Сыбайлас жемқорлық

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыбайлас жемқорлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыбайлас жемқорлық туралы сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Апта дәйексөзі

«Талап бар жерде, тәртіп бар»

Педагогтің Т.А.Ә.

(болған жағдайда)



Күні:


Сынып: 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ»

Мақсаты

Сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіру. Оның қоғамға тигізетін зиянын талдау. Әділдікке, адалдыққа тәрбиелеу.

Жарақат түрлерін ажыратуды меңгерту. Алғашқы медициналық көмектің ретін түсіндіру. Жарақат алған адамға дұрыс көмек көрсете білуге үйрету.

Оқушылардың ата-анамен ашық қарым-қатынас орната білуіне ықпал ету. Сенім мен қолдаудың маңыздылығын түсіндіру. Мазалаған оймен бөлісе білудің психологиялық пайдасын ұғындыру.

Құндылық

Қаңтар: Заң және тәртіп айы

Күтілетін нәтиже

Оқушылар сыбайлас жемқорлықтың мәнін біледі. Қоғамдағы әділеттіліктің маңызын түсінеді. Адал болуға, құқықтық сауаттылыққа үйренеді.

Жарақат түрлерін (кесілген, күйген, сүйек сынуы, т.б.) анықтай алады. Алғашқы көмектің негізгі әдістерін меңгереді. Қауіпсіз әрекет ете алады. Оқушы отбасы ішіндегі сенімнің рөлін түсінеді. Қиын жағдайда қолдау сұрай алуға үйренеді. Эмоцияны басқара білуге, ашық сөйлеуге дағдыланад

ЖЖЕ тақырыбы

«Түрлі жарақаттар алған жағдайда алғашқы медициналық көмек»

Қауіпсіздік сабағы 10 мин

«Неліктен ата-анаңмен өзіңді мазалаған ойлармен бөлісу маңызды?»

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин



















Жаңа білім

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Психологиялық ахуал:

«Адал адам қандай?» – әр оқушы адал адамды сипаттайтын бір сөз айтады.


Қызығушылықты ояту.

«Сөзді болжа» әдісі

Мақсаты: Тақырыпқа ой жүгірту

Тапсырма:

Оқушыларға келесі сөздер беріледі:

Адалдық, пара, әділет, сенім, заң

Осы сөздер қандай бір ортақ тақырыппен байланысты деп ойлайсыңдар?

(Жауап: Сыбайлас жемқорлық)


Топқа бөлу:

«Адалдық», «Әділет», «Сенім» сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді


Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?

Сыбайлас жемқорлық — лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайда, таныстық, ақша немесе басқа артықшылықтар алу мақсатында заңсыз пайдалануы.

Негізгі түрлері:

- Пара алу және беру

- Қызмет бабын асыра пайдалану

- Жемқорлық арқылы шешім қабылдату.

Зияны:

- Қоғамдағы әділдік пен сенімді жояды

- Экономика мен білім сапасын әлсіретеді

- Адал еңбекке кедергі келтіреді

- Жастардың көзқарасын бұзады

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жолдары:

- Адал болу

- Заңды білу және сақтау

- Жемқорлыққа қарсы азаматтық позиция ұстану

- Ұжымдық бақылау мен жариялылықты қолдау.

Амандасады


Жағымды атмосфера қалыптасады, оқушылар сабақты жақсы көңіл-күймен бастайды.


Сөздерді болжайды. Тақырыпты анықтайды





Топқа бөлінеді.



Тақырып жайлы толық мағлұмат алады.



Негізгі түрлерін ажыратады



Зиянын анықтайды




Күресу жолдарымен танысады

Ауызша бағалау.

Жарайсың!

Тамаша!





















Тақырып жайлы суреттер.

А4 қағаз










Сабақтың ортасы

10 мин

Ситуациялық жағдаятты талдау

Тапсырма:

Мына жағдайды оқып, өз ойыңды білдір:

«Мектептегі жарысқа бір оқушы әділетсіз жолмен жеңіп шықты (мұғалімнің көмегімен). Бұл әділ ме? Неге?»

Оқушылар пікірлерін білдіреді, әділдік туралы ой қозғайды.


Постер жасау

Тақырып: «Жемқорлық – қоғам дерті»

Әр топ сурет, ұран, символдар арқылы сыбайлас жемқорлықтың зиянын бейнелейтін постер жасайды.

Топтар постерлерін таныстырып, қорғайды.


«Менің таңдауым – адалдық» эссе/хат жазу

Оқушылар өз болашағын қалай адал жолмен құруды қалайтыны жайлы шағын эссе немесе хат жазады.

Жағдаятты талдайды








Постер жасайды







Эссе/хат жазады




Бағалау және мадақтау: Оқушылар дың белсенділігі мен жауаптары үшін алғыс білдіріп, үздік жауап бергендерді марапаттау


Постер

Сұрақтар

Эссе

Хат














Сабақтың соңы

5 мин

Қорытынды:

Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ — тек мемлекеттік деңгейдегі жұмыс емес, әр адамның, әр оқушының ішкі адалдығынан басталады. Біздің қоғам – әділеттілік пен сенімге негізделуі үшін әр азамат өзінің жауапкершілігін түсінуі керек.

Ойларын қорытынды-лайды.

Смайликтер арқылы бағалау


Жол қауіпсізді

гі ережесі

10 мин

Кез келген жарақат адам денсаулығына қауіпті. Алғашқы медициналық көмек – кәсіби медицина қызметкерлері келгенше зардап шеккен адамға көрсетілетін уақытша көмек. Ол өмірді сақтап қалуға, асқынудың алдын алуға бағытталады.

Жарақаттардың негізгі түрлері:

Механикалық жарақаттар:

- Кесілген жаралар (пышақ, әйнекпен)

- Тесілген жаралар

- Сүйек сынуы

- Қан кету

- Бас-ми жарақаты

Термиялық жарақаттар:

- Күйік (от, ыстық су)

- Үсу

Химиялық жарақаттар:

- Қышқыл немесе сілтімен улану, күйік

Электр жарақаттары:

- Ток ұру, найзағай соғуы

Биологиялық жарақаттар:

- Жәндік шағуы, жануар тістеуі.

Алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері:

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – жарақат алған жерді қауіпсіздендіру.

Зардап шегушіні тыныштандыру.

Қан тоқтату:

- Жараны жоғары көтеру

- Жгут салу (артериялық қан кетсе)

- Қан тоқтататын таңғыш қолдану

Жараны таңу:

- Стерильді таңғышпен жабу

- Ластанбауын қадағалау

Күйік кезінде:

- Суық су құю (10–15 минут)

- Май жағуға болмайды

- Күйген жерді тесуге болмайды

Сүйек сынғанда:

Қимылдатпау

Шина салу

Жедел жәрдем шақыру

Мұрыннан қан кетсе:

- Басты сәл алға иіп, мұрынды 5–10 минут қысып ұстау.

Маңызды ескерту:

- Жарақат алған адамды жалғыз қалдырмау

- Жедел жәрдем шақыруды ұмытпау

- Кез келген жағдайда тыныштық пен сенімділік сақтау.

Қорытынды:

Әрбір адам алғашқы көмектің негізгі тәсілдерін білуі – өмірді сақтап қалуға мүмкіндік береді. Бұл – азаматтық жауапкершілік пен адамгершіліктің көрінісі.

Түрлі жарақаттар алған жағдайда алғашқы медициналық көмектің түрлері, ережелерін біледі, танысады.





Қауіпсіздік ережесін қаншалықты меңгергенін сұрақ арқылы тексеру

Тақырыптық суреттер

Қауіпсіз

дік сабағы

10 мин

Ата-ана – баланың өміріндегі ең алғашқы және ең жақын адамдар. Олар баланың өмір жолындағы бағыт-бағдары, тірегі мен қорғаушысы. Алайда кейде оқушылар ата-анасына өздерін мазалаған мәселелерді айтуға қорқады, ұялады немесе сенімсіздік танытады. Бұл – қалыпты, бірақ шешілуі тиіс мәселе.

Неліктен бөлісу маңызды?

Психологиялық жеңілдік:

Мазалаған ойлар іште сақталса, уайым, күйзеліс, агрессияға әкелуі мүмкін. Ата-анамен ашық сөйлесу арқылы бала жеңілдеп, өз ойын реттей алады.

Қолдау мен түсіністік:

Ата-ана бала үшін әрқашан жақсысын қалайды. Олар мәселені шешуге, дұрыс жол табуға көмектесе алады.

Сенімді қарым-қатынас қалыптасады:

Ашық әңгімелесу арқылы ата-ана мен бала арасындағы сенім бекиді. Бұл отбасы ішіндегі мықты байланыс орнатуға сеп болады.

Тәжірибе мен кеңес алу:

Ата-аналар өмірде көпті көрген. Олар өз тәжірибесімен бөлісіп, қиын жағдайдан шығудың жолын ұсына алады.

Жалғыз еместігін сезіну:

Баланың «мен жалғыз емеспін» деген сенімі қалыптасады. Бұл – оның ішкі тыныштығы үшін маңызды.

Қандай жағдайларда бөліскен жөн?

Сабақтағы немесе мектептегі қиындықтар

Достармен түсініспеушілік.

Қорқыныш, алаңдау, қысым көру

Денсаулық немесе көңіл күйге байланысты мәселелер.

Қиын шешім қабылдау қажеттігі.


Топтық тапсырма. «Көмек кеңесі»

Әр топқа ситуация беріледі. Топ мүшелері ата-ана көмегі арқылы қалай шешуге болатынын талдайды:

Ситуациялар:

- Сабақ үлгерімі нашарлап кетті

- Досың сенімен сөйлеспей қойды

- Интернеттен қорқытатын хабарлама келді

- Ата-анаң сені түсінбей жатқандай көрінді.


Қорытынды:

Ата-анамен бөлісу – әлсіздік емес, керісінше сенім мен жауапкершілік белгісі. Ата-ана баласын ешқашан жалғыз қалдырмайды, тек бала сенім артып, ойын ашық жеткізе білсе болғаны. Ашық қарым-қатынас — отбасы гармониясының кілті.








Ата-анмен сыр бөлісу неліктен маңызды екенін түсінеді.


Тәжірибе мен кеңес алады.


Жалғыс емес екендіктерін сезінеді.




















Топтық тапсырма орындайды. Ситуациялық сұрақтарға өз шешімдерін білдіреді.



Өзара шапалақтау, ауызша мадақтау

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру

Ұлттық ғылыми-практикалық институты»

Коммерция лық емес акционерлік қоғамы. Қауіпсіздік сабақ сілтемесі:

https://youtu.be/uNxu6ejOvs Y?si=BJmJIzHQeiTZXomJ













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.12.2025
12
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі