Материалдар / Шуда жүннің пайдасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шуда жүннің пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Түйенің шуда жүнінің пайдасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2024
147
1 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мазмұны

  1. Кіріспе

  2. Түйе малының ерекшелігі

  3. Негізгі бөлім.

  4. Шуда жүнінің қасиеті

  5. Шуда жүнінен жасалатын бұйымдар

  6. Шуда жүнінің халықтық медицинадағы рөлі

III. Қорытынды.

Аннотация

Менің ауылым түйелі ауыл Сегізтамға жақын. Сол ауылдың тұрғындарының барлығы түйе асырайды. Жерінде жантақ көп өседі. Ал, түйенің қорегі жантақ. Түйе малының шұбаты, еті адам ағзасына емдік қасиетінің пайдасы мол екенін білетінмін. Мені қызықтырған оның шуда жүні. Неге десеңіздер түйе жүнінен тоқылған камзолым бар. Қыстың күні ылғи соны тастамайтынмын. Жауратпайды. Сондықтан мен түйе жүні шуда жүнді зерттегім келді. Осы   жобамда түйе малының адам үшін қызметінің бағалы екенін қазақ халқы – күнделікті тұрмысын малмен тығыз байланыстылығын, әсіресе түйе малын ерекше бағалағандығын,  шуда  жүнінің қасиеті  туралы мәліметтер мен оның емдік қасиеттерін жинақтауды мақсат еттім және өзгелерге  жаңаша  көзқарас танытуды  келешек жас   ұрпаққа  насихаттамақпын.

.1.Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты:  Түйе малының  ерекшелі мен  бағалы  тұстарын, шуда  жүнінің  тұрмыста  алатын орны  мен емдік  қасиеті    туралы  келешек  ұрпаққа  насихаттау, үлгі  ету.

2.Міндеттері:

  • Түйе малы туралы  түсінік  беру;

  • Шуда жүнінің өндірілуі мен жиналуы, оның  түрлері  мен  қолданыста  алар орнының    ерекшелігі  туралы  таныту.

3.Болжам:   Шуда  жүнінің түрлері,  жинау  жолдары  мен емдік, тұрмыстық қасиеттері   қарастырылды.

4.Зерттеу кезеңдері:

1-кезең – Зерттеу тақырыбын табу, әдебиеттермен танысу және материалдар жинақтау;

2-кезең- Талдамаларды  жобалау;

3-кезең- Жинақталған материалды сұрыптап, негізгі мақсатты ашуға жұмыстану;

4-кезең-  Талдау жасап, жұмысты жүйелеу, рәсімдеу, қорытындылау,   жазу.

Зерттеу әдісі: Зерттеуде  іздену,  жинақтау, саралау, әдеби-ғылыми талдау.

5.Зерттеу нәтижесі: Шуда  жүні  туралы  жинақталған тарихи және ғылыми сипаттағы деректерді енгізе отырып,  оқушыларға насихат  жүргізіледі.

5. Күтілетін нәтиже:

–   Оқушыда  шуда  жүнінің ерекше  тұтары  мен  қолданылуы  туралы  түсінік  қалыптасады;

–  Осы бағытта өз тарапынан не істеу керек екеніне мақсат қояды;

–  Шуда  жүні  туралы нақты білімі қалыптасады.

Қорытынды: Қос өркешті  түйеден  жүн көп  алынады. Бір  рет қырыққанда  5-6 кг  жүн алуға  болады.  Ал аса  ірі  буралардан 16-18  кг жүн  қырқылады. Жүн өнiмдiлiгi түсiмi бойынша қазақ бактриандары өздерi қатарлас қазақ дромедарларынан жоғары болды. Бiр жасар қазақ бактриандарының орташа жүн түсiмi 3 кг шамасында болып, оның iшiнде 2,7 кг жұмсақ жүннен, 0,3 кг шудадан тұрады.  Бiр жасар еркек дромедар тұқымды боталардың жүн өнiмдiлiгi 2,6 кг болса, оның iшiнде 2,1 кг жұмсақ жүн де, 0,5 кг шудадан құралған. Ұрғашы дромедар боталардың бiр жасарында олардың орташа жүн түсiмi 2,5 кг құраса, оның iшiнде 2,0 кг жұмсақ жүн, 0,5 кг шуда болды.

Түйе жүнiн жұмсақ және шудаға жiктеуге байланысты, Бактриандарда жұмсақ жүн жалпы денесiнен қылшықты жүн өркешiнiң 2/3 бөлiгiнен, жал өркешiнiң 1/3 бөлiгi мен мойын бөлiгiнiң алқымынан қырқылды. Қылшық жүндi жалдың қарқынды өсуi мал екi жастан асқанда басталады.

І Кіріспе  бөлім

Түйе – төрт түліктің төресі. Ауыр жүк артылып, алыс сапарға жегілсе де мыңқ етпейтін маңғаз жануардың қадірін көшпелі жұрт қатты білген. Айрықша күтімді қажетсінбейтіндіктен «кедейдің малы»атанған жануар табиғи жайылымды тез қоңданады. Әрі оның сүті мен шұбатты медицина тарапынан емдік сусын ретінде мойындалғаны да белгілі. Көзін тауып, өңдей білсе, жүні де өнеркәсіпте таптырмайтын шикізат. Міне, осындай пайдасы мол мал тек әлемде санаулы мемлекеттерде ғана бар. Соның бірі біздің елімізде. Қазақ үшін түйе қасиетті мал. Төрт түліктің төресі атанған жануардың сүті – ем, еті-азық, жүні — киім. Нардың жүнін қазақ халқы аяққа таптамаған, тек кеудешелер мен жиделер, шекпендер мен көрпелер дайындаған. Қазіргі медицина түйе жүнінің де емдік қасиет барын анықтады. Түйелер —  ірі  табандылар  отряды-ның  түйе  тұқымдасына   жататын   ашатұяқты  сүтқоректілердің  бір  түрі. Қолда  өсірілетін   түйелердің   арғы   тегі — жабайы  түйелер. Түйе  бұдан  4-5 мың  жыл  бұрын  қолға  үйретілген.  Төрт  түлік  малдың  ішіндегі  ең  қасиеттісі  түйе  болып  есептелген.Ол  қырық  күн  шөлге  шыдамды  жүк,   артса – көлік, жесе – ет, ал  жүні  киімге  жараған. Қазақтар  түйенің  жүні-нен  шекпендер киген, ол  жеңіл  әрі  жұмсақ  сырт  киім  болған.Жүні  қыс  та  суықты  өткізбейді. «Ерте заманнан бері Ойсылқара тұқымын төрт түлік малдың қасиетті төресі»-деп кие тұтқан қазақ халқы түйе малында,одан алынатынөнім  түрлерін  тиімді  пайдалана  білген .Қазақ  халқы түйені  дала  кемесі  деген.Түйе

мінсең көлік,жесең ет, саусаң сүт,оны өңдесең емдік қасиеті бар  шұбат, балқаймақ, қырықсаң  теңдесі жоқ түбітжүн мен шуда.Түйенің шудасын қайнатып, емге пайдаланған.

  1. 2. Шуда жүнінің қасиеті

Түйені қырқу – еңбекті көп қажет ететін ауыр да жауапты іс. Түйені жылына бір рет – көктемде қырқады. Наурыз айынан бастаптүйенің жүндері ұяңданады және көтеріліп шудада ұсталып тұрады. Егер жүнді түлегеннен бастап күнде жинап тұрмаса, көп түбіт шығынға ұшырайды.

Түйе жүнінің ластанбауы және қоқыстанбауы үшін қырқым алдында алдында берілетін суды шектейді және 10 – 15 сағат азықсыз ұстайды. Қос өркешті  түйеден  жүн көп  алынады. Бір  рет қырыққанда  5-6 кг  жүн алуға  болады.  Ал аса  ірі  буралардан 16-18  кг жүн  қырқылады.  Түйенің  жүн өніміне  баға  бергенде оның  физикалық, техникалық  қасиетін  анықтайтын ұзындығы, жіңішкелігі,  біркелкігілі, серпінділігі  сияқты  сапалық  көрсеткіштерге мән  беріледі. Түйе жүнiн жұмсақ және шудаға жiктеу келесi белгiлерге байланысты жүргiзiлдi. Жұмсақ жүн, құрамында шамалы мөлшерде өскелең қылшықты жүн талшықтары бар, түбiт пен ауыспалы талшықтан тұратын, қысқа және жiңiшке тұлымша түрiнде болады. Шуда, құрамында түбiт, ауыспалы талшық және қылшығы аздау болып келетiн қатқыл тұлымшалардан құралады.

Бактриандарда жұмсақ жүн жалпы денесiнен қылшықты жүн өркешiнiң 2/3 бөлiгiнен, жал өркешiнiң 1/3 бөлiгi мен мойын бөлiгiнiң алқымынан қырқылады. Қылшық жүндi жалдың қарқынды өсуi мал екi жастан асқанда басталады. Түйе  жүні мынадай  түрлерге  бөлінеді: түбіт, аралық қылшық, жай  қылшық,  шуда. Түйе жүнінде өлі қыпшық және шайыр болмайды. Оның созылымдылығы мен таза  жүн түсімі  бойынша  жүннің  барлық түрінен  артық,  ал түбітінің  жіңішкелігі 15,5-17,4 мкм.











Түйе жүні — жабағы, боздақ, шуда деп үшке бөлінеді.

Жабағы  деп – түйенің ұйысқан, киіздей болған жүнін айтады. Жабағының астынан өсетін үлпілдек жүнді боздақ дейді. Жабағы жүнінен жеңіл, жылы күпі тіккен, шапанға салған, әртүрлі жіптер иіріп шекпен, белбеу тоқыған.       Шуда – түйенің өркешіне, желкесіне, тізесінің үстіне және мойнының астына шыққан ұзын қылшық жүн. Түйені қазақ халқы тұрмысқа жиі пайдаланғандықтан (жүк арту, т. б.), оның жүні ұйысып, киіздей берік болып қалады. Мұны “жабағы“, оның астынан шығатын үлпілдек жүнді “боздақ“ деп атайды. Шуданың ұзындығы 10 — 30 см аралығында болады. Ол қайшымен қиылып алынады. Одан жіп иіріп, алаша, кілем, киім-кешек тоқиды. Ибн Сина түйе Шудасын буын ауырғанда, суық тиген жерлерге басуды ұсынған. Қазақ халқы  шуданың пайдасын ілкі замандардан бері білген.  Түйенің шуда жүнінен жамау-жасқаулық жіп иіріледі. Ертеде шуда жіппен тон-шалбарларды тіккен. Сонымен қатар шуда жіптерді шертер сияқты ән-күй аспаптарына ішек жасауға пайдаланған.

  1. 2.Шуда жүнінен жасалатын бұйымдар

Түйе жүнінен неше түрлі өрмек жіптерін иіріп, шекпен, қап, белбеу, құр, кілем, қоржын сияқтыларды тоқиды. Сол сияқты түйе жүні айыл-құйысқан, өмілдірік, ноқта жасауға және көген, бау-шу есуге өте қолайлы. Түйе жүні көрпеге салуға, шапанға тартуға өте жақсы, жеңіл, әрі жылы болады, қылшық шықпайды. Шудадан жамау-жасқаулық жіп иіріледі. Бұрын қазақтың тон-шалбары, сабасы мен торсығы, көп ыдыстары осы шуда жіппен тігілген. Шуда жіп «шертер», «керуіш» деп аталатын. Түйе жүні өнеркәсіп үшін таптырмайтын шикізат болып табылады. Бұл жүннен тоқылған матаға деген сұраныс көп. Оның мықтылығына, жеңілдігіне, жұмсақтығына, жылылығына ешқандай жүн жетпейді. Түйенің жүнінен тоқылған орамал, кеудеше, киімдер суық өткізбейді, жиырылып, ұйпалақтанбайды, өзінің сырт көрінісін көп уақытқа жақсы сақтайды. Біздің халқымыз да баяғыдан түйе жүнінен ең қымбат киімдер, шекпендер жасаған. Түйе жүнінің құрамында түбіт, аралық талшық, қылшық болады. Ең ірі қылшықтардан түйенің шудасы құралады. Түйе жүнінде өлі қылшық және жүн шайыры болмайды. Ең жақсы жүн тайлақ жүні. Олардың түбіті аса жіңішке болады. Одан есейген сайын түйе түбіті өзгеріп, жуандап 15-18 мкм дейін болады. Мұның өзі де ең жіңішке меринос жүнінен биязы. Сондықтан да түйе жүнінің қасиеті жоғары, таза талшық шығымдылығы да жақсы – 84-85%. Түйе жүні сапасына қарай төрт сұрыпқа бөлінеді. Ең жоғарысы, 1 сұрып – аса жұмсақ түбіттен тұрады. Бұл түйенің екі жақ қабырға бүйірінен, мойнынан екі жағынан алынады. 2 сұрып қылшықты жүн – өркештерінен алынады, 3 сұрып шуда мойнының астыңғы жағы мен алдыңғы сандарында өседі. 4 сұрып ұйысқан- ұйпаланған жүн түйенің төстігі мен қарнында болады. Түйенің қай жүні болмасын тұрмыстық қажетке жарамды.

Түйе жүнінен неше түрлі өрмек жіптерін иіріп, шекпен, қап, белбеу, құр, кілем, қоржын сияқтыларды тоқиды. Сол сияқты түйе жүні айыл-құйысқан, өмілдірік, ноқта жасауға және көген, бау-шу есуге өте қолайлы. Түйе жүні көрпеге салуға, шапанға тартуға өте жақсы, жеңіл, әрі жылы болады, қылшық шықпайды. «Шуда» деп түйенің мойнындағы, тізесіндегі, екі өркештің үстіндегі салалы қылшық жүндерін айтады. Шудадан жамау-жасқаулық жіп иіріледі. Бұрын қазақтың тон-шалбары, сабасы мен торсығы, көп ыдыстары осы шуда жіппен тігілген. Шуда жіп «шертер», «керуіш» деп аталатын.









АРҚАНДАР: ат арқан, белдеу арқан, жел арқан, желі арқан, қом арқан, қос арқан, матау арқан, сүйретпе арқан, тарту арқан.

ТӨСЕНІШТЕР: алаша, бөстек, кілем.

ЖІПТЕР: бас жіп, бауыр жіп, бұғалық жіп, жан жіп, керме жіп, күрде жіп, ноқта жіп, өре жіп, тең жіп, тұсау жіп, тізе жіп, үзеңгі жіп.

КИІЗ ҮЙ ЖАБДЫҚТАРЫ: ақ басқұр, ала басқұр, бас бағу, босаға, дөдеге, кереге бау, таңғыш, түндік бау, уық бау, үзік бау.

КИІМ-КЕШЕКТЕР: жабағы күпі, жадағай шапан, жүн қолғап, жүн шұлық, мойынша, түйе жүн, далбағай, түйе жүн кеудеше, шекпен, шидем шекпен.

МАЛ ӘБЗЕЛДЕРІ: айыл, асмалдық, бұйда, жел бұйда, жүген, құр айыл, ноқта, түйе ноқта, шылбыр.

КИІЗ ҮЙ ЖАБДЫҚТАРЫ: дорба, қанар қап, қап, қоржын.

Арқау-таңғыш тоқуда түйе жүнінің шудасын йіріп арқаулық жіп жасайды. Арқау жіптерді шатыс салғанда арасын біріктіріп тұратындықтан мықты болуы қажет.

Сырғалақ қатты емен ағашынан жасалады. Ағашты жұқа етіп сүргілеп, ыссы темір арқылы жұқа ағаш бетін күйдіріп төрт тесік теседі. Үнемі қолданылған сырғалақ жылтырап сырғып тұрады. Жіптерге тоқу барысында кедергі келтірмейді.

Қылыш емен ағашынан жасалады. Қаруға ұқсағандықтан қылыш деп аталады.

Жүн өңдеуге байланысты атауларға тоқталайық. Ең алдымен жүн қырқу барысында жүннің ақ, қара, кер қызыл түсті түрлері бөлек-бөлек жиналады, салалы, қылшықты, қысқа, бауыр жүндер бөліп алынады. Одан әрі жүннің іртігін жазу, қайызғағынан арылту, шөп-шаламын тазалау, құмалағын түсіру, үлпілдетіп алу жұмыстары жалғасады.

Жіп иіру құралы ұршық деп аталады. Ертеректе әрбір қазақ отбасында міндетті түрде бір-екі ұршықтан болған. Ұршық үш бөлшектен тұрады: ұршық басы, ұршық сабы, мұрындық. Ұршық басы – қатты ағаштан, ағаш безінен, түйенің ортан жілігінің айдар басынан, тастан қашап, кейде оған қорғасын құйып, ортасын жуандығы саусақтай ағашқа кигізуге болатын етіп тесіп жасаған. Ұршықтың әсем түрлерін қазақ әйелдері зергерлерге жасатып алған. Өткен тұрмыста ұршықтың күміс ұршық, қас тасы ұршығы, тас ұршық, құйма ұршық сияқты түрлері мен атаулары болған. Мұндай қымбат бағалы ұршықтар анасынан қызына, келініне мұра ретінде ауысып отырған.

Иірілген жіптерден кілем, алаша, қоржын, қап, т.б. тоқитын тоқу жабдығын өрмек деп атайды. Халық арасында қолданылатын өрмектің екі түрі бар. Оның біріншісін аспалы немесе термелі өрмек дейді. Ондай өрмекте кілем сияқты тұтас, енді заттар тоқылады.

  1. 3 Шуда жүнінің халықтық медицинадағы  ролі

Түйенің шудасы да қымбат бағаланады. Оны буын, құяң, бүйрек ауруларына және радиация сәулелеріне қарсы ем ретінде пайдаланады.

Халық медицинасында ол денені жылыту арқылы ағзадағы қан айналымын жақсартуға қолданылған. Жылытушы әсері арқылы неврит, невралгия, остеохондроз, артрит, ревматизм ауруларының алдын алған. Шудадан келетін жылудың екі тиімділігі бар: бірінші — құрғақ жылу, ол адамды шамадан тыс терлетпейді; екіншісі – тікенекті Шуда арқылы адам денесіне массаж жасап, қан айналымын жақсартады, ісікті басады әрі денедегі суықты шығарады. Шуда аллергия қоздырмайды және электр қуатын өзіне тартпайды. Ыстықта ыстық, суықта суық жібермейді. Сол себепті де түйе Шудасынан ұшқыштарға, теңіз әскерлеріне арнайы киім тігіледі. Халық арасында Шуда киіз үй жабдықтарына (сандыққап, т. б.), киім-кешек (күпі, пима, шекпен, белбеу, т. б.) жасағанда кеңінен пайдаланылған. Қазіргі медицина түйе жүнінің де емдік қасиет барын анықтады

Жүннің тұрмыстық қажеттіліктен гөрі ғылымда дәлелденген тиімді әрі адам денсаулығына пайдалы әсерлерін де айта кеткен жөн.Оны ғалымдар былай тұжырымдайды:

жүн жылуды жақсы сақтайды, сондықтан одан тоқылған киім жылы келеді;

жіңішкелігі мен көлемі бірдей басқа талшықтармен салыстырғанда жүннің салмағы жеңіл;

жүн талшығы иілгіш, созылғыш, серпімді келеді;

жүннің күн көзінің ультракүлгін сәулесін өткізетін ерекшелігі бар.

жүннің әр түрлі шуды және тербелістерді төмендететін қасиеті де бар.













Ибн Сина түйе шудасын буын ауырғанда, суық тиген жерлерге басуды ұсынған. Қазақ халқы шуданың пайдасын ерте замандардан бері білген. Халық медицинасына ол денені жылыту арқылы ағзадағы қан айналымын жақсартуға қолданылған. Жылытушы әсері арқылы ниврит, ниврология, остеохондроз, артрит, ривматизм ауруларының алдын алған. Шудадан келетін жылудың екі тиімділігі бар: бірінші — құрғақ жылу, ол адамды шамадан тыс терлетпейді؛ екіншісі — тікенекті шуда арқылы адам денесіне массаж жасап, қан айналымын жақсартады, ісікті басады әрі денедегі суықты шығарады.

Шуда аллергия қоздырмайды және электр қуатын өзіне тартпайды. ыстықта ыстық, суықта суық жібермейді. Сол себепті де түйе шудасынан ұшқыштарға, теңіз әскерлеріне арнайы киім тігіледі. халық арасында шуда киіз үй жабдықтарына (сандыққап, т.б.) , киім-кешек (күпі, пима, шекпен, белбеу, т.б.) жасағанда кеңінен пайдаланылған.

III. Қорытынды.   

Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық.Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірбиесі бар олар мал өрісін,тіршілік табиғатын,қадір-қасиетін әбден танып білген.Тіпті малдың айрықша қасиетін ,ерекшелігін танитын сыншылдар да шыққан.Сөйтіп,халқымыз өзінің тіршілігін,шаруашылығын осы мал өсірумен байланыстыра жасаған.Оның өнімдерін тіршілік құралы етіп,оңтайлы пайдалануды шебер игерген.
Мал шаруашылығының қыр-сырын жете меңгерген еңбекшіл де,епті халқымыз мал өнімдерін мал өнімдерін де тұрмыстық салаға қолдана білді.Денсаулығымызға оның сүтін де ,етін де пайдаланамыз.Бұл туралы барша жұрт біледі .Түйенің жүнінен тоқылған шекпен ,кәделі қымбат киім деп бағаланды.Ол қыста жылы, жазда салқын қасиеті бар.Түйенің жүнінен қолғап,тоқымы,шұлық тоқып киім ретінде пайдаланса,енді бірде алашаға арқау қылып,көрпеге салып ,жабу тігіп ,арқан есіп тұрмыстық заттар ретінде де пайдалана білді.бұның барлығын бірі білсе ,бірі біле
бермейтіні анық. Қазақ халқымыз түйе шудасын тұрмыста қолданып қана қоймай,оның шудасының емдік қасиетін де аша білді.Айта кететін болсақ ,шуданы ыстық суға ,яғни қайнатып оған тұз салып,оны судан сарқып ,сарысу жиналған жерге  таңып ,байлап ісікті қайтарған.
Халық медицинасында денені жылыту арқылы неврит, неврология,  остеохандроз, ревматизм ауруларының алдын алған. Шуда арқылы адам   денесіне массаж жасап,қан айналымын жақсартқан және де қайтарған  Міне,қасиетті төрт түлікке орай тәрбие,өнеге үлгілерінің өзі бір төбе.

Менің зерттеу жұмысыма байланысты   ұсыныстарым 1. Шуданың пайдасы туралы зертхана ашу
2.Шуда жүнінен балалар киімін тігетін арнайы цех ашу 3.
Жүннің тұрмысқа қажеттілігін дәлелдеу






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!