Материалдар / Судың пайдасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Судың пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Кіріспе сабағын өткізу. Ана тілі сол тілде сөйлейтін халықпен бірге өмір сүреді және сол халықтың өкілдері үшін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Тілінен айрылған халық өзіне тән барлық қасиетін жоғалтып, халық болудан қалады. Тіл ана тілі атануы үшін, ол күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы керек. Тілдің ең негізгі қызметі адамдардың бір – бірімен сөйлесу, бір нәрсе жайында пікір алысу үшін қызмет етуі. Екінші қызметі – адамдардың қоршаған орта жөніндегі өз ойларын тіл арқылы жеткізуі. Үшінші қызметі – адам өзінің бір нәрсе туралы көз – қарасын, күйініші мен сүйінішін, жақсы көру жек көру сезімдерін тіл арқылы білдіруі. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен 5651 тіл бар.Сөйлеушілерінің саны жағынан алғанда қазақ тілі осы тілдердің ішінде 70 – орынға ие болып тұр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Желтоқсан 2021
323
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

Т/А2.Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) кӛтерілген мәселені түсіндіру


Бағалау критерийі




Ойлау дағдыларының

деңгейі


Білім алушы

 Тақырыпқа байланысты кӛтерілген мәселені ажыратады



Білу және түсіну


Орындау уақыты

10-15 минут

1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, көтерілген мәселені анықтаңыз. Тақырыпқа байланысты көтерілген мәселені түсіндіріңіз.

Төрт ана

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала, Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.

Әр адамда ӛз анасынан басқа да,

Ғұмырына етер мәңгі астана,

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада, Болу керек құдіретті тӛрт ана:

ТУҒАН ЖЕРІ – түп қазығы, айбыны,

ТУҒАН ТІЛІ – мәңгі ӛнеге айдыны,

ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ-ДӘСТҮРІ – тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі,

Және ТУҒАН ТАРИХЫ,

Еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да.

Құдірет жоқ тӛрт анаға тең келер, Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер. Ӛзге ананың ұлылығын танымас, Тӛрт анасын менсінбеген пенделер. Тӛрт анадан сенім таба алмаған Тамырсыздың басы қайда қалмаған?! Тӛрт анасын сыйламаған халықтың Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл тӛрт ана – тағдырыңның тынысы, Тӛрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!

(https://www.youtube.com/watch?v=uNaJRUhuT58&noredirect=1 сайты, М.Шаханов)

2-тапсырма

Мәтінді оқып шығып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Сөйлеу кезінде өз көзқарасыңды аргументтер мен мысалдар арқылы дәлелдеңіз.

1-мәтін. Тілеуберді Сахабаның Павлодар облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұлттар тілдерін дамыту бӛлімінің басшысы Қымбат Сәкеновамен «Ұлт бірлігі – мемлекеттік тілде» тақырыбындағы сұхбатынан үзінді.

2-мәтін. http://imurat.kz/shet-tilin-uirenu/ сайтынан алынған «Шет тілін білу не үшін қажет?» тақырыбындағы мәтін.

1-мәтін

Ұлт бірлігі – мемлекеттік тілде

  • Тіл – халық пен халықтың, ел мен елдің және ұлттар арасындағы достықтың ең негізгі құралы. Осы орайда «Қазақстан халқының тілдері күні» еліміздегі ұлттар достығын нығайтуда қандай рөл атқарады?

  • Ӛзіңіз айтып ӛткендей, тіл – барша халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарды сақтаудың негізгі құралы. Адам тіл арқылы түсініседі, ӛзге ұлттың тілін қаншалықты меңгерген болса, соншалықты сол ұлтқа жақындай түседі. Мұндай құбылысты қазіргі қоғамнан анық байқауымызға болады. Бұл тұста тілдің тілден еш артықшылығы жоқ екендігін айтып ӛткім келеді. Адам алдымен ӛз тілін білуі қажет. Одан кейін неше тілді білсе де артықтығы жоқ.

Қазіргі таңда ӛзге ұлттардың қазақ тілін білуге деген ниетінің болуы – қазақ халқын құрметтеуі. Жиырма жыл ішіндегі жеткен жетістігіміз. Ел бола алатынымызды дәлелдедік, соның арқасында қазақ баласына, қазақ халқына деген сый-құрмет едәуір артты.

(Сұхбаттасқан – Тілеуберді САХАБА (122 сӛз)

2-мәтін Шет тілін білу не үшін қажет?

Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты талап етеді, сондықтан ӛмірден ӛз жолын табуға, беделді кәсіпті игеруге, ӛзіне және ӛзінің отбасына жақсы кӛңіл күй, жарқын болашақ сыйлауға тырысқан адамдар үшін шет тілдерін білу қажеттілігі туындап отыр.

Шетел тілдерін университеттің тиісті кафедрасында не болмаса, ӛз бетінше мамандандырылған курстарда оқып, үйренуге болады. Тілдерді ӛз бетінше үйрену кезінде сӛздіктерді оқу, (тіпті түсінбесең де) радио тыңдау пайдалы. Үйренуді сӛздікпен бастаңыз; ӛзіңізге белгілі бір жағдайларды ойдан шығарыңыз: досыңызбен кездесу, кино, спорт және т.б. жайлы. Дұрыс сӛйлеп үйрену ӛте маңызды – бұл тек ауызша сӛйлеуді ғана емес, сонымен қатар жазбаша сӛйлемдерді де дұрыс және жеңіл айту, жазудың

кепілі.

Шет тілінде сӛйлеу – сол тілде ойлау дегенді білдіреді. ( http://imurat.kz/shet-tilin-uirenu/) (106 сӛз)

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы




Тақырыпқа байланысты кӛтерілген мәселені ажыратады.

1

тақырыпқа қатысты мәселені анықтайды;

2

2

сӛйлеу кезінде ойын жүйелі жеткізеді;

2

ӛз кӛзқарасын аргументтер мен мысалдар арқылы дәлелдейді;


грамматикалық және лексикалық құрылымдарды орынды қолданады;

2


сыни пікірлер айтады.

1

Барлығы



7

«Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийлері

Оқу жетістігі деңгейлері


Төмен

Орташа

Жоғары

Тақырыпқа байланысты кӛтерілген мәселені ажыратады.


Тақырыпқа қатысты мәселені анықтау,

сӛйлеу кезінде ойын жүйелі жеткізу,

ӛз кӛзқарасын аргументтер мен мысалдар арқылы дәлелдеу, грамматикалық және лексикалық құрылымдарды орынды қолдану, сыни пікірлер айту қиындық туғызады.

Shape1

Тақырыпқа қатысты мәселені анықтауда,

сӛйлеу кезінде ойын жүйелі жеткізуде,

ӛз кӛзқарасын аргументтер мен мысалдар арқылы дәлелдеуде, грамматикалық және лексикалық құрылымдарды орынды қолдануда, сыни пікірлер айтуда қателіктер жібереді.

Shape2

Тақырыпқа қатысты мәселені анықтайды,

сӛйлеу кезінде ойын жүйелі жеткізеді,

ӛз кӛзқарасын аргументтер мен мысалдар арқылы дәлелдейді, грамматикалық және лексикалық құрылымдарды орынды қолданады, сыни пікірлер айтады.


Shape3

7

«Киім. Сән. Талғам.», «Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер» бөлімі бойынша

жиынтық бағалау



Оқу мақсаты

О2.Лексиканың ауызекі сӛйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану

Ж1. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бӛлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру

Ж2.Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру

құрастырып жазу

Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу


Бағалау критерийі







Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

  • Мәтіннің стилін ажыратады

  • Мәтін мазмұнына сай жоспар құрады

  • Хат жазудың талаптарын ұстанады

  • Оқылым мәтіні бойынша негізгі ақпаратты анықтап, жинақы (қысқа) мәтін жазады



Білу және түсіну

Қолдану


Орындау уақыты

10-15 минут

1-тапсырма

Төмендегі екі мәтінді салыстырып, айырмашылығын, стилін табыңыз, мәтіндердегі қарамен белгіленген сөздің мағынасын табыңыз. Жұмысыңыздың көлемі шамамен 10-15 сөзден тұруы тиіс.

1-мәтін. Самал Шорманованың әнші Мұқасан Шахзадаевпен жүргізген сұхбатынан үзінді. 2-мәтін. http://collegy.ucoz.ru/publ/89-1-0-12313 сайтынан алынған.

1-мәтін

Мұқасан Шахзадаев: «Сәнмен, талғаммен киінуге бала кезден құштармын»

  • Мұқасан аға, сізді қазақ эстрадасындағы жоғары талғаммен киінетін әншілердің қатарына жатқызады. Ӛзіңіздің ойыңызша қалай?

  • Мен ӛзін сыйлаған, ӛзін жақсы кӛрген әрбір адам дұрыс киінеді деп ойлаймын. Оның үстіне, ӛнер жолында жүргеннен кейін, халықтың алдында жүреміз. Дұрыс киініп жүрмесе, онда адам ӛз-ӛзін сыйламағандығы. Ӛзіме келер болсам, сәнмен, талғаммен киінуге бала кезден құштармын. Себебі, анам тігінші болған. Кеңес үкіметінің кезінде ақшаң болған күннің ӛзінде киім тапшы болатын. Сондықтан анама әр түрлі сән журналдарындағы киімдерді кӛрсетіп, тіктіртіп алатынмын.

(Сұхбаттасқан: Самал Шорманова. http://www.juldizdar.kz/?p=1191 сайтынан. 83-сӛз)

2-мәтін

Қашанда қазақ халқы ұлттық киімді қадір тұтқан. Қазақ қыздарының ұлттық киімін - баршын, торғын, шәйі, қырмызы сияқты жұмсақ нәзік маталарды пайдалана отырып, бүрмелі етек, бүрмелі жеңін аса кең етіп кӛлбеңдете тіккенінде қазақтың бүкіл тұрмыссалты жатыр емес пе?! Қыз балалардың, әйел адамдардың киімін жұмсақ, нәзік матадан тігетіні нәзіктігі мен әдептілігі үстіндегі киімінен-ақ кӛрініп тұрған ғой. Етек-жеңінің кең болатыны – қазақтың дархандығын, үрімді-бұтақты екендігін, мейірімін, қонақжайлылығын, даладай кең пейілін, қолының жомарттығын білдіреді. Кең етектің қабат-қабат бүрмесі жеті сатыдан тұрады. Жеті қазына, жеті кие, жеті қат жер, жеті ата тазалығы осы ұғымға сиып тұр. Әйел ұлтты тәрбиелейді, келген қонаққа ілтипат кӛрсетіп, дәмін ұсынған әйел атаулының киген киімдері арқылы бұрынғы бабаларымыз елдігімізді таныған. (http://collegy.ucoz.ru/publ/89-1-0-12313 (108 сөз)


Мәтіндерді салыстыру



1 -мәтін




2- мәтін


Стилі









Айырмашылығы








2-тапсырма

Мәтінді оқып, мазмұн бойынша шағын жоспар құрыңыз.

Сол күні қазақтың ең әдемі аруы атағы үшін 21 үміткер сынға түсті. Кӛркіне ақылы сай қаракӛз қыздарымыздың барлығы да жеңістен үмітті. Алайда, елдің ең сұлу аруы атану үшін бойжеткендерімізге жеңіл болған жоқ. Байқауға қатысушыларға қойылған талаптар ӛте жоғары болды. Бұл сайыста арулар сұлу әрі кӛрікті ғана емес, сондай-ақ ана тілін құрметтейтін, тарихын, салт-дәстүрін білетін, әдебиет пен мәдениеттен хабары болуы шарт.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Мұнда бойжеткендер шығармашылық және зияткерлік белсенділіктерін кӛрсетті. Сынға түскен аруларымыз сондай-ақ, қазақ эстрада жұлдыздарымен бірге ән шырқап, би билеп, ӛнерлерін паш етті.

Арулардың ӛнерін белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей, отандық опера примасы Нұржамал Үсенбаева, ақын Айнұр Тұрсынбаева, байқаудың продюсері Баян Есентаева, театр және кино актері Ғани Құлжановтар бағалады.

«Қазақ аруы» байқауының бас жүлдесі 20 жасар маңғыстаулық Гүлназ Жолановаға бұйырды. Ару тәжін Гүлназға байқаудың былтырғы жеңімпазы Әйгерім Қанатбаева табыстады.

( http://lite.bnews.kz/kk/photonews/post/10189/ 133сөз)

Жоспар

Кіріспе бӛлім ____________________________

Негізгі бӛлім ____________________________

Қорытынды бӛлім ________________________

3-тапсырма

Сізге досыңыздан хат келді делік. Хатқа жауап жазыңыз (10-20 сөз).

Сәлем, Бақытжан!

Хал қалай?

Өзім жақсымын. Отбасым аман-есен. Мен өз фирмамды ашқым келеді. Онда шаштараз, сән салоны болады деп ойлаймын. Барлық қағаздарды дайындап жатырмын.

Shape4 Сенен бір көмек керек. Фирмамды қалай атауды білмей тұрмын. Сенің ойыңша, атау қандай болу керек? Мүмкін, қос атау ма? Немесе тарихи атау ма?

4-тапсырма

Мәтінді мұқият оқып шығып, тест сұрақтарына жауап беріңіз.

«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Ӛйткені ұяда не кӛрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет.

15 мамыр - халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас

Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып ӛтті. Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің ӛлшемі деп білеміз.

(http://infourok.ru/otbasi-turali-303275.html 82 сӛз)

  1. Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз. A. Отан - отбасынан басталады

    1. Келешектің ӛлшемі

    2. Отбасы күні

    3. Қоғамның діңгегі

  1. Мәтіннің негізгі ойы қандай? A. Отбасы - шағын мемлекет.

    1. Отан отбасынан басталады.

    2. Қоғам назарын отбасына аудару.

    3. Тату болу, ынтымақтастықта болу.

  1. Мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңыз. A. отбасы, Отан, бала, болашақ.

    1. отбасы күні, елдің дамуы, отбасының аман-саулығы.

    2. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы, бекітілді, отбасы мерекесі. D. сүйіспеншілік, зиялы қоғам, халықаралық.

  1. Еліміздің келешегінің өлшемі не?

    1. Отбасы күні

    2. Жанұяның береке-бірлігі

    3. Елдің дамуы

    4. Отбасының аман саулығы

  1. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген нақыл сөзді қалай түсінесің? А. Отан отбасынан басталады.

В. Бала отбасынан тәрбие алады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!