Сыбдыры сұлу,алтын күз

Тақырып бойынша 12 материал табылды

Сыбдыры сұлу,алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейту, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: «Сыбдыры сұлу,алтын күз!»

Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейту, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Жүргізуші :

Жатыр дала жалтылдап, жаз шуағы мол құйды,

Күн астында алтын дән, тербеледі толқиды

Көктемде егін егетін, күзде жиып беретін

Біздің дала бай дала, астық толы айнала.

Армысыздар құрметті ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! Ел байлығын арттырған берекелі күз айы да келді. Бүгінгі мерекелі де ырысты алтын күз мерекесіне арналған «Сыбдыры сұлу,алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, бүгін біздің залымыз қандай әдемі болып кеткен.Бұл әдемілікке кім жетіспейді деп ойлайсыңдар?

Балалар:Күз ханшайымы......

(Ортаға әсем әнмен күз ханшайымы кіріп келеді)

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Күз ханшайымы:

Уа, халайық, дархан далам армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме өте қуаныштымын

Жүргізуші: Қош келдің күз ханшайымы! Біздің балалардың сізге арнаған өз өнерлері бар.Жайланып отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән:«Қолшатыр»

Ойын: Кім жылдам

Жүргізуші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында қазақтың бір ұлттық ойынын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам» деп аталады

Ойын шарты; Екі баланы шақырып,аз уақыт аралығында шашылған жемістер мен көкеністерді жинату,кім көп жинайды сол жеңімпаз атанады.

Жүргізуші:Келесі балалардың күз мезгіліне арналған өлең жолдары бар екен,олай болса балаларды тыңдайық.

1.Айбат

Жеміс мол теретін,

күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

2.Еңлік

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

3. Аят

Көбейді құт береке

Астык толы қамбамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз

4. Адина

Жапырақ ұшты

Суықта түсті

Сонда да бізге

Қызық көп күзде.

5. Хамза

Аспанды сұрғылт бұлт, 

Жан-жақтан жабады. 

Күнбірте суытып, 

Жауын көп жауады. 

6. Мирон

Келді міне күз

Айнала сары түс

Керемет, тамаша

Қандай әсем күз

7. Қайсар

Сап - сарығып даланы

Бояпты ғой күз деген

Құстар қанат қағады.

Қоштасқандай бізбенен.

8. Назерке

Көрініп еліме

Күндері мереке.

Келді ғой жеріме

Күз дейтін мереке.

9. Арнұр

Көк майсалы көрікті, 

Алқаптағы көпегін. 

Бұл күндері киіпті, 

Сары жібек көйлегін.

10.Айлин

Дождик, дождик, уходи,

В другой день ты к нам приди,

Малышка хочет поиграть,

Ты потом приди опять.


11. Айберген

Күзім-ау,күзім-ау

Мінезің бұзық ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау

12. Қуат

Алақай,алақай

Шаттанып балақай

Күз келді дән пісті

Айтамыз алғысты

13.ИбраҺим

Дарит осень чудеса

Да еще какие

Разнаряжены леса

В шапки золотые

Күз ханшайымы: Қандай өнерлі балалар!

Бүгін сіздерде мереке болып жатыр ғой, дендеріңіз сау болып, дастархандарыңыз жеміс жидекке толы болсын. Балалар мен сендердің тақпақтарыңды, ән мен билеріңді сағынып келдім. Мен қыздарға әдемі күзгі жапырақтарымды ала келдім.Қане, осы жапырақтармен би билейікші

Би: «Жапырақтар»

Ойын; «Өнерлі ата-ана»

Шарты; Үш ата-ананы шақырып жеребе тастау арқылы тапсырмаларды орындату.

1-Тәрбиешіге пародия салу.

2-Би билеп беру.

3-Күзге байланысты поэзия оқып беру.

Жеңімпаз ата-ананы марапаттау.

Жүргізуші: Балалар неткен керемет ойын болды ия ,біздің де ата-аналарымыз біз сияқты өнерпаз екен,Бәрекелді.

Жүргізуші: Келесі кезекте ала жаздай тынбай еңбек етіп күзде бас қосқан қырманшы жігіттерімізді қарсы алайық.

Би; «Қырманшылар»

Күз ханшайымы: Балалар, менің сыйқырлы орамалым бар, сол орамалыммен сендерге тосын сый жасамақшымын қабыл алыңдаар

Тосын сый: «Сиқырлы орамал»

Қане, шеңбер құрайық,

Билеп-билеп алайық.

Шыр етіп айналып,

Теріс қарап отырайық.

(Балалар теріс қарап тұрғанда күз ханшайымы ортаға орамал жабылған себетті қояды.)

Күз ханшайымы:Ал балалар енді бұрылып қарайық.

Орамалды ашайық,

Астында не, қарайық?

Бұл не?

Себет қой!

Себеттің бетін жапырақтар жауып тұрады.

Екінші рет ойналғанда, себеттің ішінде алмалар болады. Бұл күздің сыйы, байлығы деп алмаларды балаларға үлестіреді. Балалар алғыстарын айтады. Күз ханшайымы: Менімен би билеуге қалай қарайсыңдар.

Би: Мы маленькие звёзды

Жүргізуші:Құрметті қонақтар!Бүгінгі мереке тағыда құтты болсын!Дастарханымыз асқа толсын! Отбасыларыңызға береке,бірлік,шаттық думан тілейміз!Осымен ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті келгендеріңіз үшін көп көп рахмет!Сау болыңыздар!













































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.10.2023
347
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі