Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шығарма "Әрқашан күн сөнбесін!"

Материал туралы қысқаша түсінік
шығармашылық жинақтаушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әрқашан күн сөнбесін!

Әрқашан күн сөнбесін,

Аспаннан бұлт төнбесін.

Қасымда болсын мамам,

Болайын мен де аман!

Мен соғысты көрген жоқпын. Менің ата-анам да соғысты көрмеген. Ал атам болса, соғыс жылдарында дүниеге келген. Атамның айтуынша, арғы аталарым соғысқа қатысып, елін, жерін қорғаған. Олардың суреттерін көріп, батыр, батыл, қайратты адам қандай болу керек деген сұраққа жауап алам. Мен бейбіт өмірде алаңсыз өмір сүріп жатырмын. Менің алға қойған мақсатым – сабақты жақсы оқу, тәртіпті, тәрбиелі болу. Сыныптас достарыма үлгі болуға тырысамын. Ол үшін күнделікті үй тапсырмасын орындап, ұстазымнан білім аламын. Адам дені сау болу үшін спортпен айналысуы керек. Мен суда жүзумен айналысамын. Бұл туралы Абай атаның өзіміз жаттаған өлеңінде былай айтылады:

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма-жыл.

Біреу үшін үйренсең,

Біреу білмес, сен білсең,

Білгеніңнің бәрі – тұл.

Мен Қарағандыда тұрамын. Менің мектебімнің қасында Ұлы Отан соғысының Батыры Нұркен Әбдіровтың ескерткіші тұр. Ол ұшқыш болған. Соғыс жылдарында халқымызды жаудан қорғаған. Ел есінде сақтау үшін Батыр атында көше, ауыл бар. Сол сияқты Қасым Аманжолов та – осы жерден шыққан Батыр. Ақынға да өз халқы ескерткіш орнатты. Батыр атында ауыл бар. Ол – ақынның туып-өскен жері. Сол ауылда мен сияқты балалар білім алатын мектепте Батыр ақынның мұражайы бар.

Менің өлкем – көмірге бай ел. Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға көмір жіберді. Ол майдан үшін өте қажетті болды. Сол сияқты аса қажетті шұлықтар мен аяқ киімдер де Қарағандыдан жіберілді. Сөйтіп халық қауіпті жауға қарсылық көрсетті. Тарихтан белгілі, әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды. Батырлар жауға қарсы тұра білді. Ерліктің үлгісін көрсетті. Ол туралы фильмдер мен кітаптар көп дерек береді. Соның бірі – Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы. Жазушының «Қанмен жазылған кітап», «Соғыс қателікті кешірмейді» деген кітаптары үйімдегі кітап сөресінде тұр. Жазғы каникул кезінде ата-анамның кеңесімен осы кітаптардан әңгімелер оқыдым. Сонда мынадай үзінді бар: «Қазақ халқының ұл-қыздары да дұшпанға кек жіберген жоқ. Ғажап ерлік көрсеткен Төлеген Тоқтаров, Александр Матросовтан 13 күн бұрын жау дзотының амбразурасын өз денесімен жапқан Боран Нысанбаев, Николай Гастеллоның ерлігін қайталап, жанып бара жатқан самолетін жау танкілеріне қарай шүйілтіп, өлімге басын тіккен қырдың қыраны Нұркен Әбдіров»,- деп жазады. Міне, ерлік деп осыны айт! Батырлар есімін ұмытпас үшін мәңгі алау қойған. Менің үйім осындай мәңгілік алау жанып тұратын парктің қасында. Күн сайын мектепке бара жатып осы жермен өтемін. Адамдар ол жерге ерекше құрметпен қарайды. Үнемі гүл шоқтарын қояды. «Ел қадірін ер біледі, ер қадірін ел біледі» деген осы!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
2434
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12