400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Судың құрамы физикалық қасиетті

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңа технологияны пайдалана отырып оқушыларды шығармашылыққа баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Судың құрамы. Судың физикалық қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушының білім мен білік дағдысын қалыптастыру, ой-әрекетінің дамуын арттыру, шығармашылық тұрғыдан ойлауға үйрету.

2. Судың ашылу тарихы, құрамы, физикалық қасиеті туралы мағынаны ашу.


3. Табиғатты сүюге, қоршаған ортаны қорғай білуге, экологиялық, экономикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: СТО – стратегиялары. Өзін-өзі бағалау.

Қолданылған көрнекіліктер мен құралдар: компьютер, электронды кітапшалар. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа тақырыпты меңгерту.

IV. Сабақты бекіту.

V. Үйге тапсырма.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Ой шақыру.

  2. Сөйлемді аяқтаңыз.

Ерітінділер дегеніміз -

Ерітіндінің түрлері -

Қатты заттардың ерігіштігі -

Ерітіндінің концентрациясы -

Концентрлі ерітінді -

Сұйылтылған ерітінді -

  1. Ой қозғау.

  1. «Ойлан тап» 2-оқушы тақтаға үй тапсырмасын орындайды. 2, 3-жаттығу.

  2. I, II – нұсқа бойынша оқушыларға есептер шығаруға тапсырма беріледі. (Графопроектордан көрсетіледі).

  3. «Үш артықты» табыңыз.

  4. III. Жаңа тақырыпты меңгерту.

1 Қызығуды ояту.

Бір күні бар элемент жиналып, кімнің маңызды екеніне жауап таппай қиналады.

Алғашқы элемент:

- Кестеге бірінші тұрған кім

Тегін тұрғанымды біл

Отында болам, ауа шары да болам.

Ұшқың келсе мін

Бомба болып жарыламын

Деп күш көрсетті

Беріспейтін іс көрсетті.

Бұл қай элемент? (Жауабы.Сутек-H)

2-ші элемент:

-Жақындасам жанып.

Су боларсың анық.

Шамаңды білмейсің неғып?

Мен болмасам тұншығып,

Қараң болар тіршілік

Мен бар жерде бар емеспе бәрі де

Күні шығып, отындары жанатын.

Бұл қай элемент? (Жауабы: Оттек-O)

Құрамында осы 2 элемент кіретін қандай қосылысты білеміз?

H2 O - бір оқушы тақтаға жазады.

Жалпы сыныпқа тапсырма.

Су туралы не білеміз? Ассосация құру.

- Молекулалық формуласы - H2 O.

- Mr (H2 O) = 18.

- Күрделі зат - 2 элементтен тұрады.

-электр тогын нашар өткізеді.

- түссіз, дәмсіз, иісіз сұйық. Қайнау темп-сы – 100 градус. Балқу темп-сы 0 градус.

-Судың үш күйі бар: қатты, сұйық, газ.


2. Мағынаны ажырату.

Судың құрамын анықтау. Шығармашылық жұмыс.

Алдын-ала тапсырма берілген оқушылар судың 2 – элементтен тұратынын

дәлелдеп береді.

1 – оқушы: Су жасанды жолмен газ тәрізді сутектің оттекте жануымен алынды, яғни сутек және оттектен тұратындығы анықталды.

2 H2 + O2 = 2 H2 O

Жай заттардан күрделі заттардың алынуы синтез деп аталады.

2 – оқушы: Суды электр тогының көмегімен құрам бөліктерге айыру арқылы, су молекуласында Суды электр тогының көмегімен құрам бөліктерге айыру арқылы, су молекуласында 2 – атом сутек, 1 – атом оттек болатындығын дәлелдеді.

2 H2 O = 2 H2 + O2.

Заттың құрамын жай заттарға жіктеу арқылы табу әдісі талдау (анализ) деп аталады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
423
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі