400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Судың кермектігі , жою тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Судың химиялық қасиеттерін металдардың кернеу қатары арқылы түсіндіре отырып,тәжірибе жүзінде көрсету арқылы жаңа білімді игереді;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:

Сабақ

Судың кермектігі , жою тәсілдері

Күні,айы:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.4.2.8 қайнау нүктесін заттың тазалық дәрежесі ретінде түсіну

8.4.2.9 судың кең таралғандығын, ерекше қасиеттерін және оның өмір үшін маңызын түсіну

8.4.2.10 табиғаттағы су айналымын білу және түсіну

Сабақ мақсаты

Судың химиялық қасиеттерін металдардың кернеу қатары

арқылы түсіндіре отырып,тәжірибе жүзінде көрсету арқылы жаңа

білімді игереді;

Судың кермектігі, пайда болу себептері, оны кетірудің иондық механизмі мен суды жұмсартудың жолдарын түсінеді

Ой-өрісін дамыту, білуге тиісті міндетті деңгейдегі есептерді шығару,іскерліктерін дамыту , теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастырады.


Бағалау критерииі

Кермек су мен жұмсақ судың айырмашылықтарын біледі, тұрмыстан мысал келтіре алады.

Судың кермектігін Са2+, Mg2+ тұздарының болуы тудыратынын түсінеді.

Судың кермектілігінің себептерін біледі, кермектікті жою жолдарын түсінеді.

Табыс критерийі:

Судың құрамында кальций , магний , карбонат, гидрокарбонат , хлорид және сульфат иондарының болуына байланысты суда қандай кермектілік болатындығын ажырату

. Оксидтер
2. Өршіткі -
3. Тотығу -
4. Жылу эфектісі -
5. Аллотропия
6. Гидрогениум -
7. Дьюар ыдысы -
8. Болашақ отын -
9. Тотығу дәрежесі -

Құндылықтар

Құрмет, ынтымақстастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық, жыл сайын,

Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу

Адами құндылықтарды дәріптеу

АКТ дағдысын қолдану

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Өмірмен байланыс

Математикада есептерді шығару өзгерістерді талқылау

Пәнаралық байланыс

География, физика

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы(2-5 минут)

(МК)«Егер мен» ойыны

арқылы үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап береді

Үйге берілген тапсырма сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру. Тақтадағы сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау, соңына егер мен ойыны арқылы топптар өзера талқыласады

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы әр топты диалогқа түсіру

 Атауын тап...

Реті

Аталуы

Формуласы

1


CaSO4*0.5H2O

2


СаСl2

3


CaSO4*2H2O

4


CaS

5


СаСО3

6


CaSO4

7


Ca3(PO4)2

8


CaC2

9


Са(ОН)2

10


СаО


  1. Кальций оксиді қандай зат?

  2. Кальций оксидінің алыну жолы қандай?

  3. Кальций оксидінің химиялық қасиеттеріне сипаттама беріңдер.

  4. Кальций гидроксидінің физикалық қасиеттерін атаңдар.

  5. Гипс қандай зат? Гипс туралы не білесіңдер?

  6. Кальций қосылыстарының табиғаттағы айналымы қалай жүреді?

  7. Карсты үйгірлер қандай үңгірлер?

  8. Сталактиттер мен сталагмидтер туралы не білесіңдер?

  9. Кальций қосылысытарының қолданылуы?

  10. Кальций қосылыстарының құрылыстағы маңызы қандай?

Миға шабуыл (жұмбақ)

Бірі жанып, бірі қолдап жануды,

2 элемент бізге бұрын танылды.

Өрт болып еді сөндіруге көп адам

Қосылысын алып, соған қарай ағылды. (Су)

Олай болса, бүгінгі сабағымыз суға тікелей қатысты болмақ. Сабақ тақырыбы Судың кермектігі


Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК,Ұ)

Тапсырма: «Сәйкестік табу» 

Қосылыстар------------------------------------Формуласы 
1. Кальций гидроксиді-----------------------А. СaCO
₃ 

2. Кальций гипохлориді----------------------Б. СаО 

3. Кальций карбонаты.-----------------------В.
Са(СІО)₂ 

4. Алебастер-----------------------------------С. Са(ОН)
₂ 

5. Кальций оксиді-----------------------------Д. СаSО
₄ • 0, 5Н₂О 

6. Ғаныш----------------------------------------Е. СаSО
₄ • 2Н₂О 

Жауаптар:1с; 2в; 3а; 4д; 5б; 6е; 
Өзіндік жұмыс (бір оқушы алдын ала дайындалған) 

 Мұғалім түсіндіруі

Кермектілік – судың құрамында Са және Мg иондарының болуы

Уақытша: Карбонаттар, гидрокарбонаттар

Тұрақты: Нитраттар, хлоридтер, сульфаттар

Кермектілік – судың құрамында Са және Мg иондарының болуы

Уақытша

Карбонаттар,

гидрокарбонаттар

Тұрақты

Нитраттар, хлоридтер, сульфаттар

абиғатта үздіксіз жүріп жататын кальцйи және магний қосылыстарының бір- біріне айналулары судың кермектігін түсінуге мүмкіндік береді. Табиғи суда еріген гипс, магний гидрокобонаты, кальций гидрокорбонаты суға кермектік қасиет береді. Кермек суда сабын нашар көпіреді.

Себебі, судағы кальций және магний иондары сабынның құрамындағы органикалық қышқылдың қалдығымен ерімейтін тұз түзеді. Сондықтан кермек суда кір жуғанда сабынның бір бөлігі кальций және магний иондарын тұнбаға түсіруге жұмсалады. Кермек судың басқа да зияны бар. өнеркәсіпте суды көп мөлшерде қайнататын бу қазандарында қақ тұрып, отын артық шығындалады. Кермек су дәрі- дәрмек әзірлеуге жарамайды, матаны бояуға кедергі жасайды.

Кермек суда тағам нашар піседі, себебі Са 2+ катиондары тағамдағы белоктармен ерімейтін қосылыстар түзеді. Мұндай суда шай және кофе нашар шығады. Кермек суды көп пайдаланудан адамның асқазаны ауырып, организмге тұз жиналуы мүмкін. /оқушыларға сұрақ: Адамның қай мүшелерінде тұз жиналуы мүмкін? Бүйрек, өт, бауыр, буын т.б./

Құрамында Ca2+, Mg 2+ иондары бар су кермек су деп аталады.

Қайнату арқылы: Са(НСО3)2=СаСО3 +Н2О+СО2 /реакция теңдеуінің жалғасын оқушыларға жазғызу/

Уақытша кермектік аталуының себебі де қыздыруға тұрақсыз болуынан.

Техникада көп мөлшердегі суды қайнату тым қымбатқа түседі. Сондықтан суды жұмсарту үшін әк сүтін пайдаланады:

Са(НСО3)2+Са (ОН)2=2СаСО3 + 2 Н2О /реакция теңдеуінің жалғасын оқушыларға жазғызу/

Тұрақты кермектікті химиялық әдіспен кетіреді. Мысалы, соданың көмегімен:

СаSO4+Na2CO3 = CaCO3+Na2SO4 /реакция теңдеуінің жалғасын оқушыларға жазғызу/

Суды еріген тұздан толықтай тазарту үшін қандай әдіс қолданылады?

Мысалы, дәрі жасау үшін таза су керек.

Жауабы: Айдау әдісі (дистилдеу)

Тәжірибе:

1-ші ыдыста құдықтың суы. 2-ші ыдыста тазартылған ауыз су (скважина) 3- ші ыдыста ерітілген қар суы. Сұрақ: Қай суда сабын жақсы ериді? Себебі?

Есеп:45 г суда ерітілген 5 г ас тұзы ерітіндісіндегі натрий хлоридінің массалық үлесі қандай?



Судың кермектігін жою әдістері.

Кермек судың құрамы

түрлері

Жою әдістері

 

катиондар

аниондар

құрамына

Жою әдісіне қарай

Са 2 +
Mg
2+

НСО-3

карбонатты

уақытша

1) қайнату
2) Әк суын қосу

Сl -
SO
42-

Хлоридті

Жалпы

тұрақты

1) Ас содасын қосу

НСО-3

Сl -
SO
42-

1) Ас содасын қосу

2) Әк суын қосу


Shape1 Shape2


практикалық жұмыс жүргізу.

Екі сынауықтың біріне құбыр ал екіншісіне «Қандысу» өзенінен әкелінген кермек судан құйып оған бірнеше тамшы сусабын (шампунь) тамызып көпіршігенін байқау.

«Қандысу өзені мен Терісайрық өзенін салыстыру» жергілікті жер материалдарымен байланыстыру.

Диалогтық әңгіме :

А: - не себептен сабын көпіршімеді?

Қ: - себебі суда сабынның құрамындағы қышқылмен ерімейтін тұнба түзетін қосылыс бар.Ол кальций және магний иондары.

А: - бұдан басқа қандай иондар болуы мүмкін?

Қ: - гидрокарбонат , хлорид және сульфат иондары

Мәтінмен жұмыс: Интернет ресурс (1) арқылы судың кермектілігі анықтамасы , кермектіліктің түрлері және оны жою әдістері туралы ресурс таратылды.

1. Кесте «Cудың кермектілігі және оны кетіру жолдары» оқушылардың қалыптастырушы жұмыстары толтырып, талдау.

Жұпта не себептен дист. суы бар сынауықтағы суда сабын жақсы көпіршіді ал кермек суы бар стақандағы судың көпіршімегенін талқылау.

Топта мұндай құбылыс басқа қай уақытта кезігуі мүмкін екендігін және оның салдарын талқылау



Оқулық

Аудидиск:


-кестесі









Ассоциация




Стикер



Сабақтың соңы( 41-45мин)

(Қ)


Топтық жұмыс

1-топ: Т-кестесі (салыстыру)

Судың кермектігі

Уақытша

Тұрақты








2-топ: Судың кермектігінің салдары

3-топ: Кермектікті жою әдістері

Кім жылдам

1.Берілген формулаларды негіздік оксид, қышқылдық оксидке, негіздерге, қышқылдарға бөліп орналастыр.

2.Реакция теңдеуін аяқта.

K+H2O =

Mg+H2O=

K2O+H2O=

SO2+H2O=


2K+2H2O =2KOH+H2

Mg+H2O=MgO+H2

K2O+H2O=2KOH

SO2+H2O=H2SO3


«Құпия хат» әр түрлі фигуралар тізбегі оқушыларға таратылады.


  1. Сабақта қандай бөлімді қарастырдық?

  2. Оқу мақсатына жету үшін біз қандай іс –әрекеттер жасадық?

  3. Жұптық жұмыс түрінен алған әсеріңізбен бөліссеңіз?

  4. Сөздік қорын қандай жаңа сөздермен толықтырдық?

  5. Жеке жұмыс қаншылықты қиын болды?

Бағалау

Жетістік критерийлері бойынша

Үй жұмысы

Жаңа сөздерді жаттау


Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.

Сабақта маған не пайдалы болды?

Сабақта маған не қызықты болды?

Сабақта маған не қиын болды?


Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1.

2.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
7 наурыз
2452
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі