Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша балаларына сыбайлас жемқорлық туралы мәлімет беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

 

Сыбайлас жемқорлық - заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.

Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті.

 Тарихи тереңнен бастау алған сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отыр. Біздің республикамызда да бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің бірінші кезектегі міндетіне айналды.

 Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің үддесінен шығатынымыз сөзсіз. Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың белгісімен іс қозғаудың бір негізі-азаматтардың арызы. Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті, Қандай да болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік 50 мемелекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігінің шегінде өздерінің кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті деп көрсетілген.

Осыған орай, Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бергізбеу мақсатында, аптасына 1 рет жедел кеңес өткізіліп отырады.

Сонымен қатар, 2017 жылдың 7 айында сот қызметкерлерімен жарық көріп, басқа мекемелерде 31 дәріс оқылды, 19 мақала жарық көрді.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңның мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын-алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.

   Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субьектілеріне мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жауапты болады. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарланған немесе өзге де түрде жәрдемдесетін адам мемлекеттің қорғауында болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуші органға басқа мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органының ұсынуы бойынша тәртіптік ретпен қызметтен бастауға немесе тиісті міндеттерді атқарудан өзгедей түрде босатылуға дейін жазаланады.

   Сыбайлас жем қорлық тек парамен ғана шектелмейді. Бұл жолдағы күресті алдымен сыбайластың өзінен бастау керек. Сыбайластың тамырына балта шабылса, жемқорлықтың да жолы кесілері анық. Сыбайлас жемқорлықтың өршуіне алдымен жерлестік, тамыр таныстық байланыстар оң ықпал етеді. Сол байланыстар арқылы өздеріне, сана-сезімдері мен білік-білімдеріне лайықсыз болса да, лауазымды орынға әлдекімдердің демеуімен келген біліксіздер, бұл жемқорлықтың нағыз бастау алар тұсы.

Қорыта келгенде сыбайлас жемқорлық бірталай экономикалық заңдардың іс-әрекетін төмендетеді және әлемдік қауымдастықтың алдында елдің беделін түсіреді, оған тиімді шетел инвестиция жолында басты кедергі болып табылады. Адал және әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады, себебі сыбайлас-жемқорлық мұндай бизнесті тиімсіз етеді.

   Сыбайлас-жемқорлық әсіресе мемлекеттік билік органдарында қауіпті, мұндай жағдайда ол биліктің монополиясын, мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдау өкілеттігін күшейтеді және жояды.

   Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік жүйенің барлығын бұзады, мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік қызмет абыройының құлдырауына ықпал етеді. Сыбайлас-жемқорлық экономитканың дамуына кедергі жасайды және ұйымдастырылған қылмыстың, әсіресе экономика саласында, өсірмеуге ықпал жасайды.

   Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Жалпы, ертеңі үшін елеңдейтін әрбір саналы азамат жемқорлықты ауыздықтау ісінде өзінің жеке үлесін қосқаны абзал.

 

 

 

Салыстыра тексеру актісінің бір данасы заңды тұлғаға тапсырылады, екінші данасы мемлекеттік кіріс органында қалдырылады.

Тарату кезеңінде салық міндеттемелері туындаған жағдайда оларды орындау Салық Кодексінде белгіленген мерзімде және тәртіпте олардың туындауына қарай жүргізіледі.

Егер таратылатын заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің бюджетке артық төленген салықтардың, төлемақылар және өсімақылар сомасы болса, онда көрсетілген сома Дербес шоттарды жүргізу Ережесінің белгіленген тәртіпте таратылатын заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің салық берешегін өтеу есебіне есепке жтқызуға жатады.

Таратылатын заңды тұлғада немесе жеке кәсіпкерде салық берешегі болмаған жағдайда бюджетке артық төленген салық, басқа да міндетті төлемдердің және өсімақылардың сомалары салық тексеруі немесе Салық кодексінің 43-бабы 7-тармағына сәйкес жүргізілген камералдық бақылауы жүргізілгеннен кейін осы заңды тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге қайтаруға жатады.

Артық төленген салық, басқа да міндетті төлемдер мен өсімақылар сомасын қайтаруға өтініш болмаған кезде салық тексеруін жүзеге асыратын лауазымды тұлға заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің дербес шотында есептеуге жататын артық төлеу сомасы, ал салық берешегі сомасын заңды тұлғаны салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорларынан және жеке тұлғаны жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен алып тастағаннан кейін азайтуға жататын артық төлеу көрсетілетін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар мен өсімақылардың сомаларын есептеуге (кемітуге) тізілім жасайды.

Дербес шоттарда көрсетілген операциялар жүргізілгеннен кейін дербес шоттың жабылуы жүргізіледі.

Салық кодексінің 38-бабы 6-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін құрылымдық бөлімшенің тіркеу есебінің орны бойынша мемлекеттік кіріс органы қызметін тоқтатқан құрылымдық бөлімшенің дербес шоттарын электронды тәсілмен заңды тұлғаның тіркеу есебінің орны бойынша мемлекеттік кіріс органына береді.

Құжаттарды беруді жүзеге асыратын мемлекеттік кіріс органының дербес шоттарында дербес шоттың тиісті бағандарында қорытынды жасалғаннан кейін дербес шоттың «Операцияның мазмұны және соның негізінде жазба жүргізілетін құжат» 2-бағанында мынадай мазмұндағы жазба жүргізіледі: «Дербес шоттардың көшірмелері (ауданы, қаласы, облысы) бойынша мемлекеттік кіріс органына берілді», күні, есеп жүргізуге жауапты лауазымды тұлғалардың қолдары, мемлекеттік кіріс органының мөрі.

Мемлекеттік кіріс органы алынған құжаттардың негізінде заңды тұлғаның дербес шотына таратылған құрылымдық бөлімшенің «сальдосын» енгізеді.









«Шалқар аудандық білім бөлімі» ММ


«Нұрсәт» бөбекжай-бақшасы






Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

 










Тәрбиешілер:Азаматова І.Қ

Әділханова Г.А








2019 жыл













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.01.2019
1439
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі