Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің іс-шаралар жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің іс-шаралар жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің іс-шаралар жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің іс-шаралар жоспары

Мақсаты: білім беру ұйымы жұмыскерлерінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын сақтауын қамтамасыз ету, жұмыскерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.

Тапсырмалар:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеуші талаптардың және үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;

2) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

3) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалауды жүзеге асыру.

Принциптері:

1) БҰ басшылығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс тиімділігіне мүдделілігі;

2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдердің міндеттерін орындау үшін қажетті өкілеттіктер мен ресурстардың жеткіліктілігі;

3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет қызметінің ақпараттық ашықтығы;

4) БҰ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асырудың үздіксіздігі.

Жоспар квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленді.



Іс-шаралардың атауы

Өткізу мерзімі

Жауаптылар


1

БҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлеу

Қыркүйек 20__

Комплаенс-қызметтің жұмыс тобы

2

Ұжымның «Жұмыскерлер мен ата-аналарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбындағы өндірістік жиналыс. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін ашу және жауапты адамды тағайындау туралы» бұйрықпен танысу

Қыркүйек 20__


Басшы,

комплаенс-қызметтің жұмыс тобы


3

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы стандарттар мен саясатты әзірлеу және өзектендіру

Тұрақты

Басшы,

комплаенс-қызметтің жұмыс тобы

4

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізу

Тұрақты

Басшы,

комплаенс-қызметтің жұмыс тобы

5

Мүдделер қақтығысын анықтау, мониторингілеу және реттеу жөнінде шаралар қабылдау

Тұрақты

Комплаенс-қызметтің жұмыс тобы

6

Заңға сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар санатына жататын қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауына мониторинг жүргізу

Тұрақты

Комплаенс-қызметтің жұмыс тобы

7

Корпоративтік этикалық құндылықтарды дамыту

Тұрақты

Комплаенс-қызметтің жұмыс тобы

8

Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сондай-ақ корпоративтік Әдеп кодексін сақтауын бақылау

Тұрақты

Басшы,

комплаенс-қызметтің жұмыс тобы

9

Азаматтық және бизнес-қоғамдастық институттарының өкілдерін тарта отырып, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

Тұрақты

Комплаенс-қызметтің жұмыс тобы

10

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы ақпаратты жария ашуды қамтамасыз ету

Тұрақты

Комплаенс-қызметтің жұмыс тобы

11

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізу және/немесе оларға қатысу.

Тоқсанына 1 рет

Комплаенс-қызметтің жұмыс тобы

12

БҰ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша жұмысты үйлестіру

Тұрақты

Басшы,

комплаенс-қызметтің жұмыс тобы


13

БҰ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жәрдем көрсету

Тұрақты

Комплаенс-қызметтің жұмыс тобы

14

БҰ жасалатын азаматтық-құқықтық шарттарға, оның ішінде сатып алу туралы шарттарға, шарт тараптарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, іскерлік әдеп және парасаттылық нормаларын, адал бәсекелестік қағидаттарын міндетті сақтауын көздейтін ережелерді енгізуді қамтамасыз ету

Тұрақты

Басшы,

комплаенс-қызметтің жұмыс тобы




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.11.2024
250
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі