жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Судың кермектіліг
Сыныбы |
10 сыныб, №33 жалпы орта білім беретін мектебі, БҚО. |
Сабақтың тақырыбы |
Судың кермектілігі және оны кетіру жолдары |
Сабақтың мақсаты |
Білімділігі: судың кермектілігі ұғымымен танысу. Тұрақты және уақытша кермектілік түрімен, қосылыстарының физикалық - химиялық қасиеттерімен таныстыру. Дамытушылығы: оқушылардың пәнге қызығушылығын, химиялық сауаттылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, география, биология курстарындағы білімдерін химия пәнімен ұштастыра білуге машықтандыру. Тәрбиелігі: шығармашылық ізденістерін, іскерлік дағдыларын, пәнге, білімге қызығушылықтарын арттыра отырып, өз бетімен білім ала білуге тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қорғауға, еңбекке баулу. |
Күтілетін нәтиже |
|
Көрнекі құралдар |
тұздар үлгілері, слайд, үлестірме тапсырмалар, интерактивті тақта |
Сабақтың типі |
Жаңа білімді меңгеру |
Сабақ түрі |
Аралас сабақ |
Әдісі |
Сұрақ – жауап, түсіндіру, салыстыру |
Пәнаралық байланыс |
география, биология |
Сабақ кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Тақырыптың (тапсырма) мазмұны |
Оқушы әрекеті |
Уақыты |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Ұйымдастыру
|
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа даярлығын қадағалау. Бүгінгі сабақтың мақсат-міндеттерін қою. |
Кальций мен магний белсенді тотықсыздандырғыштар, бірақ сілтілік металдарға қарағанда кальцийдің белсенділігі аздау, ал магнийдің белсенділігі одан да төмен. Ca және Mg қосылыстары табиғатты табиғатта кең таралған, олардың қатысуымен жер қыртысында көптеген процестер жүреді. Кальций және магний оксидтері мен гидроксидтеріне негіздік қасиеттер тән. Кальций және магний қосылыстары адам өмірінде маңызды рөл атқарды. |
Мұғаліммен амандасады. Оқу құралдарын шығарып, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады. |
1 минут |
Үй тапсырмасын сұрау
|
2 оқушыдан үй тапсырмасы ауызша сұралады, өзге 2 оқушыға үйге берілген есепті тақтада орындатады.
Оқушыларға өткен тақырыптарға байланысты сұрақтар қойып, тест тапсырмаларын орындатады.
|
ІI топтың негізгі топша металдарына жалпы сипаттама §5.4. Магний және кальций. Олардың қосылыстары Сұрақтары:
Мынадай айналулардың химиялық теңдеулерін жазып келу.
C
1. Екінші топтың негізгі топшасында орналасқан Ме? (Ве,Mg,Ca,Sr,Ba,Ra) 2. Олардық сыртқы энергетикалық деңгейінде неше электрон бар? (2е-) 3. Сілтілік жер Ме-ң барлық өкілдері қандай элементтер? (s-элементтер) 4. Магний атомы ядросының құрамында неше протон, неше нейтрон бар? (12р+, 20n0) 6. 1s22s22p63s2 3р6 4s2 қай элементтің е-дық формуласы? (кальций) 7. Сілтілік жер Ме тотығу дәрежесі? (+2) 8. Сілтілік жер Ме-ң реттік нөмірі артқан сайын электртерістілігі? (кемиді) 9. Тіршілік элементтері қатарына кіреді? (магний, кальций) 10. Ве қандай элемент? (екідайлы элемент)
Тест тапсырмалары А нұсқасы 1)Сілтілік жер металдары табиғатта бос күйінде кездеспейді, себебі: а) олар табиғатта өте аз; б)бұл металдар өте белсенді; в)бұл металдарды тек электролиз әдісімен алуға болады. г)бұл заттар ерекше ылғалданғыш. 2)Кальций, магний валенттілігі және тотығу дәрежесі: а)ІІІ тұрақты;+3; б)ІІ ауыспалы; +2; в)ІІтұрақты; +2; 3)Сөндірілген ізбестің формуласын көрсетіңдер. а)СаСО3 б) СаО в)Са(ОН)2 4) Мына қатарда: Mg(OH)2 - Ca(OH)2 - Sr(OH)2- Ba(OH)2 гидроксидтердің негіздік қасиеттері қалай өзгереді? а) күшейеді б)әлсірейді в)өзгермеген күйде қалады
В нұсқасы 1)Мына қосылыстардың қайсысында кальций көп? а)СаСl2; б)Са3(РО4)2; в) СаО. 2)Магний қосылыстарын анықтау үшін: а) қышқыл; б) сілті; в) тұз. 3) Нәтижесінде кальций карбонатын алуға болатын реакция сызбанұсқасын көрсет: а)CaCl2 + K2CO3 б)Са(ОН)2 + СО2 в) Са(НСО3)2 + КОН 4)Қай сілтілік жер металл ұнтағын жаққанда, көз қаратпайтын ұшқынмен жанады? а)Са; б)Mg; в)Ва; г)Sr. А нұсқасы - 1в 2в 3в 4а В нұсқасы - 1в 2б 3б 4б |
Үй тапсырмасын ауызша айтып, есептерді тақтаға шығарады.
Сұраққа жауап береді, білімдерін тексереді. |
15 минут |
Жаңа тақырыпты меңгеру
|
Жаңа сабақты тірек-сызбаларды пайдаланып түсіндіру;
|
Cудың кермектігі— құрамында кальций (Са2+) мен магний (Мg2+) иондарының (негізінен карбонат түрінде) болуынан қалыптасатын судың қасиеті. Cудың кермектігі көрсеткіші 1 литр судағы миллиграм-эквивалентпен (мг-экв/л), кей елдерде градуспен өлшенеді. Табиғи сулардың кермектігі өте кең ауқымда ауытқиды: тайга мен тундра белдеміндегі өзен, көлдерде 0,1-0,2 мг-экв/л-ден кейбір жер асты сулары мен мұхит, теңіз суларында 80-100 мг-экв/л-ге дейін. Сабын (органикалык қышқылдардың натрий тұздары NaR) кермек суға түскенде Са+2 және Mg+2 иондары органикалык аниондармен қосылып, ерімейтін қосылыс түзеді.
С Судың жалпы кермектігі уақытша және тұрақты кермектік. Суда Са(НСО3)2 және Mg(HCO3)2 гидрокарбонаттары болғанда уақытша кермектік болады. Оны карбонаттық кермектік деп атайды. Уақытша кермектікті суды қайнату арқылы (ерімейтін карбонаттар СаСО3 және MgCO3 қақ тұнады) жоюға болады: Са(НСО3)2 = СаСО3↓ +СО2↑+ Н2О Бірақ судың көп мөлшерін техникада қайнату қымбатқа түседі. Уақытша кермектікті қайнатудан басқа, әк сүтін немесе соданы қосу аркылы жою. Са(НСО3)2 + Са(ОН)2 = 2СаСО3↓ + 2Н2О Mg(HCO3)2 + Na2CO3 = MgCO3↓+ 2NaHCO3 Судың тұрақты кермектігі кальций мен магнийдің басқа еритін тұздарының (сульфаттар, хлоридтер, дигидрофосфаттар, ортофосфаттар, нитраттар) қатысында пайда болады. Бірақ әк суын немесе соданы қосқанда барлық Са2+ және Mg2+ катиондары (уақытша және тұрақты кермектік) СаСО3 және МgСО3 түрінде тұнбаға түседі: CaSO4 + Na2CO3 = CaCO3↓ + Na2SO4 Жалпы кермектікті жоюдың, ең жақсы реагенті натрий орто-фосфаты Na3PO4: 3Ca(HCO3)2 + 2Na3PO4 = Ca3(PO4)2↓ + 6NaHCO3
3 Кальций және магний ортофосфаттары суда өте нашар ериді. Өнеркәсіпте ионалмасу сүзгісінің көмегімен кальций және магний иондарын натрий және калий иондарына алмастырып, жұмсақ су алады. Ауыз су үшін тұрмыстық сүзгілерде де судың белгілі мөлшерін жұмсартуға болады. Сүзілген сулар қақты аз түзеді. Айдау (дистилдеу) әдісімен суды тұздан толығымен тазалайды. Кермек су тұщы болса да, нашар сабындалады, бу қазандықтарының қабырғаларына тат түзеді, қант, былғары және басқа да көптеген өнеркәсіп салаларында пайдалануға жарамайды. Cудың кермектігі анықтамасы бойынша: жалпы, уақытша (жойылатын), тұрақты, карбонаттық, қалдық болып бөлінеді. Жалпы кермектік суда кальций мен магнийдің барлық тұздарының болуынан қалыптасады. Уақытша және карбонаттық кермектік онда кальций мен магнийдің тек гидрокарбонаттық (HCO3-) және карбонаттық (СО32-) тұздарының болуымен байланысты. Мұндай кермектілікті суды қайнату арқылы кетіруге болады. Тұрақты (жойылмайтын) кермектік жалпы және жойылатын кермектіктердің айырымына тең. Қалдық (бейкарбонаттық) кермектік жалпы және карбонаттық кермектіктердің айырымына тең. Біздің елімізде судың кермектігі 1 дм3 судағы Са2+ мен иондарының миллиграмм-эквиваленттік мөлшерімен көрсетіледі. Кермектіктің бір мг-экв-ті 20,04 мг/дм3 кальций мен 12,16 мг/дм3 магнийдің косындысына тең. Шетелдерде cудың кермектігі неміс (H°), француз (F°), ағылшын және американ (А°) градусымен өлшенеді. Осы өлшемдермен салыстырғанда 1 мг-экв - 2,8 Н°, 5,0 F°, 3,5 А° ағылшын, 50,0 А° американ градусына тең. Табиғи сулар кермектік дәрежесіне қарай:
болып бес топқа бөлінеді. Қазақстанда ауыз су ретінде жалпы кермектігі 7-20 миллиграм-эквивлентті табиғи сулар пайдаланылады. Судың көктенуі - су қоймалардың беткі су қабатында балдырлардың жаппай дамуынан болатын құбылыс. Жасыл балдырлар — жасыл "көктену", диатомдылар — сарғыш-қоңыр "көктену", қызыл балдырлар — қызыл "көктену" көріністерін қалыптастырады. Жұмсақ су – құрамында кальций мен магний карбонаттары аз, кермектік мөлшері < 3,0 мг-экв/л шамасындағы су. Бұл заттектер көп болғандағы судың кермектілігі ұғымына қарама-қарсы мағына. Жұмсақ су тобына жаңбыр, еріген қар және мұз сулары жатады. |
Тірек-сызбаларды пайдаланып, дәптерге қысқаша жазады. Мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды. |
15 минут |
Бекіту
|
Оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қойып, есептер береді. |
163 беттегі №8 есеп
|
Берілген есептерді шығарып, талдау |
7 минут |
Қорытындылау
|
Жалпы оқушылардан сабақтан не түйгендерін, нені меңгергендерін қорытып, сұрап шығады. |
Судың жалпы кермектігі уақытша және тұрақты кермектік. Суда Са(НСО3)2 және Mg(HCO3)2 гидрокарбонаттары болғанда уақытша кермектік болады. Оны карбонаттық кермектік деп атайды. Уақытша кермектікті суды қайнату арқылы (ерімейтін карбонаттар СаСО3 және MgCO3 қақ тұнады) жоюға болады: Са(НСО3)2 = СаСО3↓ +СО2↑+ Н2О Кальций және магний ортофосфаттары суда өте нашар ериді. Өнеркәсіпте ионалмасу сүзгісінің көмегімен кальций және магний иондарын натрий және калий иондарына алмастырып, жұмсақ су алады. Ауыз су үшін тұрмыстық сүзгілерде де судың белгілі мөлшерін жұмсартуға болады. Сүзілген сулар қақты аз түзеді. Айдау (дистилдеу) әдісімен суды тұздан толығымен тазалайды.
|
|
2 минут |
Үйге тапсырма беру
|
Өтілген жаңа тақырыпты, соңындағы есептердерді үйге береді. |
§5.5. Судың кермектілігі және оны кетіру жолдары 163 беттегі №5 жаттығу |
Берілген есептерді дәптерлеріне белгілеп алады.
|
1 минут |
Бағалау
|
Оқушыларды жауап беру деңгейлері ойынша бағалау, оқушыларды үзіліске жіберу |
|
Бағаланып, үзіліске шығады |
|
Қосымша тіркеу
Сұрақ |
Екінші топтың негізгі топшасында орналасқан Ме-р? |
Жауап |
Ве,Mg,Ca,Sr,Ba,Ra |
Сұрақ |
Екінші топтың негізгі топша Ме-ң сыртқы энергетикалық деңгейінде неше электрон бар? |
Жауап |
2е- |
Сұрақ |
Сілтілік жер Ме-ң барлық өкілдері қандай элементтер? |
Жауап |
s-элементтер |
Сұрақ |
Магний атомы ядросының құрамында неше протон, неше нейтрон бар? |
Жауап |
12р+, 20n0 |
Сұрақ |
1s22s22p63s2 3р6 4s2 қай элементтің е-дық формуласы? |
Жауап |
Кальций |
Сұрақ |
Сілтілік жер Ме тотығу дәрежесі? |
Жауап |
+2 |
Сұрақ |
Сілтілік жер Ме-ң реттік нөмірі артқан сайын электртерістілігі? |
Жауап |
Кемиді |
Сұрақ |
Тіршілік элементтері қатарына кіреді? |
Жауап |
магний, кальций |
Сұрақ |
Са және оның қосылыстары жалынды қандай түске бояйды? |
Жауап |
Қызыл кірпіш |
Сұрақ |
CaO |
Жауап |
Сөндірілмеген әк |
Сұрақ |
Магнезия |
Жауап |
MgO |
Сұрақ |
Пластикалығы басым элемент |
Жауап |
Магний |
Сұрақ |
Балқу температурасы 8400С |
Жауап |
Са |
Айналуларды жүзеге асыру:
C
a(OH)2
CaCO3
Ca(HCO3)2
CaCO3
CaO CaC12
C
a(OH)2
+ CO2
= CaCO3
+
H2OC
aCO3
+ H2O
+ CO2
=
Ca(HCO3)2Ca(HCO3)2 = CaCO3 + H2O + CO2
CaCO3 = CaO + CO2
CaO + 2HCl = CaCl2 + H2O
№5 есеп, 161 бет
ІІ топтың кейбір металының 10 г-на тұз қышқылының артық мөлшерімен әсер еткенде, 5,6 л (қ.ж.) газ бөлінген. Қай металл реакцияға қатысқан?
Бер: m(Ме)=10 г
V(газ)=5,6 л (қ.ж.)
Т/к: Ме=?
Шешуі: Me + 2HCl = MeCl2 + H2
ʋ=
=0,25моль
M=
=40г/моль(Са)
№6 есеп, 161 бет
Массасы 10г кальций және кальций оксидінің қоспасын сумен өңдегенде 1,12л(қ.ж.) газ бөлінген: а) бастапқы қоспадағы кальций оксидінің массалық үлесін; б) алынған ерітіндідегі өнімнің массасын табыңдар.
Бер: m=10г(Ca+CaO)
V(газ)=11,2 л (қ.ж.)
Т/к: ω(СаО)= ?
m=?(өнім)
Ш
ешуі:
а) Ca + 2H2O = Ca(ОН)2 + Н2
ә) CaO + H2O = Ca(ОН)2 + Ǫ
х г 1,12 л
Ca
+ 2H2O
=
Ca(ОН)2
+ Н2
ν= 1,12л/22,4л/моль=0,05моль
ν(Са)=ν(Н2)=0,05моль
m=0,05моль*40г/моль=2г(Са)
m=10г – 2г = 8г(СаО)
СаО-ң қоспадағы массалық үлесі:
ω =8г/10г=0,8 немесе 80%
2) 2 г у г
Ca + 2H2O = Ca(ОН)2 + Н2
ν= 2г/40г/моль=0,05моль
ν(Са)=ν(Н2)=0,05моль
m=0,05моль*74г/моль=3,7г(Са(ОН)2)
3) 8г z г
CaO + H2O = Ca(ОН)2 + Ǫ
ν= 8г/56г/моль=0,143моль
ν(СаO)=ν(Ca(OH)2)=0,143моль
m=0,143моль*74г/моль=10,58г(Са(ОН)2)
Σm(Са(ОН)2)=3,7г + 10,58г = 14,28г

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген