Материалдар / Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Материал туралы қысқаша түсінік
сыбайлас жемқорлық туралы эссе
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ

Телміріп тапқан теңгеден-тер төгіп тапқан тиын жұғымды.

(А.Байтұрсынұлы)

Біз жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз, жаңа қоғамның талабы іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз де аз емес. Сонымен қатар, шешімі күрделі мәселелер де бар. Ол – сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлық –заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп,мол қаражат пен қоғамдық бәскелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, жас мемлекетімізге де зор нұқсан келтіруде.

Иә, бүгінде күллі әлем жаһандық әлем дағдарыспен бетпе-бет келіп отырған сәтте, Ұлт басшысы Н.Назарбаев көрегендік танытып, мемлекетімізді тығырықтан алып шығатын «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдады.Онда еліміздің биік мақсаттары мен міндеттері айқындалып, яғни «Мәңгілік ел» идеясы негізінде алға қарышты қадамдарды жасайтынымыз белгілі болды. Міне, осы жолда, еліміздің дамып, көркеюіне бағытталған қандай да бір істің жүзеге асырылуына басты кедергі болатын қоғамдық дерт – сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жоюымыз қажет. Елбасы атап өткендей: «Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық-жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің сенімділігіне сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей төнген қатер болып саналады». Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендетеді, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейді, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, билікке деген сенімін әлсіретеді.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты-оның алдын алу. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Елбасымыз өз сөзінде: «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде – оларға жастайынан имандылық пен салауатты өмір сүруді саналарына сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» деді.

Сөз соңында айтарым, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни, бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылуы тиіс. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» -деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, адами қалып - парасат биігінен көрінуге тиіспіз. Мен, сыбайлас жемқорлықсыз қоғамда өмір сүргім келеді!

ЖИ арқылы жасау
23 Мамыр 2023
346
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі