400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – мемлекет тұрақтылығының кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – мемлекет тұрақтылығының кепілі
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТShape2 Shape1

үркістан облысы, Түркістан қаласы

«А.Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Мусабекова Акнур Абуовна




Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – мемлекет тұрақтылығының кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына кедергі келтіретін ең қауіпті құбылыстардың бірі. Ол мемлекет беделін түсіріп, азаматтардың билікке және әділдікке деген сенімін әлсіретеді. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. «Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлық әлі де біздің қоғамның ауыр дерті болып отыр. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттердің көпшілігінде бар. Қазақстан да одан сырт қалған жоқ. Онымен қалай күресіп жатыр немесе қалай әшкерелеп отыр – ол басқа мәселе», - деді мемлекет басшысы. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы күрес – бүгінгі күннің өзекті әрі стратегиялық маңызы бар міндеттерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті өз Жолдауларында елдің тұрақты дамуы мен өркендеуінің басты шарттарының бірі ретінде адалдық, әділдік және ашықтық қағидаларын басшылыққа алуды ерекше атап өтеді. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшы тараптан жалған қорытынды шығару т.б. атауға болады. Осы бағытта елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді саясат жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларын күшейтіп, қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді арттыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекет қызметінің негізгі принциптері – заңдылық, әділдік, жариялылық және жауапкершілік екені айқын көрсетілген. Осыған сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік таныту және оның алдын алу – әрбір азаматтың парызы.

Мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүйелі түрде жетілдіру бағытында бірқатар шаралар қабылдануда. «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» осы бағыттағы негізгі стратегиялық құжаттардың бірі болып табылады. Онда мемлекеттік басқаруда ашықтықты арттыру, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу, азаматтық қоғам институттарының белсенділігін күшейту және мемлекеттік қызметшілердің әдеп мәдениетін көтеру мәселелері басты назарда ұсталған.

Бүгінгі таңда қоғамда адалдық идеологиясын қалыптастыру мақсатында көптеген жобалар жүзеге асырылуда. «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ», «Парасатты азамат» жобалары жастар арасында әділдік, жауапкершілік және адалдық құндылықтарын насихаттауға бағытталған. Бұл бастамалар жас буынды сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қарсы тұра алатын азамат етіп тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тек мемлекеттік құрылымдардың міндеті емес, ол – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Әр адам өз кәсібінде адал еңбек етіп, заңды сыйлауға және әділдік принципін сақтауға міндетті. Бұл бағытта отбасы тәрбиесі мен білім беру ұйымдарының рөлі ерекше. Жас ұрпаққа адалдық, еңбекқорлық және әділдік сияқты қасиеттерді сіңіру арқылы қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға болады.

Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – елдің болашағы мен дамуы үшін маңызды бағыт. Жемқорлықсыз қоғам құру – тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу – барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білген жөн.Әрбір азамат өз ісінде адалдық пен әділдікті ту етіп ұстанған жағдайда ғана мемлекетіміздің іргесі мықты, болашағы жарқын болмақ.

«Адалдық – ардың ісі, әділдік – елдің күші».

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – парасатты ұлттың таңдауы.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
23.10.2025
153
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12