Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар мен студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1









ЭССЕ

Тема: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес






Орындаған: КГИУ университетінің студенті Узынбай А






Page 2

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Әлемнің көптеген елдері секілді, біздің мемлекетіміз де сыбайлас
жемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуға бағытталған
мақсатты жұмыстар жүргізіп келеді. Қазақстан - бұрынғы кеңес Одағы
аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын заң қабылдап, осы
мәселе жөніндегі халықаралық конвенцияларға қосылған алғашқы
мемлекеттердің бірі болып отыр.
Прокуратура органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті
күшейту мақсатында мемлекеттік қаржының мақсатты жұмсалуына үнемі
тексерулер жүргізіп отырады және мемлекеттік органдар мен лауазымды
адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайтуды қамтамасыз етуде.
Эканомикалық және қоғамдық негіздерін жаңғырту, түбегейлі
өзгертулер тұсында сыбайлас жемқорлық қашан да қоғамға қауіп
төндіретіндей дәрежеге көтеріледі. Мұндай кезеңдерде жемқорлықтың
шабуылын жеңілдететін мәселелер – эканомиканың құлдырауы, азаматтық
қоғамның билікке тәуелділігі, мемлекет институтының тиімсіздігі,
заңнамалардың пәрменсіздігі тереңдей түседі. Сөйтіп, сыбайлас
жемқорлықтың тамырына балта шабуға кірісу алдында оны туғызатын
әлеуметтік – эканомикалық жағдайларды барынша азайту қа жет.
Жемқорлыққа қарсы әрекет етудің оның көріністерімен курес жүргізумен
аяқталмайтынын ұғыну аса маңызды. Мұндай күрес қашан да қоғам мен
мемлекет өмірінің барлық жақтарын реттеп отырумен тығыз байланысты.
Осыдан келіп, жемқорлардың өз күштері арқылы жемқорлықпен күрес
жүргізуі барып тұрған мағынасыздық деген келесі қорытынды туындайды.
Бұл бағытта күресті қолайлы саяси орта түзеуден бастау тиімді
болмақ, ал ол қоғам оппозицияның, нақты сөз бостандығы мен биліктің
кіршіксіз болуын көздейді. Мұнда ескертетін тағы бір маңызды жай:
мемлекет пен кейбір шенеуніктердің атқаратын қызметін заң жүзінде нақты
айқындау, қабылданатын шешімдер кейбір адамдардың еркіне тәуелді
болатын салаларды азайту. Басқаша айтқанда, заңнамалардың анықтығы,
қарапайымдығы мен тұрақтылығы қажет, азаматтық қоғамды қалыптастыру
үшін жағдайлар туғызу, халықтың білім деңгейін, оның ішінде құқықтық
сауаттылығын арттыру керек.
Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сыбайлас
жемқорлық қылмыстары әлеуметтік тұрғыдан пайда болғандықтан, оны
болдырмау мен алдын алуды барлық мемлекеттік мекемелер қамтамасыз ету
қажет.
Әрине дей тұрғанымен, басқаларға үлгі-өнеге көрсетуге тиісті
атқарушы және мемлекеттік органдарының лауазымды иелерінің заңсыз
әрекеттеріне тосқауыл қоя отырып, прокуратура органдары басқа да құқық
қорғау бағытындағы міндетін күшейткен үстіне күшейте бермек, яғни
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына орай сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес шараларына әрекет ету - прокуратура органдары
қызметкерлерінің басты міндеті.


Page 3

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның
саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік
құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана
ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін,
нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді.
Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері
әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның
мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас
жемқорлықпен күрес болып табылады.
Жастардың алған білімдері оларды өмірде туындаған кез келген
жемқорлық атаулымен кездестірмейтіндігіне сенгіміз келеді.
Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!
Елдің болашағы – жас ұрпақтың қолында!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз - бұл
мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты деп айтқан екен
кезінде Арестотель ғұлама. «Кез келген мемлекеттік құрылыстағы басты
нәрсе - бұл заңдар өзге де күн тәртібінің жәрдемімен істі лауазым иелері баю
жолына түсіп кетпейтіндей етіп ұйымдастыру. Жалпы жұртқа ортақ пайда
келуін ойластыратын мемлекеттік құрылыстар ғана әділ, дұрыс болмақ», -
деген екен ежелгі ойшыл ғалым.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі
мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын
ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің
қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын.
Әрбір қоғам дамуының күнегей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да бар
қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуатын жақсарып, экономикалық
жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін
көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін
тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті
күшейту - әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу
туралы» Заңның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын
қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа
байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу
болып табылады. Осы заңмен, мемлекеттік міндетті атқаратын және де
оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін, мүмкіндіктерін
пайдалана отырып, пайда табу сыбайлас жемқорлық, деп анықталған.
Мемлекеттік тиісті органдар сыбайлас жемқорлықпен күресті жүйелі түрде
жалғастырып, пәрменді шаралар көріп отырғаны баршаға белгілі.
Эссе арқылы жемқорлық туралы ойымызды ортаға саламыз.
Жемқорлықтын алдын алу үшін көптеген іс – шаралар жасалуда. Оған
жастардыңда үлес қосуы үшін көптеген жұмыстар жасалуда. Жастарда өз
үлестерін қосуы үшін жемқорлыққа қарсы күреске белсене қатысуда.


Page 4

Сыбайлас жемқорлық біз үшін жат қылықтардың біріне жатқызылғанын
қалаймын, және ол үшін өз үлесімді қосуға ат салысамын.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті деп
есептеймін. Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
13.02.2021
283
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12