400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Судың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Су - тіршілік көзі" дегендей судың адам өміріндегі, жалпы барлық тірі ағзаға деген маңызы туралы. Ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Мектеп:

Сынып: 5


Мұғалім:

Сабақ тақырыбы:

Сусыз өмір жоқ

Оқу мақсаты:

5.Т5. – тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтау;

5.ТБ.1.3 - сан есім (бірліктер, ондықтар, жүз, мың) атауларын білу, орынды қолдану

Бағалау

критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша судың тіршілік көзі екендігін түсінеді. Сан есімдерді табады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): мәтінге байланысты тірек сөздерді анықтайды, тақырыбын болжайды. Сан есімдерді табады, түрін анықтайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): судың пайдасы туралы айтады. Тапсырмаларды орындайды.

Құндылықтар-ды игерту:

Қоршаған орта табиғатын қорғай білуге тәрбиелеу. Суды үнемдеуге, ластамауға, қамқор болуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану, химия, биология

Тілдік мақсаттар:

Үнемдеу, сұрауы бар, аштық, шөл.

Алдыңғы білім


Жоспар

Сабақ кезеңі

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз-дер

Сабақтың басы



















Сабақ ортасы





Қызығушылықты ояту. Тірек сөздер арқылы жаңа тақырыпты болжау.

Түссіз, шөліңді қандырады, сұйық, мөлдір.

  • Біз несіз өмірімізді елестете алмаймыз?

Оқушылар тақырыпты анықтайды. Мұғалім оқушыларды сабақ мақсатымен таныстырады.

Сөздікпен жұмыс. Үнемдеу- беречь, сұрауы бар - у воды тоже есть просьба, аштық - голод, шөл.

Жаңа сөздермен сөйлемдер құрап айтады.

Мәтіналды жұмыс. Айтылым. 1-тапсырма. Судың қасиетіне байланысты берілген сөздерден сөз тіркесін құра.

Мәтінмен жұмыс. Тапсырма. Мәтінді мұқият 2 рет тыңдап, 5 тірек сөз бен сөз тіркестерін анықтап, бағдарсызық бойына жазыңыз. Олардың көмегімен мәтіннің тақырыбын болжап, кластердің ортасына жазыңыз.

Су - тіршілік көзі. Жер бетінің 70 пайызын су алып жатыр. Бірақ оның тек 3 пайызы ғана ішуге жарамды екен. Ауыз судың 2 пайызы мұздықтарда сақталғандықтан, ғаламшар тұрғындары тек бір пайыз суды ғана пайдалана алады. Сондықтан жер бетіндегі халық саны көбейген сайын тұщы су да жетіспейді. Әсіресе, Африка елдері ауыз суға зәру.

Судың адам денсаулығына пайдасы өте көп. Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Судағы таза энергия көп ауруларға ем болады», - деп жазады. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, ағзаға қажетті азық пен оттегіні тасымалдайды, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны ретке келтіреді, көздің көруін жақсартады, иммунитетті күшейтеді. Қанды сұйылтып, бүйрек және бауырдағы қалдықтарды тазалап, ағзаға дәрумендер мен минералдардың таралуын қамтамасыз етеді. Азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады, ішектердің жұмысын реттейді.

Сонымен қатар су - мидың жұмысын жақсарту үшін күш және электрлік энергия көзі. Ішіп жүрген суымыз денені жарақаттанудан қорғайтын, теріні ылғалдандырып, емдейтін қасиеттерге де ие екен.

Жалпы, ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Ал денеде 20 пайыз су жетіспеушілігі болса, адам денсаулығына үлкен қауіп төнеді екен.

1.

Су Ауыз су




Энергия Масару Эмото


Ағза


Дескриптор Білім алушы

  • мәтін құрауға негіз болған 5 тірек сөзді анықтайды;

  • тірек сөздердің көмегімен мәтінге тақырып ұсынады.

Мәтінсоңы жұмыс. Мәтіннен судың адам ағзасына пайдалылығы туралы айт.

Дескриптор:

  • Судың адам ағзасына пайдалылығы туралы айтады.


  • дене температурасын тұрақтандырады;

  • ағзаға қажетті азық пен оттегіні тасымалдайды;

  • стресс пен депрессияны басады;

  • ұйқыны ретке келтіреді;

  • көздің көруін жақсартады,

  • иммунитетті күшейтеді.

  • Қанды сұйылтады;

  • бүйрек және бауырдағы қалдықтардан тазалайды;

  • ағзаға дәрумендер мен минералдардың таралуын қамтамасыз етеді.

  • Азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады, ішектердің жұмысын реттейді.

  • Мидың жұмысын жақсартады.

  • Денені жарақаттанудан қорғайды, теріні ылғалдандырып, емдейтін қасиеттерге де ие.

3. Грамматикалық қоржын. Мәтіннен сын есімдерді теріп жазып, түріне қарай ажыратыңдар.

70, 3, 2, 83, 75, 74, 22, 20- сан есімдер. 40-50-болжалдық сан есім.

Дескриптор:

  • Сан есімдерді теріп жазады;

  • Сан есімнің түрлеріне қарай ажыратады.

ҚБ. Оқушылар бір-бірін тексереді, қателерін анықтайды, түзетеді.





Оқулық, жазу дәптері










































Кеспе қағаздар.


Суреттер.


Сабақ соңы






Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

Үйге тапсырма. Ереже жаттау. 3-тапсырма. Диалогті түсініп оқу.

Рефлексия «Аяқталмаған сөйлемдер»

Бүгін мен…………………. білдім …………….. қызықты болды. …………………….. қиын болды



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 желтоқсан
447
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі