Материалдар / Сыбайлас жемқорлықты алдын алу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыбайлас жемқорлықты алдын алу

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар мен студенттерге сыбайлас жемқорлықтың зияны мен зардабы туралы түсінік беру.Оның алдын алу үшін шаралар ұйымдастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2021
579
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Біз сыбайлас жемқорлықсыз әлем



Біз өмір сүріп жатқан қоғамда әр алуан жан иелері өмір сүреді.Сол секілді қаншама адам болса, соншалықты пікір, соншалықты іс-әрекет болады.Жалпы менің түсінігімде «жемқорлық» деген сөз біреудің бағын байлау, өзімді күнә жасауға итермелеу болып табылады.Арасында теледидардан естіп,көріп жатқанымыздай қоғамда «сыбайлас жемқорлық» атты жағымсыз іс-әрекеттер белең алып барады.Бұның негізгі себептерінің бірі-жеңіл жолмен ақша табу, жалпақ тілмен айтқанда, «ауырдың астымен,жеңілдің үстімен» жүру.Меніңше, мұндай жолмен келген ақша да жақсылыққа жұмсалып, өз алдына ешнәрсе жасай алмайды.Яғни ауамен келген пара,ауамен кетеді.

Қазақстан жаңару,даму барысында.Оның бірден-бір дәлелі қазіргі таңда елімізде көптеген жаңа технологиялар, жаңа орындар ашылып, өзге елдермен қарым-қатынасымыз нығаю үстінде.Ал осындай «арам, пасык» істер арқылы біз өз ұлтымыздың беделін түсіріп,өз санамызды «у»лап жатырмыз.Елім дейтін кез-келген ұл мен қыз мұндай мардымы жоқ тірлікке бармайды.Бала санасында жемқорлық туралы алғашқы ой мектеп жасынан қалыптасуы тиіс,оған көптеген мысалдар айтылып жеңіл түсіндіру жұмыстары жүргізілуі қажет деп ойлаймын.Айналамызда жоғары оқу орындарын бітіріп алып, мамандық бойынша жұмыс жасай алмай жүрген аға буындар толып жүр Неліктен?Себебі, бүгінгі таңда дерті басылмай тұрған жемқорлықтың залалы.Сонла ойыма, ақша табу үшін, ақша беру керек пе? деген де ойлар келеді.Қазақстанға ақшасы бар маман емес, білікті маман керек.Сонда ғана өсеміз,дамимыз,жетілеміз. Кенияда жүріп, келесі ойым айшықтала түсті. Қазір қандай жағдайдың ортасында өмір сүрсең де, болашағыңды өзгертуге болады. Тіпті тақыр кедейліктің, қараңғы надандықтың ортасында туылсаң да әдемі болашақтан үміт бар. Тек осы күресте білім, еңбек пен нақты ұстаным керек. Жемқорлық пен біреудің әкесі, көкесі қай елде де бола береді. Кения, Үндістан, Қазақстан, әлде Америка ма, бәрібір. Бірақ, арман-мақсат үшін күресте “бәрі әділетсіз!” деп түңіліп, тек соны ойлай беріп, кері шегінуге себеп іздесеңіз еш нәтиже шықпайды. Әділетсіздік әр қоғамда, әр отбасында бар. Сондықтан, жақсы өмірге ұмтылған әркімнің мақсаты айналасындағы жағдайға қарамастан барынша түзу жүріп, әрекет ете беру болу керек.Адам баласы қандай да мақсатқа жету үшін қажымай еңбек етіп, тынбай талаптануы тиіс.Сонда ғана өз дегеніне әділ жолмен жетіп, жұмысының нәтижесін көреді.Адал еңбекпен келген бақ пен дәулет шынайы қуаныш сыйлап,жаныңды жадыратады.Мектее кезімізден білетініміздей сыбайлас жемқорлықтың зарбады ауыр.Яғни ол туралы заңдар мен жазаланатын іс-шаралардың түрлері тіптен қорқынышты.





Сыбайлас жемқорлық тек Қазақстандық емес, әлемдік проблема.Әр елде әртүрлі жүзеге асырылып жүрген жемқорлықтың зиянынан басқа ешнәрсе жоқ.Журналисттер хабарламалардан көрсетіп, заң өкілдері шешім шығарып жатса да бұл ахуал басылатын емес.Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да алаңдататыны анық.Менің ойымша сыбайлас жемқорлыққа қарсылық деген сөз, өз мемлекетіңе жауапкершілікпен қараумен бірдей.Сан ғасырлық тарихымызға көз салсақ, кезінде Абай атамызда әділдіктің туын желбіретіп,шындықты бетке айтқаны үшін талай жаза кешіп, тар қапаста болған жоқ па? Одан бертіндері Ахмет Байтұрсынұлы, Мыржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллин секілді арыстай азаматтарымыз оқ құшып, жанын қиды.Бұл жерде де әділ де шынайы шығарма жазып, елдің көзін ашқысы келгені үшін жазықсыз жаза құшты.Бұл жерден көретінін жалғыз нәрсе сыбайлас жемқорлықтың зияны ғана.Осыншама кесапаты бар екенін бүгінгі жастар яғни біз жете түсініп жол бермеуіміз керек.Десе де бұл менің немесе басқаның қолында ғана емес, бұл барша Қазақстандықтардың қолында.Әркім өзімен жұмыс жасаса,елі үшін зияны бар заттарға жоламаса нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймын.Бұл туралы елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деген болатын: «Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек.»Шынымен көп түкірсе көл дейді халқымыз, сол секілді быз де бір мақсат, бір мүддемен өмір сүрсек болашағымыз жарқын болары сөзсіз. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік дамыған мемелекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.

Осы бір келеңсіз құбылыстың алдын алатын қаншама істер жасалып жатса да, саябырлайтын түрі көрінбейді.Ал мен осы шараны алдын алу үшін мынадай ой ұсынар едім.Басқа ұлттар секілді бұл жемқорлыққа заңды арттыру керек.Мәселен саусақ кесу немесе ату жазасына кесу.Осылайша жас жеткіншектердің санасында бұл бала кезден қалыптасып қорқып өседі, жоламауға тырысады.Мұедай ауыр жаза тағайындаудың бірден бір себебі, жоғарыда айтып кеткенімдей, ұлт болашағы үшін маңызды шешім.Егер осы бір кесапат тыйыла қоймаса болашағымызды елестету қиынға соғар еді.

Мен өз ойымды Абай атамыздың мына бір өлең шумақтары мен қорытындылағым келеді:

«Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге.»Әр жалындаған жас ұрпақтың бойында осындай өлең шумақтары ұрандап тұрса, егемендігіміз мәңгі болмақ.Тәуелсіздігіміздің 30-жылдық мерейтойында осы кесапат қоса жоғалса екен деп тілеймін.Көк туымыз желбіреп осындай дәрежеге жеткенде болашағымыз да тек адал ұрпақпен дами берсін дегім келеді.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!