400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Судағы кальций және магнийді комплексонометриялық анықтау

Материал туралы қысқаша түсінік
Кальций және магний иондарын анықтау кальций ионының трилон Б ерітіндісімен тұрақты ішкікомплексті қосылыс түзуге негізделген. Анықтауды мурексид индикаторы қатысында ортаның рН=10 тең болғанда жүргізеді. Реакцияның аяқталуын қызыл түс лилия түске өзгергеннен анықтауға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Судағы кальций және магнийді комплексонометриялық анықтау


Кальций ионы әлсіз минералданған сулардың катионды құрамында басым болып келеді. Гидрокарбонатты кальцийлі сулар жақсы дренирленген жергіліктерде қолданылады. Минералданудың өсуіне байланысты Са2+ ионының салыстырмалы мөлшері азайып барады. Бұл кальций сульфатының және карбонатының шектеулі немесе нашар ерігіштігімен түсіндіріледі, осының нәтижесінде кальций табиғи сулардың булануы кезінде ерітіндіден үлкен мөлшерде CaSO4 ∙ 2H2O және СаСО3 түрде шығарылады. Сол себепке байланысты табиғи суларда Са2+ ионының мөлшері 1 г/л сирек жоғарылайды, әдетте оның мөлшері төмен.

Табиғи суларда Са2+ ионының маңызды көздерінің бірі болып ісбесттер, доломиттер және таулы жыныстарының ісбесті цементтері табылады, олар суда келесі реакция бойынша ериді:


СаСОз + СО2 + Н2О ↔ Са (НСО3)2.


Жер шарында кеңінен таралған гипстің еруі нәтижесінде суға кальцийдің бірнеше мөлшері өтеді. Кальций иондары суға кальций құрамды силикаттарды желдету процесі кезінде түседі. Бұл табиғи суларды кальциймен тыңайтылу кеңінен таралған көзі болып табылады.

Магний өзінің химиялық қасиеттері жағынан кальцийге ұқсас болып келеді, бірақ бұл элементтердің миграциясы немесе көшуі басқаша өтеді. Кальцийге қарағанда магнийдің биологиялық активтілігі әлсіздеу көрінеді. Сіңірілген комплекстерде магний кальцийге қарағанда әлсіз байланысады, бұл элемент екінші ретті силикаттар құрамына кіреді.

Магний ионы көптеген табиғи суларда кездессе де, магнийі басым сулар өте сирек болып келеді. Магний сульфаты және гидрокарбонатының жақсы ерігіштігі CaSO4 және Са(НСО3)2 салыстырғанда жақсы, сондықтан табиғи суларда Mg2+ концентрациясы жоғарылайды.

Магний ионы доломиттер, мергелдер немесе негізгі (габбро), ультранегізгі (дунит,перидотит) және басқа жыныстар өнімдерінің желденуі нәтижесінде өтеді. Минералданудың төменгі стадиясында магний иондары катионды құрамда немесе кальцийға қарағанда бірінші орында тұрады.

Кальций және магний иондарын анықтау кальций ионының трилон Б ерітіндісімен тұрақты ішкікомплексті қосылыс түзуге негізделген. Анықтауды мурексид индикаторы қатысында ортаның рН=10 тең болғанда жүргізеді. Реакцияның аяқталуын қызыл түс лилия түске өзгергеннен анықтауға болады.



Жұмыстың мақсаты: Судағы кальций және магнийді комплексонометриялық анықтау әдістемесін меңгеру.

Құрал – жабдықтар: сыйымдылығы 25 см3 бюретка, сыйымдылығы 1000 см3 өлшеуіш колба - 2 дана, сыйымдылығы 1 - 5 және 10 - 100 см3 пипетка, сыйымдылығы 200 - 250 см3 химиялық стакан, шпатель, сыйымдылығы 250 см3 титрлеуге арналған колба, сыйымдылығы 10 см3 өлшеуіш цилиндр, резенке груша, зертханалық таразы.

Реактивтер және ерітінділер: трилон Б (комплексон III (С10H18O10N2Na2) ∙ 2Н2О), 0,05 моль/дм3 ерітіндісі; 2 н NaOH ерітіндісі; мурексид және NaCl немесе КСl тұратын индикаторлық қоспа: 1 г мурексидті 100 немесе 200 г натрий хлоридімен фаофор табақшасында біртекті масса пайда болғанша араластырады, зерттелетін су.


Жұмыстың барысы

Титрлеу колбасына 50 мл зерттелетін суды, 2 мл 2 н NaOH ерітіндіні, шпатель ұшымен мурексидті қосып, 0,05 н трилон Б ерітіндісімен қоспа қызыл түстен лилия түске ауысқанша титрлейді.


Титрлеу нәтижелері:


N (Трилон Б) = Vсу =


  1. Эквиваленттік нүкте –


  1. Дәл титрлеу



V1

V2 Vорт. =

V3


V1 V2 V3

Shape1

3

  1. 1000 мл Са2+ (мг-экв) мөлшерін келесі формуламен есептейді (28):


Shape2 mCa 2 NTp.Б VТр.Б 1000

2

VH O



(28)


Са2+ мөлшерін мг/л есептегенде, алынған шаманы 20,04 Са2+ ионының эквивалентіне көбейту керек.


  1. Судың жалпы кермектілігімен (зертханалық жүмыс №20 қар.) кальций ионы мөлшерінің айырмасы бойынша магний ионының мөлшерін есептейді:

mMg 2 Ж mCa 2


мг/л магний ионының мөлшерін анықтағанда, алынған нәтижелерді магний эквивалентіне (12,16) көбейтеді.

Барлық есептеулерді 0,01 мг-экв./л дәлдікпен жүргізіледі.


Өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Кальций суда қандай қосылыстар түрінде кездеседі?

  2. Магний суда қандай қосылыстар түрінде кездеседі?

  3. Кальций және магний иондарын анықтау неге негізделген?

  4. Анықтаудың нәтижелері бойынша не туралы айтуға болады?

  5. 250 мл 0,05 н ерітінді дайындау үшін трилон Б қандай массасы қажет?

Жауабы: 2,3 г

  1. Шамамен 1 г/л кальцийі бар ерітіндіні анықтауға қажетті 250 мл жұмысшы ерітінді дайындауға трилон Б қандай массасы керек?

Жауабы: 2 г

  1. 20,00 мл ерітіндіні титрлеуге 1,5250 г сусыз магний сульфатынан сыйымдылығы 500 мл өлшеуіш колбада дайындалған трилон Б ерітіндісінің 19,55 мл көлемі жұмсалды. Магний бойынша осы ерітіндінің нормалды концентрациясын және титр есептеңіздер.

Жауабы: 0,05184 н

  1. 100 мл суды титрлеуге 8 мл 0,1 н трилон Б ерітіндісі және 5 мл 0,1 н тұз қышқылы ерітіндісі жұмсалды. Судың жалпы, карбонатты және тұрақты кермектіліктерін анықтаңыздар.

Жауабы: 8 ммольэкв/л; 5 ммольэкв/л; 3 ммольэкв/л.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
1277
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі