«Шудың адам ағзасына әсері» тақырыбындағы ғылыми жоба.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Шудың адам ағзасына әсері» тақырыбындағы ғылыми жоба.

Материал туралы қысқаша түсінік
«Шудың адам ағзасына әсері» тақырыбындағы зерттеу ғылыми жоба.Пікір,аннотация,мақсаты,міндеті,барлығы жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы




«Шалқар орта мектебі» КММ









Ғылыми жобаның тақырыбы:

«Шудың адам ағзасына әсері» 








Бағыты:  Жаратылыстану


Орындаған: 4 «А» сынып оқушысы:Медетбек Шыңғыс

Жетекшісі: Бегимбетова А.З






2024-2025 оқу жылы





«Шудың адам ағзасына әсері»

тақырыбындағы ғылыми жобасына



Пікір


4 «А» сынып оқушысы Медетбек Шыңғыс «Шудың адам ағзасына әсері» - тақырыбы төңірегінде  зерттеу  жұмыстарын  жүргізген. Шудың неғұрлым қатты болуы баланың ақыл ойының дамуына әсер ететіндігі анықталған. Ұзақ уақыт бойы интенсивті шудың ортасында болу артериальдық қысымның өзгеруі мен жүрек жұмысының нашарлауына алып келеді. Мидың қыртысында бұзылулар пайда болып, есту, есте сақтау қабілетін төмендетеді. Сондықтан бұл тақырыптың өзектілігі осымен айқындалады.

Ғылыми зерттеу жобасының мақсаты міндеттері дұрыс көрсетілген. Шудың жүрек соғысына, артериальдық қысымға және оқушылардың көңіл бөлуіне әсерін анықтау. Себебі, бұл оқушылардың үлгерімінің басты компоненті болып табылады.

1. Шудың қайнар көздерін анықтау ;

2.Адам ағзасындағы шудың әсерін зерттеу ;

3.Адам ағзасындағы транспорттық шудың әсерін зерттеу ;

4.Халық денсаулығына қалалық көшедегі шудың ықпал жасауына талдау жүргізу.

5.Шумен күрес негізгі іс-шараларын ұйымдастыру.

«Шудың адам ағзасына әсері» - тақырыбында жазған ғылыми зерттеу жобасы жоғары деңгейде, талапқа сәйкес жазылған және ғылыми жобада қорғауға жіберуге толық болады.

 

 









 

Ғылыми жетекшісі: : Бегимбетова А.З










Аннотация.

 

Шу – үлкен санды қарапайым типті әртүрлі биіктер мен күштерден тұратын дыбыс емес, қалыпты емес дыбыстардың жиынтығы. Шу - өркениетті заманымыздың өзіне тән өндірісінің шығыны, күн өткен сайын біздің өмірімізге кеңірек басып кіреді.Азырақ шудың неғұрлым қатты болуы баланың ақыл ойының дамуына әсер ететіндігі анықталған. Ұзақ уақыт бойы интенсивті шудың ортасында болу артериальдық қысымның өзгеруі мен жүрек жұмысының нашарлауына алып келеді. Мидың қыртысында бұзылулар пайда болып, есту, есте сақтау қабілетін төмендетеді. Сондықтан, бұл тақырыптың өзектілігі осы болып табылады. 




 

Аннотация.

 

Шум это не звук, состоящий из больших чисел обыкновенных высот и сил, а совокупность неизменчивых звуков. Шум – затрата производства нашей цивилизованной эры который с каждым днем входит в нашу жизнь. Стало известно что, чем сильнее шум, тем сильнее он действует развитие ребенка. Находиться долгое время в интенсивном шуме приводит к изменению артериального давления и к ухудшению работы сердца. В коре мозга появляются нарушения, происходит ухудшение слуха и нарушается память. По этой причине, данная тема является актуальной в наше время.



 

Annotation.

 

 

 Noise is not a sound consisting of large numbers of ordinary heights and forces, but a collection of unchanging sounds. Noise is the cost of production of our civilized era which constantly enters our life. It is established that, the stronger the noise, the more it influences on the development of the child. Staying for a long time in an intense noise leads to the change of arterial pressure and deterioration of the work of human heart. There are disturbances in the cerebral cortex, the hearing system deteriorates, and the memory is impaired. Consequently, the given theme is considered as actual in our time.




Зерттеу мақсаты: Дыбыс дегеніміз не, оның адам ағзасына әсері,біздің мектептегі шудың ластану деңгейі және жасы келген адамға есту қабілетін қалай сақтап қалуға болады.

Зерттеу міндеттері:


1.Шудың қайнар көздерін анықтау ;

2.Адам ағзасындағы шудың әсерін зерттеу ;

3.Адам ағзасындағы транспорттық шудың әсерін зерттеу ;

4.Халық денсаулығына қалалық көшедегі шудың ықпал жасауына талдау жүргізу.

5.Шумен күрес негізгі іс-шараларын ұйымдастыру.

Зерттеу әдістемесі: Жұмысты баяндау, интернет желісі материалдарын пайдалану, зерттеу жұмысында салыстырмалы тарихи, салыстырмалы типологиялық және жүйелі сипаттама тәсілдері қолданылды.Жинақтау, саралау әдістерін басшылыққа ала отырып,тақырып бойынша әдебиеттерді талдау, сауалнама жүргізу, тәжірибе жасау

Дерек көздері: Шу туралы  зерттеу еңбектер.

Зерттеудегі ұстанымым: Тақырыпты зерттеп мән-мазмұнына терең үңілу. Зерттеудегі жетістіктермен көпшілікпен бөлісу.



Зерттеу өзектілігі: Ауаның, топырақтың судың ластануы адам ағзасына кері әсер ететіні барлығына белгілі. Алайда, бұл аталғандардың зияны шуға қарағанда азырақ Шудың неғұрлым қатты болуы баланың ақыл ойының дамуына әсер ететіндігі анықталған. Ұзақ уақыт бойы интенсивті шудың ортасында болу артериальдық қысымның өзгеруі мен жүрек жұмысының нашарлауына алып келеді. Мидың қыртысында бұзылулар пайда болып, есту, есте сақтау қабілетін төмендетеді. Сондықтан, бұл тақырыптың өзектілігі осы болып табылады. 
















Мазмұны 

Кіріспе...........................................................................................................


1. Негізгі бөлім.................................................................................

1.1. Шу- экологиялық фактор .........................................................................

1.2. Табиғатта шу пайда болу әдістеріне байланысты танылады .............

1.3. Шудың адам денсаулығына зияны .........................................................



2. Зерттеу бөлімі...............................................................................................

2.1.Тұрақты шудың әсерінен қысымның өзгеруі ..........................................

2.2.Ағзаға шудың арнайы емес әсері............................................................... 


Қорытынды...............................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер ....................................................................





































Кіріспе


Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр жүйесінің өзгерістері дамиды.Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне, шу жағдайындағы жұыс ету стажына, жұмыс уақытындағы шуды ұзақтығына және ағзаның сезімталдығына байланысты.

Ақ шу-әр түрлі жиілікті тербелуі бірдей интенсивті болатын шуыл.

Сыртқы шу-құралдың айналадағы ортаға шығаратын шуылы.

Ішкі шу-көлік құралының кабина және шанақ ішіндегі шуыл.

Ауалы шу-шанақ ішінде ауалы жолмен кіретін және 700Гц жиіліктен жоғары болатын ішкі шуыл.


Көшеде тоқтап, құлақ салсаңыз МАЗ және ЗИЛ сияқты автокөліктердің дарылдаған дауысын және серіппелі темір есіктердің жабылған дауысын, ауладағы бала-шаға айқайын естисіз. Магнитофондар және теледидарлар, зауыттардағы цех станоктарының және машиналардың гүрсілі құлақ тұндырады. Осының барлығы күнделікті көрініс.

Уақыт ағымына, ғылым жетістігіне байланысты жаңа дыбыс құралдары жасалып, олардың күші өсті. Ғылым және техника табыстарымен, қарқынымен урбанизациямен бірге шудың деңгейі де тоқтаусыз өсті.Шу – үлкен санды қарапайым типті әртүрлі биіктер мен күштерден тұратын дыбыс емес, қалыпты емес дыбыстардың жиынтығы.

Шу - өркениетті заманымыздың өзіне тән өндірісінің шығыны, күн өткен сайын біздің өмірімізге кеңірек басып кіреді.

Зерттеу мақсатым адам ағзасына шудың әсерінің қасиетін анықтау. Осы зерттеу мақсатына сәйкес келесі міндеттерді ұсынамын:

1) Шудың қайнар көздерін анықтау ;

2) Адам ағзасындағы шудың әсерін зерттеу ;

3) Адам ағзасындағы транспорттық шудың әсерін зерттеу ;

4) Халық денсаулығына қалалық көшедегі шудың ықпал жасауына талдау жүргізу.

5) Шумен күрес негізгі іс-шараларын ұйымдастыру.

Ежелгі Қытайда шудың көмегімен жазалау ең ауыр жаза болып табылған.

Әсіресе, балалар қатты зардап шегеді. Табиғат көптеген дыбыстардан тұрады. Адамдардың даусы, құстардың сайраған әні,желдің гуілі,сағаттың соғуы, көліктердің дыбысы және т.б.

Болып жатқан оқиғаларды анықтап білудің негізгі хабаршысы -дыбыс. 

Шу мәселесі қазіргі заманда төтенше де маңызды мағынаға ие болды. Ұзақ уақыт шу өркениеттің шарасыз жауыздығымен, техниканың қарқынды дамуының, автоматтандырудың, механикаландырудың, көлік өсу шегінің, техникалық алға басудың қосымша өнімі деп есептелді.





Адам ағзасына олардың әсері  ең алдымен жаңа жоғары өнімді құралдарды қолдану кезіндегі  әртүрлі станоктар мен агрегаттардың жоғары жылдамдықта жұмыс істеулерімен байланысты.

Насостар, компрессорлар, трубиналар, пневматикалық құралдар, станоктар және тағыда басқа қозғалыстағы құралдар шудың көзі болып табылады. Сонымен қатар, соңғы жылдардағы қаладағы транспорттардың көбеюіне байланысты, қолайсыз факторлар ретінде шудың әлеуметтік маңызы да зор.

Шумен байланысты еңбек процесі кезінде, адам денесі мәжбүрлі қалыпта болатынын, белгілі бір бұлшық еттер тобының кернелікте болуын, нервтік-эмоционалдық кернеулікті және осыған қоса дірілдің, шаңның, улы заттардың, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың әсерін ұмытпау керек. Бұның барлығы аурудың клиникасын қиындататын факторларға жатады.


1. Негізгі бөлім.

1. Шу — экологиялық фактор.

Шу деп адам ағзасына қолайсыз әсер ететін оның жұмысына және демалуына кедергі жасайтын кез-келген жағымсыз дыбысты немесе осындай дыбыстың жиынтығы.

Ауаны ластаудың ерекше бір түрі — шу. Ол зор әлеуметтік мәні бар факторға айналып отыр. 30 децибелге дейінгі әлсіз шу (жапырақтың сыбдыры, баяу естілетін музыка) адамға жайлы естілді, ал 20—120 децибелдін гүрсіл (жүк машинасының, реактивтік самолеттің, пневматикалық балғаның, дискотекадағы музыканың дыбысы) нерв жүйесін тітіркендіріп, адамның денсаулығына да айтарлықтай зиян етеді. 60-70 децибелден басталатын даңғаза шу адамның есту қабілетін әлсіретеді, мұндай жағдай балаларда 45 децибелден кейін-ақ басталады.80 децибелдік шу адамның ойлау қабілетін нашарлатады, артерия қысымының тербеліс өрісін арттырады, айналадағы өрістерді қабылдау қабілетін әлсіретеді. Шудың ұзақ уақыт әсер етуі вегетативтік нерв жүйесін шайқалтып, қан айналымын бұзады, гипертонияға әкеп соқтырады. 90 децибелдік шу адамды мүлде саңырау етеді. Жалпы алғанда, шу адамның дене және рухани денсаулығына қатер төндіреді.

Адамның айналасындағы шу көздері толып жатыр және олар алуан түрлі. Олардың ең бастылары — транспорт құралдары, өнеркәсіп және тұрмыс кәсіпорындарының техникалық жабдықтары, желдету, газ турбина және компрессор қондырғылары, самолет двигательдері мен іштей жанатын двигательдерді сынау станциялары, әр түрлі аэро-газ динамикалық қондырғылар.

Жоғары жиілікті, яғни құрамында жоғары жиіліктегі дыбыстар басым болатын шу төменгі жиілікті шумен салыстырғанда едәуір зиянды. Сондықтан да шу күшінің шекті деңгейі оның жиілік құрамына қарай белгіленеді.




2. Табиғатта шу пайда болу әдістеріне байланысты танылады

Қатты денелердің дірілдеуінен пайда болатын механикалық шу . Дірілдеуден пайда болған шу лайықты шарттары бар жағдайларда дыбыс болып сәулелеле шашырайды, сондықтан көп жағдайда шудың өзі естілмейді. Механикалық шу машиналармен және механизмдердің жұмыс істеуінен пайда болады.

Транспорттық – қазіргі уақытта қала жағдайындағы ең көп тараған түрі. Мұның шығу көздері – автомобильдер, трамвайлар, троллейбустар және темір жол мен әуе транспорттары. Олар жалпы шудың 80 пайызын құрайды. Автотранспорт қалалық шудың шығу көзі болып саналады және ол үш факторға байланысты: қозғалыс қарқындылығы, қозғалыс жылдамдығы және транспорт ағынының құрамы. Қозғалу жылдамдығы жоғары болған сайын шу деңгейлерініңишамалары да жоғары болады. Қазіргі ірі қалаларда машиналар қозғалысының қарқындылығы сағатына 5-10 мың бірлікке дейін және одан да жоғары болуы мүмкін. Қалалық транспорттардың барлық түрлерінің ішінде трамвай ең шулы болып саналады. Оның қозғалысынан туатын шудың деңгейі автомобильден шығатын шуға қарағанда 10 дБА-ға жоғары.

Пәтерлік шуды екіге бөледі: тұрмыстық(адамдардың тіршілігіне байланысты) және механикалық (инженерлік және санитарлы-техникалық) қондырғылар арқылы пайда болады. Қазіргі кездегі ғимараттардағы, әсіресе бірінші қабатында сауда және коммуналды-тұрмыстық нысандар орналасқан кезде, шу шығаратын қондырғылардың 30 түрі болады: қоқыс өткізгіштер, вентиляция, кондиционерлер және басқалар.

Тұрмыстық ауа шуларына қатты сөйлеу, балалардың жылауы, музыкалық аспаптарда ойнау, өлең айту радио қабылдағыштардың, магнитофондардың, теледидардың, шаң сорғыштардың, кір жуатын машиналардың және т.б. жұмысы жатады. Ауалық шудан басқа пәтерлерде құрылымдық шу да болады, олар ғимараттың құрылымдары арқылы беріледі. Ол жүрген кезде, билеген кезде, балалардың жүгірген, жиһаздарды қозғаған кезде, сондай-ақ механикалық қондырғылар жұмыс істеген кезде пайда болады. Құрылымдық шудың ауалық шудан айырмашылығы – ол ғимараттардың құрылымдары арқылы өте алыс орналасқан бөлмелерге де жетеді.

Шу тұрғын үйлерде сырттан кіретін шудан және ішкі шудан, санитарлық - техникалық, инженерлік-технологиялық құралдарда, тұрмыс құралдарында,музыкалық аспаптарда ойнағанда, адамдардың жылжуынан және жиһазды жылжытудан, әңгімелескенде, балалардың айқайларынан құралады.

Қаладағы шу "симфониясы" көптеген факторлардан түзіледі: темір жолдардың гүрсілінен және ұшақтардың гуілінен , құрылыс техникасының гүрілінен, зауыт цехтарының шуынан және тіпті тұрмыстық құралдарының шуынан - бір сөзбен айтқанда адамды қоршайтын барлық заттан тарайды.

Шудың ең қуатты аккордтары автокөлік қозғалысының дыбысы, оған жалпы фонда шудың 80% береді.

Қала тұрғындарын, әсіресе ірі қалаларда қалалық көліктердің шуы қатты алаңдатады: трамвайлар, автомобильдер, автобустар, мотоциклдер,




мотороллерлер. Көп мөлшердегі шу, әсіресе, дизельді және жүк таситын машиналардан шығады.

Қалалық көлік саны толассыз өседі және өсуде . Таза техникалық проблемалардың шешімі туралы тек қана айтып кана қоймай, қазіргі заманға сай гүрсілі аз автомобильдерді таңдау қажетті деп санауымыз керек.

Соңғы он жылдықта шудың зиянды ықпалы жұмыс істеушілерге, дәл осылай халықтың басқа топтарына әсері өсті. Бұның себебі, техникалық алға басуындағы өндіріс процестерінің механикалануы, көліктің қуаттылығының артуында.

Шу – үлкен қалардың халқына кері әсер ететін негізгі факторлардың бірі.Шудың тұрақты әсері ашушаңдылықты жоғарылатады, шығармашылық әрекетті, еңбек өнімділігін және халықтың тынығу тиімділігін төмендетеді.Бүгінгі күнгі зерттеулер бойынша шудың жоғарғы қысымы көптеген аурулардың – жүрек тамыр, асқазан жүйке жүйесі ауруларын қоздырушы болып табылады.


3.Шудың адам денсаулығына зияны


Шу адамның ажырамас бөлігі, қоршаған ортаны негізгі ластаушы факторлардың біріне айналды. Химиялық ластаушылардан кейін екінші орынды шу иеленіп адам денсаулығына кері әсер ететін ластаушы болып табылады. Транспорттық немесе өндірістік шулардың әсері уақытынан тез шаршағыштық, тітіркендіргіштік, алаңдатушылық сезімдерін ортаға шығарады. Шу − химиялық улану сияқты баяу өлтіргіш.


Адам әрқашан дыбыстар мен шу әлемінде өмір сүрген. Дыбыс адам және барлық тірі организмдер үшін экологиялық факторлардың бірі болып табылады. Табиғатта қатты дыбыстар шумен салыстырғанда әлсіз және қысқа, сирек кездеседі. Табиғи шу (жапырақтардың сыбдыры, жылғаның сарқырап ағуы, құстардың ән салуы) жағымды, стресс түсіру үшін және тыныштандыру үшін әсерлі. Алайда табиғи шу уақыт өткен сайын сирек болып, жасанды шу әсері адам өмірінің тұрақты бөлігіне айналып бара жатыр.


Бактериолог Роберт Кох айтып кеткендей: «Адам баласы бір кездері тырысқақ және оба ауруларымен қалай күрессе, болашақта шумен де тура солай арпалысқа түседі» . Алғашқыда шу тек есту мүшелеріне зақым келтіреді деген ой қалыптасса, уақыт өте келе оның орталық жүйке жүйесіне кері әсерін анықталды. Орталық жүйке жүйесі барлық адамның бойындағы физиологиялық қызметтерді атқарады. И.П.Павлов: «Мысалы, сіз қалада траспорттық шулардың, айқайдың, әр түрлі ысқырықтардың ортасында тұрасыз десек, бірақ егер сізді тыныш табиғат арасындағы үйге көшірсек, сіз қаладағы тірліктерінізді атқара аласыз, кітап оқу, жазу, ойлану, бірақ табиғат аясында өзіңізді жеңілірек сезінесіз» . Сонымен қатар, шудың әсерінен бас сүйек қан қысымының, дем алу ритмнің және асқазанның секреторлық




қызметінің нашарлауынан гастрит, язва сияқты аурулардың пайда болуы анықталды.

Тоқтаусыз қатты дыбыстардың әсерінен көру жүйесінің зақымдалуы және жарық сезудің төмендеуі, саңырау болуы әбден мүмкін.

Тұрақты шуда қалада өскен ағаштар жиі ауырып ,тіршілігін тоқтатады. Шудың ұзақ уақыт бойы тұруы өсімдіктерге ғана әсер етіп қоймай,кейбір. Адамдар өмір бой дыбыстар әлемінде өмір сүріп келеді. жануарлардың да жойылуына алып келеді. Адам дыбыс әлеміне сөйлеу пен әуенді әкелді. Дыбысты өзінің көмекшісі ретінде пайдаланды. Теңіздің толқуы,жаңбырдың жаууы,жапырақтың тусуі сияқты дыбыстардың адам ағзасына жағымды әсер ететіні белгілі,адамды тыныштындырады. Ал транспорттағы немесе кәсіп орындағы шу адамды шаршатады,басады,ойын жүйеге келтіруге бөгет жасайды. Зерттеулер бойынша, шу адамның жұмысқа деген қабілеттілігін 50% төмендетеді. 
Шудың адам организміне күнділікті әсер етуі кәсіби ауруларға әкеледі. Сонымен бірге, жүйке, жүрек, қан тамыры жүйесіне, қан тамыры қысымына, көздің көруіне әсер етеді. Шудың адам организміне ұзақ уақыт әсер етуі, бірнеше қолайсыз жағдайлардың пайда болуына әкеледі: көру, есту мүшелерінің жұмысы төмендеп қанқысымы көтеріледі. 

Осы зерттеу жұмысымда «Адам ағзасына шудың әсері»туралы сауалнама жүргіздім. Сонымен қатар мектеп оқушыларына жадынама таратылды.


2.Зерттеу бөлімі

2.1.Тұрақты шудың әсерінен қысымның өзгеруі 
Өз жұмысымның барысында мен біздің мектеп оқушыларынан сауалнама өткіздім.



Оқушыларға қойылған сауалнамадағы сұрақтар:

1. Дәліздегі шу сізге қалай әсер етеді?

А.әсер етпейді

В.үзіліс кезінде онсызда шу болады

Г.маған қатты әсер етеді

Д.мән бермеймін

2.Терезе сыртындағы шудың әсері қандай?

А.алаңдаймын

В.көңілім бөлінеді

Г.жүйкемді әлсіретеді

Д.мән бермеймін

3.Шудың басқа түрлерінің сіз үшін әсері бар ма?

А.бәрібір

В.үрей тудырады

Г.бәріне мән беремін

Д.мән бермеймін

4. Сабақта шу кедергі жасайдыма?

А. ия, қатты

В. Жоқ, сыныпта шулы емеспіз

Г. білмеймін, назар аудармадым




2- кесте. 4 «А» сынып оқушыларының сауалнама нәтижесі

Сауалнамадағы сұрақтар

Нәтижесі

1

Дәліздегі ішіндегі шу сізге қалай әсер етеді?


65%

2

Терезе сыртындағы шудың әсері қандай?


50%

3

Шудың басқа түрлерінің сіз үшін әсері бар ма?


42%

4

Сабақта шу кедергі жасайдыма?

78%



Жадынама

Сіз тұратын үйде тыныш болу үшін не істеу керек:

1. Сыртқы қабырғалар дыбыс өткізбеуі керек.

2. Екі еселі шыны шуды айтарлықтай азайтады.

3. Үй мен жол арасындағы ағаш отырғызу

4. Жіңішке есіктерді қатты заттармен ауыстырыңыз.

5. Жақсылап тығыздауышпен қалың кілем төсеңіз.

6. Тұрмыстық техниканың ең тыныш үлгісін таңдаңыз.

7. Егер тұрмыстық техника көп шу шығарса, маман шақырыңыз.

8. Үйде жұмсақ аяқ киімді пайдаланыңыз.










Келесі тәжірибемді өз сыныбымдағы оқитын оқушыларға жүргіздім: Нұрбек,Ерасыл атты достарыма ақын М.Мақатаевтың « Үш бақытым » атты өлең шумағын жаттауға берілді. Өлеңді жаттау үшін 2 минут уақыт берілді, шулы ортаны жасауға топтағы оқушылар көмектесті. Нәтижесінде, Нұрбек 1 шумақ өлеңнің 3 жолын ғана толығымен айтты. Ерасыл 4 жол тақпақтың 2 жолын жаттады 2 жолын есіне түсіре алмады. Ал, Інжу 1 жолын жаттап,бірақ 3 жолын ұмытып қалды.

Тәжірибені тыныш ортада қайталап жасадық. Енді «Үш бақытым» өлеңінің тағы бір шумағын қосып жаттауға берілді. Бұл тәжірибені орындауға 1- минут уақыт берілді. Сол кезде, Нұрбек 8 жолды толық жатқа айтып берді. Ал Ерасыл 6 жолды жаттап , 2 жолын ғана ұмытып қалды. Інжу осы 8 жол шумақтың 4 жолын жатқа айта алды.

Бұл тәжірибе барысында байқағаным, шулы ортада тақпақ берілген оқушылар тақпақты жаттау барысында біраз қиналды. Себебі: олардың тақпақ жаттауға зейіні тұрақсыз болды.Оқушылардың шамадан тыс шулауы кері әсерін тигізіп, жадына сақтауға мүмкіндік болмағандықтан,тақпақ толық естерінде қалмады.
Ал тыныш ортада жүргізген кезде, тақпақ оңай, әрі қиындықсыз зейіндері тұрақталып,тез жаттауға мүмкіндік туды.

Алдын алу.

Жеке қорғаныс заттарына шуға қарсы қолданылатын құлаққа тағатындар және шлемдер жатады. Шуға қарсы қолданылатын заттарға қойылатын  бірқатар талаптар бар, олар  шудың әсерін төмендетіп, қолдануға ыңғайлы болу керек. «Шудан  жеке қорғаныс заттары. Гигиеналық талаптар» ГОСТ 1576270 олардың нәтижелігін бағалау, шуға қарсы заттар немесе әдістерді таңдау, талаптар жазылған.

Жеке қорғаныс заттарын қолдану кезінде белгілі бір деңгейде ыңғайсыздық болуы мүмкін, сондықтан жұмысшылар үйрену үшін белгілі бір уаұыт қажет. Ішкі және ортаңғы құлақ, бет терісімен бастың қабынбалы   аурулары кезінде шудане қорғанатын қорғаныс заттарын қолдануға жол берілмейді. Тәжірибеде көрсетілгендей  тәжірибеде шудың қолайсыз әсерлеріне қарсы күрес жүргізу және гигиеналық талаптар бойынша жеке қорғаныс заттарын  қолдануды енгізу болып табылады.











Қорытынды 


Менің зерттеу нәтижелерім көрсеткендей, шу шын мәнінде адам денсаулығына жағымсыз әсер етеді, оның жадын нашарлатады және соның салдары ретінде үлгерімін төмендетеді. Сондықтан шумен күресу керек. Шуды маңызды шешу үшін көгалдандыру орын алады. Шуға өсімдіктер өз үлестерін қоса алады, үй ішінде акустикалық комфорт жасайды. Бірақ біз өзіміз мектептегі оқушыларға кедергі келтірмес үшін тыныштықты сақтауға тиіспіз. Дыбыстың зиянды жақтары да бар. Қатты дыбыстар жұмыс жасауға, ойлауға, демалуға кеселін тигізеді. Бұрын дыбысқа (шуға) көп көңіл бөлмей оның мәдениет пен техниканың айырылмас жол серігі, онан құтылудың жолы жоқ деп есептелетін. Қазір болса, машиналар мен жабдықтардың саны өсіп, мөлшері үлкеюіне байланысты қоршаған ортада дыбыс көп тарап және жағымсыз факторлардың біріне айналды. Қалалар мен өндіріс орталықтарында шу жылдан-жылға көбейіп, елдің мазасын ала бастады. Соның салдарынан адамның құлағы нашар естіп, мазасызданып ұйқысыздыққа ұшырауы мүмкін. Бұл түрлі ауруларға себеп болады. Тұрғын үйлерде, мектептерде, ауруханаларда, халық тұратын және тынығатын орындар да едәуір шу байқалады. Бұл халықтың нерв жүйесін қоздырып, тынығуға кедергі жасайды.Организмнің ерекшелігіне және шудың дағдылы көріністеріне қарай шу адамға түрліше әсер етеді.





























Ұсыныс



Менің осы жобадағы ұсынысым:

Әлемдік деңгейге дейін көтеріліп кеткен шуға қарсы күрес. Яғни күресу дегеніміз, адамзат баласының өз денсаулығына мән беру. Шуды маңызды шешу үшін көгалдандыру орын алады. Шуға өсімдіктер өз үлестерін қоса алады, үй ішінде акустикалық комфорт жасайды.

Бірақ біз өзіміз мектебіміздегі оқушыларға кедергі келтірмес үшін тыныштықты сақтауға тиіспіз. Тұрмыстық техниканың тек қана ең тыныш үлгісін таңдасақ.

Елімізде құрылыс кезінде осы шуды оқшаулау шараларын қатаң тексеретін заң ойластырып каралса. Ғимараттарды ағаштармен қоршау арқылы даланың шуынан қорғалса.

Шуды азайтудың негізгі құралы бұл – шуды көп шығаратын технологиялық құбылыстарды аз шулы немесе мүлде шу шығармайтын құбылыстарға ауыстыру.

Шудың аккустикалық есебін жүргізу және шудың адам организіміне әсер етуінен қорғану шараларын жасау.

Қазіргі таңда шудың әсерін алдын алуға тренингтер мен жадынамалар таралуына ұсыныс жасаймын. Осы ұсынысты ұсына отырып, сол іс-шараны өз мектебімде басталуын сұраймын.





















Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Ә. Бейсенова, А. Самақова, Т. Есболов, Ж. Шілдебаев.

2.Экология негіздері.Ғ. Сағымбаев.

3.Экология.Г. С. Оспанова, Г. Т. Бозматаева.

4.Денсаулық журналы.

5.Экология. Ә. С. Бейсенова, Ж. Б. Шілдебаев, Г. З. Сауытбаева

6.Асқарова Ұ. Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау, Атматы – 2004



































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.03.2025
181
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі