Материалдар / шығарма
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

шығарма

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
468
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Рахмет, анашым!


Ана болу-өзін ұмытып, өмірін өзгеге арнау! Ана болу-қажырлы еңбек!

Анашым, мені өмірге әкеліп қана қоймай, ақ сүтін беріп қана қоймай, түн ұйқысын сан бөліп қана қоймай, жақсылыққа тәрбиелеп, күн-түн демей менің жайымды ойлап, өміріме бағыт беріп, қасым мен қабағыма қарап өсірді. АНА - құдіретті күш, АНА - ең қымбат адам. АНА - қасиетті есім. АНА - ең керек жан. АНА – қайраткер. АНА – өмір бастауы. АНА – бақыт! АНА-шексіз махаббат пен нәзіктікке толы біртұтас әлем. «Ана» деген сөз тікелей менің өміріммен байланысты. Тәрбиенің негізі де «ананың әлдиінен» басталады.

Жел жағымнан пана болған, жазда басымнан күн өткізбей, қыста тоңдырмай жылы ораған, анашым! Түнде шошып оянсам, менімен бірге шошыған, алыста жүрсем елеңдеп, тосып жүрер сағынып, жанымды жүрегімен сезетін, менің анашым! Осы эссені жазып отырып, көзіме тебіреністің ыстық жасы келді. Тебіренемін, толқимын, анама жақсылық жасауға тырысамын. Ішкі сырымды да тек анаммен бөлісемін, себебі мен үшін анадан артық сенімді дос жоқ. «Рахмет» деген сөзді әр күн сайын таңда ояна сала күбірлеп те айтамын, дауыстап та айтамын, мәнерлеп те айтамын. Алланың бергеніне, анамның бар екеніне күнде қуанып оянамын, анам өмір бойы қартайғанша қасымда болса екен деп тілеймін. Күнде таңертең жағымды дауысымен оятқаны мен жұмсақ алақанымен сипағаны мәңгілік бола берсе ғой шіркін! Дастарханы тамақтан толы, шәйнегі оттан түспеген, үйдің берекесі, әкемнің көмекшісі болған анамды еш уақытта ұмытпаймын! Сабақтан келгенде анам үйде болмай қалса, көңілім құлазып, бір нәрсе жетпегендей боламын, ішкен тамағым бойыма сіңбейді. Күлімдеген күлкісі мен әдемі жүзі менің жанымды жадыратады, отбасымды нұрға бөлейді. Жайлап қана сөйлеген тәлімді ақылы жаныма азық болады. Анамның бетін әжім баспаса екен, шашы ағармаса екен, жыламаса екен, сары уайымға салынбаса екен деп тілеймін. Ананың жүрегі сезімтал, бауыры жұмсақ, тілі мен сүті балдай емес пе? Менің анам сияқты барлық аналар да өз балаларына тек жақсылық сыйлайды. Балалардың барлығы да мен сияқты ана мейірімін көріп өссе екен деп тілеймін! Сонда мына әлемдегі зұлымдық атаулы түп тамырымен жойылар еді. Барлық адамзат анасын қартайғанда мәпелеп бағып, қарттар үйіне тастамаса, мына әлем молшылыққа толы болар еді. Рахмет айтпақ түгілі, анасын қартайған шағында көзін жәудіретіп қарттар үйіне тастап кету қазіргі заманның қасіретіне айналды. Болашақта ананың қасиетін ұғынатын ұрпақтар саны көбейсін! «Ата-анаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді...»

Шындығына келгенде анамыздың осы мейірбандығын пайдаланып, отызға келгенше еркелігін тыя алмай жүргендер бар. Ал, мен оларға жаным ашиды, неткен сәуесіздік десеңші?! «Мен анама бұл өмірде не көрсеттім? Көп уайымға салып қойған жоқпын ба?» деген сұрақтар мені жиі мазалайды. Ең болмаса қарызын өтемесем де, қабағына кірбің түсірмеуге тырысамын. Өмірдегі ең үлкен өкініш ананың өз баласының бір жақсылығын көрмей дүниеден өтіп кетуі деп білемін. «Анашым, рахмет!»-деуден кеш қалып қоймайық!

Жалпы діни ұғымда «Жұмақ ананың табанының астында», «егер ана қайғы шексе, періштелер де жылайды» деген сөздер бар. Ана туралы тебіренбеген адам кемде-кем шығар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың», «Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, соның өмірі ұзарады», «Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер», «Әкенің білек еті ауырады, ананың жүрек еті ауырады» деген сөздер мен «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды» деген өлең жолдары ана еңбегінің өлшеусіз екендігін білдіреді. Ана жүрегі саған төнген қауіпті де, саған қонар бақты да алдын ала жүрегімен сезіп отырады. Міне, ана қасиеттілігін осыдан сезуге болады. Бала мен ананың арасында магнит тәрізді тылсым табиғат күші бар.

Ана туралы нақыл сөздер де жетерлік. Қарап отырсам, мақал-мәтелдердің көбінде «ана», «шеше» деген сөздерді «қыз» сөзімен байланыстырып айтылған, себебі қыз бала-болашақ ана! Мысалы: «Анасын көріп қызын ал...», «Шешеге қарап, қыз өсер...», «Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без...» деген сияқты...Атам қазақ қыз баласын болашақ ана екендігін ұғындырып өсірген ғой.

Баяғы зұлмат замандарда да аналарымыз өз ұрпағын аман сақтап қалуы үшін, отбасының отын сөндірмеуі үшін, ар-намысы үшін күресе білді. Баласы үшін ана бармайтын құрбандық бар ма? Қолына қару алып, атқа қонған, трактор айдап, егін еккен, майдан үшін тылда жылы киім тоқыған, шахталарда көмір қазған аналардың арқасында біз осындай керемет өмір кешіп отырмыз. Ана болмаса, керемет өмір де жоқ. Бикен Мұнара мен Сырлы там, Тараздағы Айша бибі мен Баба әже, Сарысу өңіріндегі Белең ана мен Болған ана, Шымкенттегі Домалақ ана мен Қарлығаш ана, Мұрын ана, Қаз дауысты Қазыбектің анасы Қарқабат ана т.б. арнап салынған мәдени ескерткіштеріміз бар.

Қазіргі таңда да отбасындағы және қоғамдағы атқаратын қызметін қалтқысыз атқарып, қатар алып жүруі мені таңғалдырады. Менің анам - ең сүйікті адам. Ол - жұмыста да тамаша қызметкер, ал үйде нәзік жан. Кейде «анам қалай бәріне үлгереді?» -деп ойлаймын. Ананы қайраткер деп отырғаным осы.

Президентіміз жыл сайын 8 наурыз мерекесіне орай елге белгілі нәзік жандылармен ерекше кездесу ұйымдастырып отырады, сый-сияпат жасайды, құттықтайды, рахмет айтады. Мұндай елеулі күндер мен қолдаулар оларды әрі қарай жұмыс жасауда шабыттандырады. Мемлекет тарапынан аналарға жасалып жатқан қамқорлықтар жеткілікті. Әсіресе, көп балалы, жалғыз басты аналарға арналған жеңілдіктер көбірек болса екен.

Ғалымдардың зерттеулері бойынша бала үшін ананың сүтіне жететін тағам жоқ. «Алып анадан туады» дейді халқымыз. Ақындық та, жазушылық та, шешендік те бәрі-бәрі адам бойына ана сүтімен дариды екен. Қазағымда «адал сүт емген» деген сөз бар, бұл жақсы адамға айтылады. Қай тұлғаны алып қарасақ та, анаға бас имегені, ананы құрметтемегені жоқ. Зұлымдар мен қатыгездер де ақ сүт берген ананың алдында бас иеді. Жүсіп Баласағұн атамыздың «Құтты білік» еңбегіндегі ойлар ана сүтімен дарыған қасиетті дәстүрлер халықтың салт-санасынан нық орын алатындығы айтылған.

Анаға арнап өлең шығармаған ақын, анаға арнап ән шығармаған сазгер, анаға арнап күй шығармаған күйші, анаға арнап ойтолғау жазбаған жазушы жоқ шығар. Анаға арналған қандай шығарма да жаныңның қылын шертпей қоймайды, мені ерекше сезімге бөлейді.

Бұл өмірден жаманшылық көрме! Тек жайнап, жадырап жүре бер! Ақ сүтіңді емгеніме мен бақыттымын, тұла бойыңды шымырлатып ақ сүтіңді бергеніңе мың рахмет!

Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, сәбиінің жыламауын, соғыстың болмауын тілейді. Әлемді тербетер аналарға басымды иемін.

Тіршіліктің бастауы сіз-анашым,

Ақылдыны тәрбиелер данасың,

Жетілдіріп баласының санасын,

Жылы сөзбен баурап мені аласың.

Отбасынан іздеген тек жарасым,

Емдеп алар жүрегімнің жарасын,

Қорғай білген қиын кезде баласын,-деп ойымды қорытамын.



Байекеева Рысгул Биргалиевна

Ақшұқыр мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!