Материалдар / Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ.

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға студенттерге өте қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2021
261
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

40 Н.Әбдіров атындағы негізгі орта мектеп

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Сарысу ауылы 25.09.2018ж


«Сыбайлас жемқорлық мәселесі

бойынша комиссия құру туралы»



1.Қызметтік әдепті сақтау және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша төмендегі құрамда комисся құрылсын:


  1. Байдуллаев Б-комиссия төрағасы. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

  2. Қойлыбаев Б.-комиссия хатшысы. Педагог-психолог.

  3. Мүшесі, кәсіподақ комитетінің төрағасы-Байдуллаев Б.

  4. мүшесі, мұғалім-Алтынова Н.

  5. Мүшесі, мұғалім-Мырзадаева Б


2. Арыз-шағымдар салынған жәшікті тексеру мақсатында төмендегі құрамда комиссия құрылсын:

1. Кушерова А-комиссия төрайымы

2.Жузеева Н-комиссия хатшысы.

3.Жауынбаева Т-комиссия мүшесі.


3. Жоғарыдағы комиссия мүшелері арыз-шағымдар салынған жәшікті аптасына екі рет тексеріп, қадағаласын.


4. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау, іс-шара түзу директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Байдуллаевқа жүктелсін.




Мектеп директорының м.у.а: Ж.Кенжеева.













Бекітемін

Мектеп директорының м.у.а: Ж.Кенжеева

40 Н.Әбдіров атындағы негізгі орта мектебінің 2018-2019 оқу жылында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылатын жылдық жұмыс жоспары.


Іс- шара мазмұны

мерзімі

Жауапты

1

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылатын жылдық жұмыс жоспарын жасап, бекіту, таныстыру.

қыркүйек

Байдуллаев ДТІЖО

2

Мектептегі теріс әрекеттердің алдын алу мақсатында «сенім жәшігін» орнату

қыркүйек

Кушерова А тәлімгер

3

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бұрышын жасау, аудан прокурорының және білім бөлімінің сенім телефондарын жазып ілу

қаркүйек

Байдуллаев Б. ДТІЖО

4

«сыбайлас жемқорлық-мемлекетімізді дамытуға төнген қауіп» тақырыбында дөңгелек үстел 8-9 сыныптарда

қыркүйек

Байдуллаев ДТІЖО

5

«Сыбайлас жемқорлықсыз-Қазақстан» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізу

қыркүйек

Мектеп әкімшілігі

6

Сыбайлас жемқорлықсыз ел-өркендеуші ел» тақырыбында мектеп ұжымымен жиналыс өткізу

қазан

Тарих пәнінің мұғалімі

7

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес семинар-сабақ

қазан

Тарих пәнінің мұғалімі

8

«Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында

8-9 сынып оқушыларымен жиналыс өткізу

қараша

Байдуллаев Б. ДТІЖО

9

Жемқорлықсыз қоғамға қадам тақырыбында 7-9сынып оқушылары арасында дебат

желтоқсан

ДТІЖО

Тәлімгер

10

«жемқорлыққа қарсымыз» 5-8 сынып оқушылары арасында сурет байқауы

қаңтар

Бейнелеу пәнінің мұғалімі

11

«біз жемқорлыққа қарсымыз» 8-9 сынып оқушылары арасына эссе жазу

қаңтар

Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері

12

«Жемқорлықсыз қоғам-нұрлы болашақ кепілі» 5-9 сынып оқушылырына спорттық жарыстар ұйымдастыру

ақпан

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

13

Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен сыбайлас жемқорлықтың, бопсалаудың алдын-алуда құқық қорғау қызметкерлерімен кездесу өткізу

наурыз

ДТІЖО

14

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын ұйымдастыру

Сәуір

Сынып жетекшілер

15

«Жемқорлық-індет, жою-міндет» тақырыбында оқушылар мен ата-аналарға семинар-сабақ

мамыр

ДТЖО



Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: Б.Байдуллаев

40 Н.Әбдіров атындағы негізгі орта мектебінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының мүшелерімен өткізген жиналысының

1 ХАТТАМАСЫ

Сарысу ауылы 28.09.2018ж

Күнт әртібінде

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы.


Тыңдалды.


Мектеп директорының м.у.атқарушы Кенжеева Жанар сөз басын Елбасының жолдауынан бастады. Елбасымыз жыл сайынға жолдауында қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлық-індеттің тамырына балта шабу жолдары айқындалып, арнайы бағдарламалар мен міндеттер белгіленіп келеді. Қоғамда сыбайсас жемқорлыққа қарсы көз қарасты одан әрі дамытып, онымен күресуде мектеп ұжымы да ат салысуда. Оқушылардан олардың ата-аналарынан, ұстаздар мен жұмысшылардан орынсыз ақша жинау-сыбайлас жемқорлыққа жол беру сияқты жағымсыз әдет, әрекеттерге шек қою жөнінде қатаң ескертілді де, талап та қойылды. Жарқын болашаққа батыл қадаммен бет түзеген еліміздің беделіне, демократиясына, ұлттық қауіпсіздігіне, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыруға қауіп төндіретін, қоғамның жұлынын жейтін жегі құрт іспеттес сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресті күшейтіп оның көріністерін барынша төмендету-бүгінгі күнгі басты мақсат деп атап өтті.

Жиіркенішті, ыпылас тірлікке бой ұратын, құнығып ақшаға қызығуын тыя алмайтын, қалтаңа көз тігетін жандарды ауыздықтау, әшкерлеу басты міндетіміз болып саналатындықтан, баршамыз осы күреске ат салысайық деген ұсынысын білдірді.

Тарих пәнінің мұғалімі Б.Мырзадаева 1998 жылғы «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңнан үзінді мен түсініктемелерді айтып өтті.

Жарыссөз: А.Қуанышова жемқорлыққа қарсы күрес туралы өз ойын ортаға салды. Қоғамда белең алып бара жатқан дерттің алдын алу шараларын өткізіп отыру дұрыстығын айтты.

Қаулы:


Мектеп ұжымы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның аясында жұмыс жүргізсін.




Жиналыс төрайымы: Ж.Кенжеева

Хатшы: Н.Жузеева

40 Н.Әбдіров атындағы негізгі орта мектебінің кезектен тыс

ата-аналар жиналысының

ХАТТАМАСЫ

Сарысу ауылы

18.09.2018ж

Қатысқан ата-аналар-35


Күнт әртібінде


  1. «Сыбайлас жемқорлықсыз-Қазақстан» тақырыбында баяндама оқу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы.

Баяндамшы: Б.Байдуллаев

2. Әр түрлі мәселелер.


Тыңдалды.


Мектеп директорының м.у.атқарушы Кенжеева Жанар жиналысқа қатысып отырған ата-аналарға бүгінгі ата-аналар жиналысының күн тәртібімен таныстырды. Онда негізгі мәселе «Сыбайлас жемқорлықсыз-Қазақстан» тақырыбында тақырыбында өтендігін айтты. Сөз кезегі бірінші мәселе бойынша баяндамашы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Байдуллаев «Сыбайлас жемқорлықсыз-Қазақстан» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі-екендігін айтып өтті. Сыбайлас жемқорлық жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі-парақорлық. Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Ата-аналарға жемқорлық заң бұзушылық фактілер болған жағдайда мемлекетке 144 тегін call-центріне хабарлай алатынын және аудандық білім бөлімінің 2-36-93 сенім телефонына да хабарлай алатынын және жемқорлық заң бұзу актілерін хабарлай алған адам қандай да болмасын басқа әдіспен мемлекетке жемқорлықпен күресу үлесін қосса 30 АЕК-ке дейінгі материалды ынталндырылатындығын атап өтті. Жемқорлық құқық бұзушылықты хабарлаған басқа да жолмен жемқорлықпен күреске ат салысқан тұлға мемлекет қорғауында болатындығын айтты.

Содан кейін, ата-аналар өз ой-пікірлерін білдірді. Ата-ана Битемиров Алиакбар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы Заң қабылданғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылып келе жатқанын айтып өтті.

Әр түрлі мәселелер бойынша ата-аналар комитетінің төрайымы Жумагулова Кулпаш сөзге шығып, барлық ата-аналар мектеппен тығыз байланыста болып, бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөлу керек екенін тілге тиек етті.


Қаулы:

  1. Ата-аналардың саяси мәдениетін қалыптастыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңы назарға алынсын.


Жиналыс төрайымы: Ж.Кенжеева

Хатшы: Н.жузеева

40 Н.Әбдіров атындағы негізгі орта мектебінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының мүшелерімен өткізген жиналысының

2 ХАТТАМАСЫ

Сарысу ауылы 12.11.2018ж

Күнт әртібінде

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы.


Тыңдалды.


Аталған мәселе бойынша мектеп директорының м.у.атқарушы Кенжеева Жанар жемқорлықтың жолын кесу үшін бүгінде санасы ашық, көкірегі ояу жұрт ұйымшылдық танытып, бірігіп күресуге кіріскен.Елбасының Жарлықтары мен «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы шығып оны адамзат баласы қолдап қуаттауда. Қызметкерлер өз кәсібіне адалдық танытып жүргені әрбір мемлекеттік қызметкер білуге тиісті 8 нормативтік құқықтарды ұмытпауынан және «Ар-намыс» Кодексін жатқа біліп, соны іс тұр,ысынан жүзеге асыра білуінде деп білеміз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының төрағасы Б.Байдуллаев өз сөзінде қазіргі демократия заманында бұл дертке қарсы күрес жариялылықпен жүргізу қолға алынған. Бұл тақырыпта түрлі жағымсыз әрекеттер бұқаралық ақпарат құралдары беттеріне шығуда. Сонымен қатар баспасөз беттерінде жарияланған «Сыбайлас жемқорлық жайында», «Сыбайлас жемқорлықты болдырмау» шарасы атты мақалалармен таныстырып өтті.

Жарыссөз: Бастауыш сынып мұғалімі, П.Байдуллаева мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Н.Алтынова өз ойларын ортаға сала келе, әрбір қызметкер өз құқықтарын жақсы біліп, заңды құрметтеуі тиіс. Тәрбие мен білім беретін ұстаздар қауымы үлгі көрсетуі тиіс деп ойлаймыз деген ортақ пікірлерін айтты.


Қаулы:


Мектеп ұжымы баспасөз беттерінде жарияланған мақалалармен таныстырылып отырсын.




Жиналыс төрайымы: Ж.Кенжеева

Хатшы: Н.Жузеева




40 Н.Әбдіров атындағы негізгі орта мектеп




















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!