жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Судың тіршілік үшін маңызы
Пән: Жаратылыстану Орта мерзімді жоспар бөлімі: Заттар және олардың қасиеттері.Ауа мен су. Күні: Сынып: 3-сынып |
Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Нурманова А Қатыспағандар саны: 0 |
||||
Сабақ тақырыбы |
Судың тіршілік үшін маңызы |
||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.3.3.3 ауыз суды үнемді қолдану қажеттілігін түсіндіру; 3.3.3.6 судың тіршілік үшін маңыздылығын түсіндіру. |
||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: ауыз суды үнемді қолдану қажеттілігін түсіндіреді. Көптеген оқушылар: судың тіршілік үшін маңыздылығын түсіндіреді. Кейбір оқушылар: судың адам және жануарлар өміріне маңыздылығын түсіндіреді. |
||||
Бағалау критерийлері |
ауыз суды үнемді қолдану қажеттілігін түсіндіреді. судың тіршілік үшін маңыздылығын түсіндіреді. судың адам және жануарлар өміріне маңыздылығын түсіндіреді. |
||||
Тілдік мақсаттар |
Пәнге тән лексика мен терминология: Ауызсу, үнемдеу,тиімді пайдалану. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Қандай су пайдалануға жарамды? Суды қалай үнемдеуге болады? |
||||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Заттар және олардың қасиеттері туралы дүниетану пәнінен алған білімдерін қолданады. |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; |
||||
Ресурстар |
Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б |
||||
Бастапқы білім |
Адам тіршілігі мен Жер ғаламшары үшін ауаның маңызын түсінеді. Ауаның қасиеттерін (агрегаттық күйін, түсі, иісі, кеңістікті толтыруы, жылу өткізгіштігі) сипаттап айта алады. |
||||
Сабақтың барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы |
Жаңа топ құру Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Гүлмен тілек» (сергіту және топқа біріктіру) Тыңдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, жағымды ахуал қалыптастыру. Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады. Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі. 1-топ «Сары гүлдер» 2-топ «Көк гүлдер» 3-топ «Қызыл гүлдер» Жұмыс ережесін келісу
Ұ Жеке жұмыс. Су сөзін суретпен сәйкестендіру: Қызыл сызықпен – судың қатты күйі; Жасыл сызықпен – судың сұйық күйі; Көк сызықпен – судың бу күйіндегі түрі. Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)
Барлық жерде су бар. Оқушыларға суретке зер салып, не бейнеленгенін сипаттап беруін сұраңыз.
Сұрақтар қойып көріңіз: - Су қандай денелерде болады деп ойлайсыңдар? (Өзенде). - Өсімдіктерде су болады ма? Оларға су қайдан келеді? (Иә, өсімдіктерде су болады. Олар суды топырақ пен ауадан алады.) - Қандай өсімдіктерде су көп болады? Қай өсімдіктерде аз? (Жапырағы қалың өсімдіктердің суы мол, ал жіңішке жапырақтыларда аз.) - «Топырақта су болады ма, қалай ойлайсыңдар?» (Иә, құм қиыршықтарының арасында болады). Су тастарда болуы мүмкін бе, талдау жасаңыздар. «Тастарда су болады ма?» – деп сұрап көріңіз. «Тастар ылғал болады ма?» – деп сұрап көріңіз. Тіпті ең құрғақ заттарда да да су болатынын айтыңыз. Адам ағзасында су болатыны жайлы нақтылап айтып беріңіз. (Қан, тер– сұйықтықтар). Адам массасының үштен екі бөлігін су құрайтынын айтыңыз. Одан кейін ауадағы, бұлттағы, Күн мен Айдың құрамындағы су туралы талқылаңыздар. Тағы қайда су болатыны туралы сұрап көріңіз. Суды ішпей-ақ тұтынуға бола ма? (Көгөністер мен жемістердің құрамында су бар). ҚБ: бағдаршам арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау Судың жарамдылығы. Су тапшылығы бейнеленген суреттер көрсету арқылы оқушыларға сұрақтар қою.
- Суреттерден не байқадыңдар? - Жер бетінің қанша бөлігін су алып жатыр? - Неліктен кей жерлерде ауызсу тапшы деп ойлайсың? - Ащы су, тұщы су сөздерінің мағынасын қалай түсінесіңдер? - Адам сусыз қанша уақыт өмір сүре алады? - Адамдар қандай суды пайдаланады? Мұғалімнің түсіндіруі. Тұщы таза су – байлық. Жер шарындағы барлық судың 2% ғана тұщы, ал қалған 88 % ащы су. Тұщы суды тек адамдар ішу үшін ғана пайдаланады. Ауызсу – ішуге жарамды су. Дүниежүзінде тұщы суды пайдалану жыл сайын өсіп келеді, сондықтан әлемде ішуге жарамды ауызсудың жетіспеушілігі өзекті мәселеге айналды. Табиғи тұщы су көздерін таза ұстау, оны ластамау, тиімді пайдалану қажет. Қала тұрғыны тәулігіне орташа есеппен 150 л. жуық, ал ауыл тұрғыны 55 литрге жуық су жұмсайды екен. Бірақ көп су тұрмыста тектен-текке жұмсалуда. Әрдайым құбырдан аққан су қажетімізге қарай аға ма? (1 сағ – 12 л.24 сағ – 300 л) Зертте. Суды қалай үнемдеп пайдалануға болады? Топтық жұмыс. Оқушыларды бірнеше топтарға бөлу. Суды қалай үнемдеп пайдалануға болады? топта постер жасау және қорғау. |
«Гүлмен тілек» сергіту жаттығуы.
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толық тыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіруге арналған сұрақтар
Бағалау
Постер құрау |
|||
Сабақтың ортасы |
Ширату тапсырмасы. Қандай су пайдалануға жарамды? Суды қалай үнемдеуге болады? Ойлан. Жұптасып «Егер су болмаса, Жер бетіндегі тіршілік қалай өзгерер еді, сусыз тіршілік болуы мүмкін бе?» деген сұрақ жайлы талқылауды тапсырыңыз. «Су кімге қажет?» (Адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге). «Адам сусыз қанша уақыт өмір сүре алады?» (2-3 күн). «Түйе туралы не білесіңдер? (Ол шөлге өте төзімді жануар). Түйе сусыз 7-10 күн бойы өмір сүре алатынын айтып беріңіз. «Судың болмауы құм мен тастарға қалай әсер етеді?» (Оларға су қажет емес). Оқушылар сусыз өз өлкесінің қандай күйде болатыны жайлы әңгіме құрастырып немесе бейнелеп сурет салады. Сен білесің бе? Оқушылардан «Суды қандай мақсатта көп қолданасыңдар?» – деп сұрап көріңіз. Олар дене күтімі және үй тазалығы туралы ғана айтса, саяжайда не бақшада көргендері туралы сұрауға болады. Талқылау барысында оқушылар мәдени өсімдіктерді суару үшін көп су пайдаланатыны туралы қорытынды жасай алады. 1 килограмм картоп өсіру үшін 300 литр су жұмсалатынын айтып беріңіз
Дескриптор: Қандай су пайдалануға жарамды екенін біледі. Суды қалай үнемдеуді айталады. ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау |
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары. |
|||
Сергіту сәті «Жақсылық тамшысы» |
Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді. |
Оқушылар сергіту сәтін жасайды. |
|||
Сабақтың соңы |
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау» Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады. Галлерияда ой шарлау тапсырмасын орындау үшін бірінші берілген мәтінмен танысып алады.
Дескриптор:
ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау. Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Оқушыларға«Алма ағашы»кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді.
|
Оқулықтағы қосымша тапсырмалар.
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
«Нысана» кері байланыс парағы |
|||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. |
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз |
Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылат ын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. |
|||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||
|
|||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||||
йымдастыру

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген