Сыбайлас
жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың
кепілі
Сыбайлас
жемқорлық – кез келген елдің өркендеуіне
қауіп төндіретін жағымсыз құбылыстардың
бірі. Жемқорлыққа қарсы күрес адамзат
баласына ортақ міндет.
Оқушылардың
бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мінез-құлқының адамгершілік-этикалық
құндылық негіздерін қалыптастыру,
рухани- адамгершілік және азаматтық-патриоттық
тәрбие беру мақсатында мектебімізде
бірқатар жұмыстар жасалынуда. Мектебіміздің
9-сынып оқушыларынан құралған «Адал
ұрпақ» клубы оқу жылының басында
жемқорлыққа қарсы жылдық жоспарын
құрып, сол жоспар бойынша түрлі іс-шаралар
атқарып келеді.
1-11
сынып оқушылары арасында «Сыбайлас
жемқорлыққа жол жоқ!» атты тәрбие
сағаттары өткізілді. Аталмыш тақырыпта
өткізілген сабақтарда жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл презентация түрінде
қаралып, әрбір азаматтың негізгі міндеті
– жемқорлықты болдырмау болып
табылатындығы айтылды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін
біздің еліміз заң аясында әрекет
ететіндігі түсіндірілді.
Жемқорлықпен
күресу, оны болдырмау мақсатында
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
жүргізу – баршамызға ортақ міндет»
тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі
Әлімғазы Ермек Қайратұлы 7 – 9 сынып
оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді.
Оқущылар өзара пікір алмасып, көкейлерінде
жүрген сұрақтарын ортаға салып, ұтымды
жауап ала алды.
Көркем
еңбек пәнінің мұғалімі С.Умирбекованың
ұйымдастыруымен 5-9 сыныптар арасында
«Жемқорлық – індет, жою – міндет»
тақырыбында сурет көрмесі жасалынды.
Көрменің қорытындысы бойынша ең жақсы,
терең мағыналы суретті бейнелей алған
7 «Ә» сынып оқушысы Шәріпханов Ерасыл
«Бас жүлдеге» ие болса, 9 «А» сынып
оқушысы Тайырқызы Аружан 1-орынды
иеленді, басқа да оқушылар мақтау
қағаздарымен марапатталды.
Ата-аналар
жиналысында да мектеп инспекторы
Нүсіпбеков Жанат Маратұлы «Жемқорлыққа
жол жоқ!» тақырыбында баяндама оқып,
кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас
жемқорлықпен күрестің ең өзекті мәселе
екендігін, сондықтан да жемқорлыққа
қарсы күресуді әр отбасы өзінен бастай
отырып, ұл-қыздарын жемқорлықтан басын
аулақ ұстауға, тек қана адал жолды
таңдауға тәрбиелеуі керек екендіктерін
түсіндірген болатын.
Қорыта
айтқанда, сыбайлас жемқорлықпен күрес
баянды болашақтың кепілі деуге толық
негіз бар. Себебі жемқорлық болған жерде
даму болмайды. Ал бұл індет жойылса, қай
салада болсын адал, еңбекқор, майталман
мамандар сұрыпталып, еліміздің одан
әрі өркендеуіне серпін беріп, өзге
елдермен бәсекеге түсуге қабілеті
артары сөзсіз. Ендеше кемел келешекке
жету үшін ұстаздар қауымы өскелең
ұрпақты адалдыққа тәрбиелеу жолында
аянбай қызмет етейік!
Алматы
облысы Талғар
ауданы Еламан ауылы
№41
орта мектебі директорының
тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары
Уалихан
Жұлдыз