400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектебіміздің оқушыларының санасына сыбайлас жемқорлықтың мемлекет дамуындағы аса қауіпті індет екендігін дарытып, алған білімдері оларды бұл індеттің алдын алуына бағыттайтындай азық болса екен дейміз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыбайлас жемқорлыққа - жол жоқ!


Жемқорлық дегеніміз - мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін қауіпті міндет. «Кез келген мемлекеттік құрылыстағы басты нәрсе - бұл заңдар өзге де күн тәртібінің жәрдемімен істі лауазым иелері баю жолына түсіп кетпейтіндей етіп ұйымдастыру. Жалпы жұртқа ортақ пайда келуін ойластыратын мемлекеттік құрылыстар ғана әділ, дұрыс болмақ», - деген екен ежелгі ойшыл ғалым Аристотель.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы және адамгершілік міндеті болып табылады.  Өмір көрсетіп отырғандай, қазіргі кезде көптеген елдердің дамуының үлгі аларлық жағымен қатар, көлеңкелі тұстары да қатар жүретіндігі белгілі. Ал осы елдің әлеуметтік жағынан жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуін, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – әрбір азаматтың борышы болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу болып табылады. Осы заңмен азаматтардың лауазымдық өкілеттігін, мүмкіндіктерін пайдалана отырып, пайда табуы сыбайлас жемқорлық деп анықталған.

Мемлекеттік тиісті органдар сыбайлас жемқорлықпен күресті жүйелі түрде жүргізіп, оның тамырына балта шабуға бағытталған мақсатты жұмыстарды атқаруда. Бұл мәселе еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Сондықтан да Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Бұл шараға Астана қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі де қатысып, өз үлесін қосуда. Аталған оқу орнында оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында тұрақты түрде құқық бұзушылыққа қарсы күресу тақырыбында түрлі шаралар өткізіліп тұрады. Олардың қатарында, мектеп-интернат мұғалімдерінің ұйымдастыруымен дөңгелек столдар, сынып, тәрбие сағаттары және т.б. іс-шаралар өткізілді. Ондағы негізгі идея - оқушыларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, оқушылар арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу.

Еліміздің болашағын дамытуға атсалысқысы келетін, өз елін құрметтейтін әрбір азамат - мемлекетіміздің ішіндегі тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуға мүдделі.

Мектебіміздің оқушыларының санасына сыбайлас жемқорлықтың мемлекет дамуындағы аса қауіпті індет екендігін дарытып, алған білімдері оларды бұл індеттің алдын алуына бағыттайтындай азық болса екен дейміз.

Біздің оқушылар жемқорлыққа қарсы!




«Қ.Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК» РММ

мұғалімдері: А. Әлиева, К.Парманова


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.06.2024
261
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі