Материалдар / Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2020
443
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қалалық білім бөліміне


Ақтөбе қаласының №57 жалпы білім

беретін орта мектебінен


Ақтөбе қаласының №57 жалпы білім беретін орта мектебінде 2019-2020 оқу жылында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысының

АНЫҚТАМАСЫ

2019-2020 оқу жылында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР - ның 1998 жылғы 2 шілдедегі №267 Заңымен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің 2014 жылғы 11 қарашасындағы №001 қаулысын басшылыққа ала отырып жыл басында «Оқушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысында баяндама оқылды. Сондай-ақ, желтоқсан айында «Пара алу құрдымға бастар жол» тақырыбында ата-аналардан сауалнама алынып, мониторинг жасалды. «Сыбайлас туғызатын құқық бұзушылық» тақырыбында 8-10 кластарға дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік ахуалын қалыптастыра отырып, бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту мәселелі қарастырылды.

«Оқушыларда сыбайлас жемқолыққа қарсы көзқарас қалыптастыру» тақырыбында баяндама оқу сәті






«Пара алу құрдымға бастар жол» ата-аналардан сауалнама алу сәті



«Сыбайлас жемқорлық туғызатын құқық бұзушылық» тақырыбында 8-10 класс оқушылары арасында дөңгелек үстел


9-11 класс жетекшлерінің ұйымдастырумен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес баршамызға ортақ іс» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатының  мақсаты: оқушылардың қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарды құрметтеу. Сабақтың «Сенің құқығың» атты бөлімінде оқушыларға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» заңнамасының баптары оқылып, олардың әрқайсысына түсінік  беріліп кетті.

Мектеп психологы Тащанова Г.Т. «Сыбайлас жемқорлыққа көзқарасын» анықтауға арналған 8-11 класс оқушылары арасында сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижесінде «Сыбайлас жемқорлық сөзін қалай түсінесіз? Сіздің ойыңызша, ол нені?» деген сұраққа оқушылар жасырын түрде өз ойларын ашық жазды. Оқушылардың 80% әділетсіз жолмен ақша табу деп жауап берсе, 65% «Сіз қалай ойлайсыз, еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыс жеткілікті деңгейде жүргізілуде ме?» деген сұраққа жауап беруге қиналамын деді.

Ақпан айында 1-4 кластарда тәрбие сағат жүргізу арқылы «Жемқорлық» сөзіне түсінік беру мақсатында «Сыбайлас жемқорлық деген не?» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды.

«Оқушылардың бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруда класс жетекшісінің ролі» тақырыбында класс жетекшілер жиналысы

Picture 4

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес баршамызға ортақ іс» сынып сағаты


«Сыбайлас жемқорлық туғызатын құқық бұзушылық және олар үшін жауаптылық» пікірталас

Қаңтар айында 10-11 класс оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс –шара барысында оқушылар қоғамдағы жемқорлық факторлардың жиелену жағдайы мен күресу жолдары жайлы сөз етіп, «Жемқорлыққа жол жоқ!» ұранымен постерлер қорғады.

Picture 2 Picture 4


5-7 класс оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» тақырыбында сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Тақырыптың мағынасын толық ашқан суреттер көрмеге ұсынылды.

Picture 2 Picture 3

Мектеп директоры Досжанова М.Б.

Орын.: ТІЖО Агисова А.Т.

Тел: 8771-785-53-23

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!