Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес
-
баршамызға ортақ
іс
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп
аталған жолдауында Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту жолындағы
стратегиялық маңызды мәселелерді айқындап, қоғам мен мемлекетті
түбегейлі қайта өзгертуге, жаңғыртуға бағытталған бес негізгі
басымдылықты белгілеп берді.
Президенттің жолдауында
белгіленген бес негізгі басымдылық еліміздің дамуының барлық
салаларын қамтиды, соның ішінде заңның үстемдігін қамтамасыз етуге
арналған.
Бұл
құжатта маңыздылығы жөнінен айрықша көтерілген мәселе сыбайлас
жемқорлықпен күреске
қатысты.
Сыбайлас
жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір
төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды
тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі.
Ең бастысы - адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген
сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде,
билікке деген сеніміне кері әсер ететіні
хақ.
Жасыратыны
жоқ сыбайлас жемқорлықпен күрес
бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді
мәселеге айналды,
себебі бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс
табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда
өкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады. Өкінішке орай, жең
ұшынан жалғасын табатын, көз қысты-бармақ басты әдет әлі де болса
қалмай келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп
өсуіне өрескел кедергі келтіретіні
даусыз.
Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздік қолданысында
кеңінен қолданылады және терең тарихи тамыры бар. Жемқорлықтың
қарапайым түсінігі - лауазымды тұлғалар, қоғамдық және саяси
қайраткерлер мен мемлекеттік шенеуніктердің өз қызметтерінде
сараңдық мен сатқындық
танытуы.
Мемлекеттік сатып алу, мемлекет қаржысын талан-тараж
етіп, ысырап қылу, жер участкесін заңсыз беру, дүние-мүлкін, ақша
капиталын салық декларациясынан, яғни мемлекеттен жасырып қалу
сияқты мемлекет қалтасына қауіп төндіретін жат қылықтар әлі де орын
алуда.
Қазіргі
таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды
жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Кеңестер одағы кеңістігінде алғаш
рет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдады, бұл
заң жобасы арқылы жемқорлыққа қарсы күрестің негізі принциптерін
анықтап, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың және оған
байланысты жауапкершіліктің артылуының түрлері
анықталды.
Елімізде
18 қараша 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
Заң қабылданғаны да баршаға
мәлім.
Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот
алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен
заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық
бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық
мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде
күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу - жалпыға ортақ
міндет.
Сыбайлас
жемқорлыққа қатысты мәселе әрқашан Елбасының назарында. Елбасымыз
Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында «Сыбайлас жемқорлық
қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді,
сондықтан онымен күрес жүргізу — жалпы ұлттық міндет», - деген
болатын.
Біз
елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі
қадамдар жасадық. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың
салдарларымен күресуге аударылып
отыр.
Сондықтан, Призидент
жолдауында сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын
анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттілігін атап
көрсетті.
Сыбайлас
жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына
байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы
жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны
жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға
тиіс.
Елбасының мемлекетіміздің тағдыры үшін маңызды құжатында
айтылған мемлекеттік қызметтегі тұлғаларға қойылатын талап «Әрбір
мемлекеттік қызметкердің ары да жаны да таза, сауатты және білікті,
біреуге тәуелді болмайтындай жағдайда болса екен», - деген
жұртшылықтың пікірімен
үндескендей.
Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін
әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Бұндай заң бұзушылыққа
қасақана барғандар қатаң жазаға
тартылады.
Әрине,
ең алдымен бүгінгі бала, ертеңгі мемлекеттік қызметкердің
отбасындаға тәлім-тәрбиесі дұрыс болуы ләзім. Тәрбие от басынан
басталады, ата-анасының шарауаны пара беру арқылы шешетінін, не
пара алу арқылы өздерінің материалдық жағдайын жақсартып отырғанын
көріп өскен бала, бұл жағдайды орынды, яғни солай болуы керек екен
деп түсінеді. Есейгенде ол баладан қандай мемлекеттік қызметкер
шығады? Қалтасының қамын ойлайтын шенеунік бола ма, әлде тәуелсіз
еліміздің нығаюына, қазіргі жаһандану заманында патритоттық сезімді
барынша бойына терең сіңдірген, ел дамуының ұйытқысы болатын нағыз
азамат шыға ма? Соңғысы болса ләзім. Сондықтан, әрбір отбасы осы
мәселеге аса мән бергені
абзал.
Қазақстан - көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды
дамып келе жатқан мемлекет. Алдымызда әлі талай үлкен міндеттер
тұр, талай сын кезеңдерден өтуге тура келеді және сапалы нәтижеге
қол жеткізуіміз қажет.