Шыбын мен көбелек 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шыбын мен көбелек 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Өзім сияқты қстаздар қауымына қажет болар деген мақсатта жариялап отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Пәні: әдебиеттік оқу

Бекітемін

Бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасар: А.Есқали


Сабақтың тақырыбы: Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек" /мысал/
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік. Оқушылардың С. Оспановтың өмірі мен шығармалары

туралы білімін кеңейту. Шыбын мен көбелек

әңгімесінің мазмұны мен идеясын ашу.
Жануарлар, жансыз заттар әрекет ететін

мысалдың рөліндегі жәндіктер өміріне тоқталу.

Шыбын мен көбелектің пайдасы мен зияны туралы

түсінік беру.
Дамытушылық. Оқушылардың ойлау, сөйлеу, тілдік қорын дамыту.
Тәрбиелік. Табиғатты аялауға баулу. Жақсыдан үйрену және

жаманнан жиренуге тәрбиелеу. Адамгершілікке,

инабаттылыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, диалогтық сұрақ - жауап,

оқу дағдысын дамытатын әдіс - тәсілдер (мәнерлеп оқу, тізбектеп оқу), ой

тастау, Инсерт әдісі.
Оқыту технологиясы: ақпараттық технология, СТО.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта,слайдтар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
. Оқушыларды сабаққа даярлау.
Психологиялық даярлық.
Оқушылар «Қазіргі көңіл күйің қалай?» деген сұраққа сәйкес түрлі түсті қағаз таңдайды

Ақ қағаз-жақсы,көңілдімін.

Сары қағаз-орташа,бір нәрсені уайымдап отырмын

Қызыл қағаз-онша емес,жүрексініп отырмын

Көк қағаз-ашулымын,ренжіп отырмын

Үй тапсырмасын тексеру.
Адырбек Сопыбеков. Сапар мен Парта. (жаттау, сахналау, партаның суретін салу.)

Топқа бөлу

1-топ Білімділер

2-топ Ойшылдар
Жаңа сабақ.
а) Жұмбақтар шешу:
1.
Ас көрсе - ақ жалайды,
Содан ауру тарайды. (шыбын)

2. Көлбең - көлбең етеді,
Гүлден ұшып жетеді.
Гүл шырынын сорады,
Соған риза болады. (көбелек)

Сейітқұл Оспанов ағамыздың «Шыбын мен көбелек» атты шығармасымен танысамыз.
Сабақтың мақсатын хабарлау.
С. Оспанов туралы мағлұмат беру.



С. Оспанов (1955 - 2003) 30 - наурызда Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келді.1977 жылы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірді.
Шығармалары: «Бәйге», «Ащы қауын, тәтті қауын», «Күн көтерілген шақ» атты жыр жинақтары, «Ағаш ат», «Бақытты үй», «Құлдар көтерілісі»атты кітаптарының авторы.
Инсерт әдісі. Не білесің? (шыбын мен көбелек туралы).





Ассоциация құру

1-топ «Шыбын» деген кезде ойға түсетін алғашқы сөздерді жазып шығу

2-топ «Көбелек» деген кезде ойға түсетін алғашқы сөздерді жазып шығу
Оқулықпен жұмыс.
Мысалды оқушыларға оқыту.
Мысалды рөлге бөліп, сахналау.

Ойсергек «Көбелек» әнін «Айгөлек»әніне салып айту

Көбелек-ау,көбелек,

Көкке ұшқан өрмелеп,

Сені ұстау тым қиын,

Айлакерсің керемет.

Шаршадым-ау,шалдықтым,

Қуып сенің соңыңнан,

Ұстасам да шап беріп,

Шығып кеттің қолымнан
Сұрақтарға жауап алу.

Шығармашылық жұмыс
Дәптермен жұмыс.
Сөздік жұмысын жүргізу.
Үнтаспадан «Шыбын мен көбелек» диалогын тыңдату.
Кім мықты? сайысы.
1 –
топ Шыбын мен Көбелек туралы өлең жолдарын құрастыру..
2 - топ Тақырыпқа байланысты сурет салу.

Жеке жұмыс. «Бестармақ» тәсілі

Бұл тәсілде оқушылар Көбелек пен Шыбынға мінездеме бере отырып өз ойын қорытындылау үшін тек 11 сөзді қолданады

1-топ Көбелек

1.Не?-1 сөз

2. Қандай?-2 сөз

3.Не істейді?-3 сөз

4. Оның қандай маңызы бар?-4 сөз

5.Оны басқаша қалай атауға болады?-1 сөз
2-топ Шыбын

1.Не?-1 сөз

2. Қандай?-2 сөз

3.Не істейді?-3 сөз

4. Оның қандай маңызы бар?-4 сөз

5.Оны басқаша қалай атауға болады?-1 сөз

Қорытынды.
Мысалдағы кейіпкерлерді сипаттау, мінездеме беру. Пайдасы мен зияны туралы айту.
- Мысалда адамдардың қандай қылығ
ы сыналады?
Үйге тапсырма. . Мысалды түсініп оқу. Рөлге бөліп, сахналау.
Бағалау.

Рефлексия

Сабақ соңында оқушылар «Ал енді қазіргі көңіл күйің қалай?»деген сұраққа сәйкес түрлі қағаздарды қайта таңдайды.Сабақ басында алған қағаз түсімен салыстырып, көңіл күйінің қаншалықты өзгергенін және себебін айтады










































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
690
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі