15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕГЕН НЕ?"
Тәрбие сағатының
тақырыбы:
Сыбайлас -
жемқорлық деген не?
Тәрбие сағатының
мақсаты:
1.“Сыбайлас -
жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы
түсінік қалыптастыру.
2. Өз
көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын
кеңейту.
3. Өз
мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке
тәрбиелеу.
Тәрбие
сағатының барысы:
1.
Ұйымдастыру кезеңі:
- Сыбайлас -
жемқорлық деген не?
(оқушылардың
пікірлері тыңдалады)
2. Ойын –
Орындық
Шарты: 5 -
бала, 4 - орындық. Музыка тоқтағанда орындық жетпеген бала ойынан
шығады. Алдын ала 1 - баланы даярлап қоям, Ол балаға орын жетпей
қалады, бірақ ойынан шыққысы келмейтінін айтып, ақша ұсынады 100
теңге. Ойын жүргізуші, 100 теңге аз 200 теңге дейді. Сөйтіп осы
ойынның соңыны жеңіске
жетеді.
Мұғалім:
- Ойын ұнады
ма?
- Неліктен
ұнамады?
- Ойын кезінде өздеріңді қалай
сезіндіңдер?
- Неге бұл оқушы ойында
қалды?
- Ол не
істеді?
3.
Мұғалім: Сыбайлас - жемқорлық деген
не?
“Сыбайлас -
жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio"
деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында
сондай - ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда
“сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу”
деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс - әрекетті білдірген.
Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас - жемқорлықты пара беріп
сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы
ретінде сипаттайды.
ҚР “Сыбайлас -
жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас - жемқорлыққа келесідей
анықтама береді. Ол: “... мемлекеттік міндеттерді орындайтын
адамдар, сондай - ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды
құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз
құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен
қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау,
сондай - ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және
артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып
алу”. Қазақстанда сондай – ақ сыбайлас жемқорлық
үшін қылмыстық, тәртіп, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы
нормативтік – құқықтық актілер де қабылданды. Оларға «Мемлекет
қызмет туралы» (1995) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
туралы» (1998) ҚР заңдары
жатады.
ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228 - бап),
Коммерциялық сатып алу (231 – бап),
Қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану (307 - бап),
Билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану (308 - бап),
Пара алу (311 -бап),
Қылмыстық жалғандық жасау (314 - бап)
Ситуациалық жағдай
1 топтың тапсырмасы: Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасады. Ерланның есіне асханада ақша майдалатқан Қайрат түседі. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып алу керектігін Маратқа айтады. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырады. Ойында арам ойы жоқ Қайратты Ерлан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етеді. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол ақшасының жоқ екендігін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екендігін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере салады. Аман - есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертеді. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтсаң, онда жақсылық болмайтындығын Қайратқа жақсылап ұғындырады.
Сұрақтар:
1. Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелген?
2. Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?
3. Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?
2 - топтың тапсырмасы: Нұрлан 5 - сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға деген талабы жақсы. Оқыса жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата - анасының тәрбиесі баланы жолдан тайдырады. Нұрланның ата - анасы бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, кейде тіпті апталап келмей қалатын кездері де болады. Мектепте, сыныпта ата - аналарға байланысты өтетін жиындарға да келмейді. Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата - анасымен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды. Ата - анасы құрғақ уәде беріп құр шығарып салады. Бірер күн өткен соң жаңағы оқиға қайта қайталанады. Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра оны орындауда әке - шешесі салғырттық танытады.
Сұрақтар:
1. Нұрланның ата - анасының қылығын қалай бағалайсыздар?
2. Сынып жетекшісінің орнында болсаңыз не істер едіңіз?
3. Ата - ананың бала алдындағы міндеттері қандай?
3 - топтың тапсырмасы. 4 - сыныпты сәтті аяқтаған Жалғас жазда жақсы демалып, тынығып, қыркүйекте мектепке келді. Биыл орта буын, яғни 5 - сыныпқа келген соң, өзін - өзі бір есейіп қалғандай сезінді. Әрбір істеген жұмысына өзінше бір есеп беріп отыратын болды. Жалғастың қыркүйек айындағы тынымсыз еңбекке толы күндері өтіп жатты. Ол енді мектептегі бір үйірмеге қатысып, бойындағы ерекше бір қабілетін шыңдауды мақсат санады. Сөйтіп, мектептегі «Тұмар» пікір - сайыс клубына жазылмақшы болып бір шешімге келді. Осы ойын ата - анасына жеткізді. Ата - анасы Жалғастың ойына қарсы болады. Оны анасы ағылшын тілінен өтетін үйірмеге өзі жазғызып қойғанын, қазіргі заманға ағылшын тілі мамандарының өте қажет екендігін, заман ағымына сай өмір сүру керектігін баса айтты. Ал, Жалғастың бар ойлағаны, өзінше бір жасаған шешімі құмға сіңген судай жоқ болды да кетті. Үнемі ата - анасының айтқанын дұрыс санап, соны басты назарға алатын Жалғас тағы да ата - анасымен келісуге мәжбүр болды.
Сұрақтар:
1. Жалғастың ата - анасының іс - әрекетін қалай бағалайсыз?
2. Осы жерде баланың қандай құқығы шектеліп тұр?
3. Жалғастың ата - анасының шешімімен келісуі
дұрыс па?
4. Сыбайлас - жемқорлықты қала жоюға
болады?
1. Пара бермеу
және алмау.
2. Мақсаты
нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншілігіңмен жетуге
тырыс.
3. Парақорлықты
көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар
беріңіздер.
5. Адамгершілік, әділеттілік туралы мақал -
мәтелдер.
1. Адамгершілік
болмай,
Әділдік
болмас.
2. Адамның ұяты
бетінде,
Адамгершілігі
ниетінде.
3.
Адамгершілікке арналған үш сауал бар: Шөлге құдық қазған бір
сауап,
Өзенге көпір
салған бір сауап,
Жолға ағаш
еккен бір сауап.
4. Адалдық —
ардың ісі.
5. Шындық жоқ жерде сұмдық
көп.
6.
Адамның
әдемілігі шыншылдығында.
7. Ақиқат сөзде
алалық жоқ.
8. Әділ айтқан
жеңер.
9. Әділдікке
жығылмайтын адам жоқ.
10. Әкімің әділ
болмаса жұрт бұзылады,
Саудаң әділ
болмаса нарық бұзылады.
6.
Сабақты қорытындылау:
Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсаты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген