік, айқындық, құрмет, ынтымақтастық. Бір бірімен қатынасқа түсе отырып, басқалардың пікірлерін тыңдауға, өз пікірін ашық айтуға дағдыланады.

Пәнаралық байланыстар

География, Сызу, Физика, Информатика, орыс тілі

Тапсырманы орындауда алгоритмның сызықтық түрін қолдану

Видеоматериал орыс тілінде

АКТ қолдану дағдылары

С1 конструкторында сызбаларды орындау дағдыларын дамыту

Бастапқы білім


Геометрияның негізгі фигуралары,сәуле, толықтауыш сәуле, бұрыш, бұрыштың түрлері, шаманың градустық өлшемі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы







5 мин








3 мин

1. Зейіндерін шоғырландыру:

- «Ақ бет» әдісі мен, ілініп турған ақ қағазға немесе ақ тақта бетіне осы сабаққа дейінгі алған білімдері бойынша бүгінгі сабаққа қатысы «мен не білем?» сұрағына жауап беріп қағаз бетін толтырады арасында формативтік бағалау журеді мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы:

  • нүкте, түзу

  • сәуле, толықтауыш сәуле

  • бұрыш, бұрыштың қабырғалары, төбесі,

  • бұрыштың түрлері, шаманың градустық өлшемі.

Түйінді сөз шықты «Бұрыш».

2.Түйінді сөз көмегімен сұрақтар арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбына, оқу мақсаттарына шығу

Тақырыбы:

Сыбайлас және вертикаль бұрыштар, олардың қасиеттері

Оқу мақсаттары:

  • сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын білу;

  • сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін дәлелдеу және қолдану

Дәптерлеріне жазады

Бүгінгі сабақ мақсатына жету, сабақ соңында күтілетін жетістік критерилері бойынша әр оқушының «жақын даму аймағын» ескере отырып Блум таксономиясы бойынша бағаланады. Оқушыларға жетістік критерилері жазылған парақтар таратып беріп, бір шолу жасау, сабақ барысында толтырылып отырылуы қажет екендігі айтылады

Математика.Оқулық. 7 сынып

Презентация слайд № 1,2














Жетістік критерилер парақшалары

Сабақтың ортасы









5 мин



























3 мин













6 мин





10 мин













3 мин







2 мин

Оқушыларды сабақ мақсаттарына жету үшін белсенді оқыту әдісі бойынша өз беттерінше анықтамалар мен теоремаларды тұжырымдап, болжам жасау үшін, интерактивті тақтада іс-әрекеттер алгоритмін тізбектей орындауға беріледі. С1 конструктор программасын сызба салуда пайдалану.

1.Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы «Логикалық тізбек» қолданылады. Оқушылар алгоритм бойынша дәптерлеріне және тақтаға, қадам бойынша орындайды (әр қадамды бір оқушы жасайды) және арасында сұрақтарға жауап беріп отырады. «Сұрақ-жауап» әдісі.

Тапсырма алгоритмі

І 1. Сәуле сал. Белгіле

2.Түзуге тиісті нүкте немесе сәуленің толықтауыш сәулесін сал. Қандай бұрыш шықты? Қабырғаларын көрсет. Жаз. Бұл бұрыштың градустық өлшемі неге тең? Жазып қой

3.Жазыңқы бұрыштың төбесінен сәуле жүргіз. Белгілеу енгіз. Жазыңқы бұрыш қандай бұрыштардан тұрады? Бұл бұрыштардың бір қабырғасы қандай? Жазып қой

Осы шыққан бұрыштарды сыбайлас бұрыштар дейді.

Қосындысы неге тең? Неліктен? Бұл сыбайлас бұрыштардың қасиеті.

Сыбайлас бұрыштардың анықтамасын, және қасиетін тұжырымда. Сызбадан көрсет.

Кез келген бұрыш сал

Осы бұрышпен сыбайлас болатын бұрыш сал

ІІ 1.Қилысқан екі түзу жүргіз. Қанша бұрыш шықты?

2. Белгілеу енгізіп, шыққан бұрыштарды жаз. Транспортирмен өлше.

3. Әр бұрыштың өлшемдерін жаз. Не байқадың?

Тең бұрыштар вертикаль бұрыштар деп аталады. Теңдігі олардың қасиеті. С1 конструктор программасын сызба салуда пайдалану

2.Сызбадан көрсет

Түсірілген сызбадан сыбайлас және вертикаль бұрыштарды көрсету, атау

3. Видеоматериал. Ақпаратты жинақтап, өңдеп,қорытып, практикада қолдану үшін видеоматериал ұсынылады, жазбалар дәптерлеріне түсіріледі. «Түртіп ал» стратегиясы

Білгендерін есеп шығаруда қолданады

4. Оқулықпен жұмыс.

Саралай оқыту. Жеке оқушыларға деңгейлік тапсырма

А деңгей В деңгей С деңгей

№ 2.76 -1 балл 2.88 -2 балл 2.97 – 3 балл

№2.78 -1 балл 2.90 -2 балл

№2.80 -1 балл

Шешімдері ұсынылады. Бағалау парақшасына жұптасып, бір-бірін бағалайды.

Математикалық диктант:

егер сыбайлас бұрыштың бір бұрышы доғал болса онда екінші бұрышы ...

егер бір бұрышы тік болса, онда екінші бұрышы ...

егер бір бұрышы сүйір болса, онда екіншісі ...

сыбайлас бұрыштардың қосындысы .... тең

егер бір вертикаль бұрыштардың біреуі 250 болса екіншісі .... тең

вертикаль бұрыштар ....

екі түзу қиылысқанда .... сыбайлас бұрыштар, .... вертикаль бұрыштар шығады

кілті бойынша өзін бағалайды

5. Кері байланыс. сабақ барсындағы барлық жұмыстарының нәтижесімен және жетістік критерилері бойынша парақшаларына өздеріне белгілейді

  • сыбайлас және вертикаль бұрыштар ұғымдарының анықтамаларын білем; 1 балл

  • сыбайлас және вертикаль бұрыштарды сызбада көрсете аламын; 1 балл

  • сызбасын сыза аламын; 1 балл

  • сыбайлас және вертикаль бұрыштар қасиеттерін білемін; 1 балл

  • есептерде, сыбайлас және вертикаль бұрыштар қасиеттерін қолдана аламын. 2 балл

  • қасиеттерінің дәлелдемесін жүргізе алды, қорытынды жасайды. 3 балл

Парақшаларын өткізеді

Математика.Оқулық. 7 сынып

Презентация слайд № 3,4

С1 конструктор программасы

















































https://www.youtube.com/watch?v=i787jb_oWzc

Сабақтың соңы



5 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үйге тапсырма: сұрақтар 1-5,

А деңгей В деңгей С деңгей

№ 2.77 2.89 2.98

№2.88


Математика.Оқулық. 7 сынып


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқу мақсаттарының табыс критерилері бойынша сабақ үдерісіндегі жеке оқушының барлық іс-әрекеттерін бағалау арқылы берілген деңгейлік тапсырмалардың қорытындысымен жекелей оқушылардың жауаптарына қарай оқушыға дербес қолдау көрсету, келесі сабаққа жұмыс әдістерін кіріктіру.

Қабілеті жоғары оқушы С деңгейіндегі шығарған есебін талдап шығару жолын дәлелдемесі мен айтып көрсетеді сыныпқа.

Оқу мақсатына бағытталған жетістік критерилерінің дескрипторлары бойынша, деңгейлік тапсырмаларды орындауда алған баллы бойынша.

19-15 балл «5»

12-14 балл «4»

8-13 балл «3»

Белсенді іс-әрекет.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:



Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:



Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қараша
668
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі